Тақырып № 14. Өсімдіктердің су алмасу физиологиясы
Өсімдіктер тіршілігіндегі судың рөлі. Судың физико - химиялық қасиеті және құрлымы. Бос және байланысқан судың физиологиялық рөлі. Клеткаға судың сіңуі. Өсімдіктердегі су алмасудың көрсеткіштері: судың белсенділігі, су потенциалы, химиялық потенциалы, су потенциалының градиенті, сорғыш күші. Топырақ – өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуші орта. Топырақтардың суды ұстаушы күші, солу коэффициенті. Топырақ суының күйі мен формасы. Өсімдіктердің суды сіңірудегі сыртқы ортаның әсері (ертіндінің рН, температура, ылғалдылық, оттегі). Тамыр жүйесі арқылы судың сіңуі. Тамыр жүйесі арқылы судың тасымалдануы. Тамыр қысымы. Судың тасымалдау және оны реттеу. Өсімдіктердегі транспирация ылғалдылықпен темпералура факторларының әсері. Ксилема бойымен судың тасымалдануы. Устьица және кутикула арқылы судың булануы Тепе – теңдік күйін сақтаудағы су буланудың маңызы. Антитранспиранттар. Устьицалық аппаратардың жұмысына сыртқы және ішкі ортаның әсері. Әртүрлі экологиялық топтардағы (ксерофитті, мезофитті, гидрофитті) өсімдіктердің су алмасудағы ерекшкліктері. Су өсімдіктерінің су қоймаларын тазартудағы және батпақты жерлерді құрғатудағы маңызы. Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су тапшылығына бейімделу табиғаты. Ауылшаруашылық өсімдіктерін суландырудың физиологиялық негізі, Су алмасудағы экологиялық – физиологиялық негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |