1
біріктіреді. Жұмыс жабдығының гидросорғысы жол-құрылыс
машинасы қозғалтқышының механикалық энергиясын жұмыс
сұйықтығы легінің энергиясына айналдыру үшін қызмет етеді.
Тозудың орнын толтыру, жұмыс
сұйықтығының тістегершіктің
бүйірлері арасындағы саңылаулар арқылы ағып кетуін азайту және
болдырмау үшін сорғыда арнайы құрылғы қарастырылған.
1.1-сурет. Айналатын (а) және айналмайтын (б) қайырмалары бар
шынжырлы бульдозерлер:
1, 10 —
қайырма;
2 — көтергіш жақтау;
3, 13 — қайырманы көтеру-түсіру
гидроцилиндрлері;
4 — гидравликалық құбырлар;
5 — подшипник;
6 — көлденең тақтай;
7
—
итергіш білеу;
8, 14 — базалық трактор;
9, 16, 17 — қайырма пышақтары;
11 —көлбеу
итергіш;
12 — жақтау;
15 — шарнир
1
Жүріс құрылғысы элементтерін тарту контурына құбыр
желілерімен жалғастырылған гидросорғылар
мен гидромоторлар
кіреді.
Гидробак, радиатор, сүзгілер екі контурға ортақ жиналмалы
бірліктер қатарына жатады.
Сүзгілер жұмыс сұйықтығын механикалық қосындылардан тазарту
үшін қолданылады. Ағызатын сүзгі корпусының ішіне магнитті сүзгіш
элементтер, белгіленген қысымның түсіп кетуіне реттелген қайта
өткізу клапаны орналастырылған. Сүзгіш элементтердің ластануы
туралы машиниске белгі беру үшін сүзгілердің қақпағына ластануды
көрсететін
датчиктер орнатылады, олар белгі берген кезде машинист
кабинасындағы аспаптар қалқаншасында бақылау лампалары жанады.
Бұл тиісті сүзгі элементін алмастыру қажеттігі туралы хабар береді.
Датчиктер жұмыс сұйықтығының температурасы төмендеген кезде де
белгі беруі мүмкін екенін ұмытпау керек. Бұл жағдайда жұмыс
сұйықтығын қыздыру қажет, бұдан кейін бақылау лампалары сөнуі
тиіс. Сүзгінің ластануын көрсететін датчиктердің электр тізбегі үзілген
жағдайда да бақылау лампалары жануы мүмкін, яғни тиісті датчик
тізбегін қалыпқа келтіру талап етіледі.
Кейде қайырманың орнына
бульдозердің сырт жағына, кабинаның артына гидроцилиндрі бар
төртбуынды параллелограмм құрайтын қопсытқыш ілініп қойылады;
төртбуынды параллелограмм арқылы қопсытқыштың тісін көтеру
кезінде тік траекторияға жақын қалыпқа ауысады.
Бульдозерлердің дөңгелекті жүріс құрылғыларының құрамдас
бөліктері мен жиналмалы бірліктері шынжырлы жүріс құрылғыларына
ұқсас, бірақ жетекші белдіктері
мен рамалары құрылымында,
машинаны бұру элементтерінде айырмашылықтары бар. Қозғалтқышқа
рет-ретімен ілінісу муфтасы, артқы белдіктегі беріліс қорабы
тіркелген. Дөңгелекті жүріс алдыда жетекші оське тіреледі. Жетекші
белдікті тарту үшін беріліс қорабында айналысты кардан білігі арқылы
белдікке беретін таратушы бәсеңдеткіш орнатылған. Жұмыс жабдығы
элементтерін бекіту үшін белдік рамасы астында орындар
қарастырылған. Алдыңғы дөңгелектерді бұрауды басқару тұтқасы
арқылы жүргізіледі.
Бульдозерлерді одан әрі жетілдіру
мынадай басты бағыттар
бойынша жүргізіледі:
■
жаңа үлгілер жасау (әсіресе қуатты машиналарды) және сериялық
үлгілерді жаңғырту;
■
жөндеу өндірісінің қолданыстағы технологиясын жақсарту және
неғұрлым берік (тозуға төзімді) материалдарды пайдалану арқылы
сенімділікті арттыру;
■
машинаның
жұмыс
үдерісін
автоматтандыратын
және
машинистердің еңбек әдістерін жеңілдететін алдыңғы қатарлы
1
құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктерді қолдану;
■
бульдозер кабинасында жайлылық орнату, шу мен ластануды
азайту, басқару органдарындағы күшті
азайту арқылы
машинистердің жұмыс жағдайын жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: