3-апта «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма» (18.07-22.07)
|
|
Алтын балық
|
Алтын балықпен балықтар патшалығына саяхат жасау.
«Балықтар әлемі», дәстүрлі емес сурет техникасымен салынған суреттер байқауы. Көркем шығарма оқып беру.
Аквариумдағы балықтарды бақылау, жем беру.
«Балық аулау» қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
|
18.07
|
Ойланайық, балақай!
|
«Жайдары жаз», ермексазбен жұмыс.
Жаз мезгілі туралы әңгімелесу арқылы балалардың түсінік-танымын кеңейту, алған білімдерін бекіту (кері байланыс).
Табиғатты бақылау.
|
19.07
|
Гүлдер күні
|
Гүлдер туралы әңгімелесу, жұмбақтар шешу.
«Құлпырған әлем» шығармашылық шеберханасының жұмысын ұйымдастыру, балалардың қалауы бойынша жеке немесе топтасып, әртүрлі материалдардың көмегімен бұйымдар жасауларына ерік беру. Педагог бақылап, қажет болса көмек көрсетеді (аппликация, оригами, квиллинг, жапсыру және басқа әдістермен). Жұмыстар дайын болғанда көрме ұйымдастыру, бір-біріне және ата-аналарына сыйға тартуға ұсыныс беру.
«Бағбан» сюжеттік-рөлдік ойыны, гүлзарларды, гүлбағын қопсыту, суару, тазалау.
|
20.07
|
Жәндіктер әлемі
|
Танымдық әңгіме.
Серуен кезінде табиғаттағы жәндіктерді бақылау, балаларға жетекші сұрақтар қоя
|
21.07
|
|
отырып, көрген-білгенін сұрау. Балалармен әңгімелесу, улы жәндіктердің суреттерімен таныстыру, олардан қорғану туралы айту.
Таза ауада ұлттық ойындарды ойнау: «Аударыспақ», «Соқыр теке», «Айгөлек», «Күш сынаспақ».
|
|
«Туған өлкем»
|
Баланың бойында туған жеріне, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімін ұялату. Ән тыңдатып, тақпақ айтқызу.
Балаларға туған өлке туралы естеліктерден үзінді айтып беру, бірге фотоальбомдар қарау, аталар мен әжелердің әңгімелерін тыңдау.
|
22.07
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |