Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет90/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

17
 
кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың персоналға 
тигізетін әсерін төмендету немесе алдын алу үшін келесі талаптар 
орындалуы тиіс: 
■ 
жабдықтың қозғалатын бөлігі; 
■ 
құлайтын жүк; 
■ 
жұмыс аймағы іргесінің тегіс еместігі; 
■ 
жұмыс аймағындағы тозаңдылық және газдылықтың көтеріңкі 
деңгейі; 
■ 
жұмыс аймағындағы шу және дірілдің көтеріңкі деңгейі; 
■ 
жұмысшылардың физикалық және жүйке-психикалық жағдайының 
асқынуы және т.с.с. 
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат қорғауды күшейту 
мақсатымен бірқатар нормативтік-құқықтық актілер (заңдар) 
қабылданды. Сондай-ақ, жұмысты қауіпсіз жағдайда орындауды 
бақылауды ұйымдастыру және оны орындау, табиғи ресурстарды 
пайдалану, атмосфера тазалығын сақтау, сонымен қатар, қоршаған орта 
жөнінде және қауіпсіз тіршілік әрекеті үшін жауапкершілік деңгейін 
белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттар жүйесі қолға алынып, 
іске асуда. 
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты ұйымдастырылатын жан-
жақты шаралар мемлекеттік деңгейде қадағаланады, ол Ресей 
Федерациясы Конституциясының 42 және 58 баптарында бекітілген.
Адамдар, жануарлар мен өсімдік әлемі үшін жағымды экологиялық 
жағдайды қамтамасыз ету үдерісінде табиғатты қорғау жайындағы 
заңнама жүйесі, қоршаған орта жағдайын нормалау және экологиялық 
тәрбие мен білім беру өте маңызды рөл атқарады. Экология термині 
гректің oikos - «үй», logos – «ғылым» сөздерінен тұрады. 
Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, экологиялық 
және өрт қауіпсіздігі жайындағы нормативтік-құқықтық актілерге 
(заңдарға) төмендегідей Федеральды заңдар жатады: 
• 
1999 жыл, 30 наурыз, ФЗ-№ 52 «Халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 
• 
2002 жыл, 10 қаңтар, ФЗ-
№ 7 
«Қоршаған ортаны қорғау 
туралы» 
• 
1994 жыл, 21 желтоқсан ФЗ-№ 69 
«Өрт қауіпсіздігі туралы» 
Еңбекті қорғау жөніндегі заңнама Ресей Федерациясының еңбек 
кодексінде қамтылған. 
Талаптары машиналарды жөндеуге және техникалық қызмет 
көрсетуге жататын нормативтік-техникалық құжаттар мемлекеттік 
стандарттар (МС), Құрылыс нормалары және ережелері (ҚНжЕ), 
еңбекті қорғау жөніндегі салааралық Ережелер (ЕҚЕ ЖО), Ресейдің 
мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау ережелері (ҚЕ),
құрылыстағы методикалық құжаттар жиынтығын құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет