17
9.1.
9-
тарау
ЖОЛ
ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС
МАШИНАЛАРЫНА
ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
МЕН
ЖӨНДЕУ
ЖҮРГІЗУ
КЕЗІНДЕГІ
ЕҢБЕК
ҚАУІПСІЗДІГІ
ЖӘНЕ
ҚОРШАҒАН
ОРТАНЫ
ҚОРҒАУ
Е
ҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР МЕН НОРМАТИВТІК
-
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
Жол және құрылыс машиналарына жөндеу жүргізу және
техникалық кызмет көрсетумен айналысып
жатқан жұмысшылардың
еңбек қызметі қалыптасқан өндірістік орта жағдайында жүзеге асады
және сол ортада гигиеналық талаптар орындалмаған жағдайда
жұмысшылардың жұмыс істеу қабілеті
мен денсаулықтарына теріс
әсер етуі мүмкін. Адамды қоршаған ортаның құрамдас бір бөлігі
ретінде өндірістік орта табиғи-климаттық факторлар мен белгілерден
қалыптасады. Ал ол белгілер өз алдына жұмысшының
кәсіби қызмет
түріне байланысты болады. Осындай факторлар мен белгілерді қауіпті
және зиянды деп атау келісілген.
«Қауіпсіздік және еңбек қорғау», «қауіпті және зиянды өндірістік
фактор», «өндірістік қауіпсіздік», «өндірістік санитария», «қорғаныс
құралдары», «жазатайым оқиға» ұғымдарының анықтамасы кітаптың
соңында камтылған терминдердің қысқаша сөздігінде келтірілген.
Жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуінің негізі болып, қызмет
көрсететін персоналдың тұрақты және уақытша жұмыс атқаратын
аймағы – машиналарды мақсаты бойынша қолдану зонасында
рационалды еңбек тәсілдерінің қауіпсіз
орындалуын қамтамасыз ету
саналады.
Жұмысшының (мәселен темір ұстасы) еңбек ету аймағындағы
жұмыс орны, қауіп көзі мен қауіп көзінің жанында жұмыс істеп
жатқан жұмысшыдан қауіпсіз (мүмкіндігінше рұқсат етілген)
арақашықтықта орналасуы керек. Жұмысшыға қауіпті және (немесе)
зиян өндірістік фактор әсер етуі ықтимал кеңістік қауіп-қатерлі аймақ
болып есептеледі. Аталмыш аймақта жұмысшыларға жүріп-тұруға,
жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Машиналарды жөндеу және оларға
техникалық қызмет көрсету