«Журналист социологиясы мен психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 18. 09. 2013 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет25/55
Дата27.09.2022
өлшемі0.68 Mb.
#461437
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
«Журналист социологиясы мен психологиясы» п ніні о у - дістемел

1. Ымырашыл топқа жататын оқырман мәтін авторының ой-пікірімен келісе отырып, ондағы ақпаратты немесе ұсынысты қабылдауға дайын екендігін білдіреді, сөйтіп, мақалаға арқау болған проблемаға қатысты өзіндік ой-пікірін де ұсынады.
2. Шартты түрде даукестер деп аталатын топқа адресантпен қайткен күнде де келіспеуді мақсат ететін, мақала авторының әрбір сөзінің астарына үңіліп, оны жағымсыз мәнде интерпретациялауға ұмтылатын оқырмандар жатқызылды;
3. Бейтарап оқырмандар тобын газетті уақыт өткізу үшін парақтайтын, ондағы материалдарға көз жүгіртіп шыққанымен, ден қоймайтын, оны талдап-саралап жатпайтын пассив адресат құрайды;
4. Төртінші топқа жеке бас мүддесін бәрінен жоғары қоятын, өзінің немесе отбасының әлеуметтік жағдайына тікелей қатысы бар проблема жайында сөз қозғалған мақалаға ғана көңіл бөлетін, өз шеңберінде ғана қалуды жөн көретін шектеулі оқырмандар жатқызылды.


Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамдық санадағы стеротиптер дегеніміз не?
2. Құжаттарды зерттеудің негізгі әдістерін атаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы.,1990.
2. Буданцев Ю.Г. Социология массовой коммунации. М.,1995.
3. Габдуллина К.Г. Социология и социальная жизнь. Алматы., 1996.
4. Баркер А. Как еще лучше... управлять людми. М.,2002


9-дәріс
БАҚ және ПР қарым-қатынас психологиясы
1 Позитив және негатив бағыттағы PR мәтіндер

2 PR этикасы және кәсіби стандарты


Қазіргі кезеңді  ақпарат  заманы деп атау орнықты. Осыған орай бүгінгі қоғамдағы ахуалды бірнеше кеңістік құрайтынын айтуымыз керек. Соның бірі – БАҚ қызмет ететін ақпараттық кеңістік индивидтің когнитивтік кеңістігіне әртүрлі тәсілдермен енеді. Әсіресе адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін әсер етудің қосалқы коммуникативтік технологиялары болып табылатын үгіт-насихат пен жарнаманың рөлі айрықша маңызға ие. Сондай-ақ көппартиялық саяси жүйеге көшкен Қазақстанның саяси құрылымында PR (паблик рилейшнз) бүгінде аса қуатты саяси тәсілге айналып отыр.
Жалпы «паблик рилейшнз» тіркесінің тікелей мағынасы жұртшылықпен байланыс дегенді білдіреді. Қазіргі басқару қызметінде онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Әсіресе басқару, ұйымдастыру, қоғаммен тікелей байланыс жасау салаларының қызметкерлері үшін оның маңызы зор. Өйткені серіктестерімен, тұтынушылармен өзара түсіністікке қол жеткізіп алмай басқару қызметін жүргізу мүмкін емес. Ал билік пен партия қызметтеріне қатысты алғанда бұл проблема өткірлене түседі. Себебі халық арасынан шыққан ондай өкілдер сол көпшілікпен тығыз байланыс орнатпай ешбір табысқа жете алмайтыны белгілі. Сонымен PR шын мәніндегі стратегиялық коммуникация болып табылады. Онда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралар ұзақ уақытқа жоспарланады, қандай да бір ұйымның немесе жеке тұлғаның мүддесін көздейтін ақпараттық басымдықтар айқындалады. Сөйтіп PR басқару процесінің маңызды бөлігіне айналады. Осы жұртшылықпен байланысты жүзеге асырушы ақпарат көздерінің бірі – мерзімді баспасөзде жарияланған материалдарды автордың прагматикалық ұстанымына, көтеретін тақырыбына, қамтылатын деректердің алуан түрлілігіне, мақсатты түрде бағытталған аудиториясының сипатына, сондай-ақ қоғам өміріндегі жалпы халықтық, халықаралық т.б. шаралардың қарсаңында немесе олардан кейін, яки жариялану уақытына сәйкес позитив және негатив бағыттағы PR мәтіндер деп бөлуге болады. Әсіресе «үлкен ойын» саналатын саяси сайлаулар науқаны кезінде электораттың басым  бөлігін   өз  жағына шығару мақсатымен сайланушы азаматтардың, үміткерлердің сенімді өкілдерінің осындай PR мәтіндерді БАҚ-тың барлық түрлері бойынша «қарша борататыны» жасырын емес. Тіпті жеке тұлғаның көпшілік талқысына түспеуі тиіс саналатын проблемалардың өзі мұндайда жұрт назарына ашық ұсынылатыны жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда құптарлық емес.
Саяси коммуникация жүйесі белгілі бір саяси мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамдық санаға әсер ету құралдарынан тұрады. Зерттеуші Б.С.Ахатованың айтуынша, саяси коммуникация мынадай құрамдас бөліктерден: 1) саяси PR; 2) саяси үгіт-насихат; 3) саяси жарнамадан тұрады. Саяси PR көпшіліктің белгілі бір саяси субъектіге (саяси партия немесе қайраткер) деген сенімін қалыптастыру мақсатымен ұзақ уақытқа жоспарланады; 2) ал саяси үгіт-насихат сол қалыптасқан сенім негізінде саяси мінез-құлықтың белгілі бір типін жасау үшін қоғамдық санаға нақты саяси идеяларды сіңіреді; 3) ал саяси жарнама электораттың сол үгіт-насихат ықпалына түскен бөлігін «дұрыс таңдау жасауға» шақырады, яғни нақты бір саяси партияға немесе оның көшбасшысына дауыс беруге үндейді. [20,110] Осылардың ішінде көпшілікке тікелей және күшті әсер ететін жарнама мен үгіт-насихатқа қарағанда PR-дың коммуникативтік ықпалы әлсіздеу болады. Бірақ жоғарыда аталған негатив PR материалдары туралы былай дей алмаймыз. Қандай да бір үміткердің кандидатурасына қарсы пікір туғызу үшін бейәдеп, заңға қайшы, лас технологияларды қолдана отырып мұндай «қара PR» көпшілікке жарнамадан да қатты әсер етеді. Онда ақпарат бұрмаланады, кейде жалған мәліметтер беріледі, бәсекелес субъектіге әртүрлі жала жабылады, тіпті арандату әрекеттері де жоспарланады. Түптеп келгенде, мұның барлығы да «жұртшылықпен байланыс» деген ұғымды білдіретін PR-дың шынайы мән-мазмұнына қайшы әрекеттер болып табылады. Мәселені кеңірек аяда қарастырсақ, бұл тіптен ұлттық намысты қорлайтын келеңсіздіктер деп бағаланады.
Аталмыш екі түрінің ішіндегі негатив мәндегі PR-мәтіндер аудиторияның назарын көбірек аударатындықтан басылымдар да ондай материалдарды көптеп жариялауға ынталы деуге болады. Яғни негатив мәнді PR-мәтінді көбейткен сайын газет  таралымы  да, соған сәйкес танымалдығы да арта түседі.
Қазіргі газеттердегі негатив мәндегі PR-мәтіндердің өзін іштей 1) агрессивтік сипаты басым, журналистік этиканы ескермейтін және 2) мақала кейіпкеріне ашық агрессия көрсетпейтін, журналистік этика ережелерін сақтай отырып жазылатын, жағымсыз теріс пікірлерін ашық түрде емес, бейтарап формада беретін мәтіндер деп бөлуге болады.
Көріп отырғанымыздай, бүгінгі баспасөзді Кеңес үкіметі кезіндегі цензуралық БАҚ-тан ерекшелендіретін айрықша белгілердің бірі – осы PR-мәтіндерінің актив қолданылуы. Мұның өзі сөз бостандығы, ой еркіндігі сияқты ұғымдардың қазіргі оқырман үшін үйреншікті қолданыстарға айналғандығын дәлелдейді. Қазіргі қазақ газеттерінің кез келгенінен PR-мәтінді кездестіруге болады, бірақ «Егемен Қазақстандағы» PR-мәтіндер негізінен жағымдылығымен, оң пікірлерге негізделгендігімен сипатталса, «Жас Алаш», «Ақ Жол Қазақстан», «Апта-kz» басылымдарындағы PR-материалдар сынап-мінеуге, объектіге алынған PR-субъектінің кемшіліктерін баса көрсетіп, аудитория алдында беделін түсіруге, ол жайында теріс, жағымсыз көзқарастар қалыптастыруға бағытталатындығы байқалады. Біз мұндай мәтіндерді «саяси ойында» теріс мақсатта қолданылатын тәсіл деп табуды жөн көрдік. Өйткені PR-ақпараттарды теледидар арқылы тарату үшін PR-субъекті эфирден көрсетіліп, PR-ақпарат аудитория алдында негізделіп, дәлелденуі тиіс. Ал қағаз арқылы, жазбаша формада таралатын PR-ақпаратқа мұндай  талаптар  қойыла бермейді. Мұндағы ақпараттың шынайылығы,  растығы  фотосурет арқылы ғана дәлелденуі мүмкін, бірақ бұл – міндетті шарт емес. Осы жағдай да PR-ақпаратты тарату үшін ең қолайлы БАҚ түрі ретінде газеттердің таңдалуына себеп болады.

PR этикасы және кәсіби стандарты


Қоғаммен байланыс саласы – барлық салалармен тығыз байланысты. Әрбір салада қалыптасқан мінез-құлық қағидаларымен кәсіби біліктілік деңгейі бар. Осындай қағидалар мен шарттардың жиынтығын әдеп немесе этика деген жалпылама атаумен атаймыз.Этика кәсіби моральдың құрылымын зерттейтін ғылым, моральдық нормаларды ұстану – ең бір қажетті қасиет.Қай салада қызмет етпесін адам ең алдымен адамгершілік қағидаттарын берік ұстанып,еліне қызмет ете білуі керек. БАҚ арқылы қоғамның көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады. Қойылатын
моральдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет. PR маманы өзінің жұмысын алға бастыру үшін көзбояушылыққа, екіжүзділікке, сатқындыққа жол бермеуі тиіс. Қоғаммен байланыс орнату барысында тілі майда, сөзі жұмсақ, жүзі жайдары болуы керек. Сонымен қатар, PR маманы барлық әдеп нормаларын меңгерумен қатар үлкен психолог бола білуі керек: қоғамда әртүрлі адамдар, адамадар тобы болады, әртүрлі пікірлер мен мінездер тоғысып отырады, ал ПР маманы осы механизмді басқарып отыратын тетікке айнала білуі керек. Осы мақсатқа қабылданған кодекстер қызмет етеді. Алайда, егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі PR маманының аяқ-асты тап болған
оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек PR маманының кәсіби этикасы мен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін. PR маманының этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан
оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі PR маманына моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді. PR маманы этикасының қалыптасу негізіне келсек, ол өз халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық
мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс. PR маманы - шындыққа сүйене отырып, дұрыс мәліметті халыққа жеткізуші. Пиар маманының мінез – құлқы мен әдебінің жоғары дәрежеде болу маңыздылығы оның атқаратын қызметі мен үнемі қоғаммен
байланыс пен қатынаста болуымен анықталады.PR маманының атқаратын функциялары:
v Жазу машығы
Шешендік өнер
БАҚ-пен қарым қатынас
Зерттеу жүргізіп отыру
Маркетингтік қарым-қатынас
Тұтынушымен,мемлекетпен,қоғаммен,инвесторлармен қарым-қатынас
PR-ға қатысты заңдарды түсіну, өзгерту,анализ жасау
Веб - сайттар жасау және жаңа медиамен жұмыс жасау
v Іс-шаралар өткізу.
Пиар мамандары бірінші кезекте, жемқорлыққа бармайтын, көрсеқызарлық қасиеті жоқ, халықтың мүддесі мен қамы үшін қызмет атқаратын адал азамат немесе азаматша болуы тиіс. PR-маманының кәсіби мінез-құлқының кодексі түрлері:
1961 ж. – Кәсіби мінез-құлық және этика Кодексі
1965 ж. – тарихқахалықаралық Publik Relations (IPRA)ассоциациясының моральдық кодексі ретінде енген Афина кодексі, 1968 ж. Тегеранда өзгертілген.
1978 ж. – ПР саласында қызмет ететін тұлғалардың кәсіби біліктілігінің стандарттарын анықтап берген ПР-дағы кәсіби мінез-құлықтың Лиссабондық (Еуропалық) кодексі , 1989 ж. толықтырылған.
2001 ж. – қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық талаптар туралы Ресейлік кодекс Қоғаммен байланыс саласы бойынша Халықаралық Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық Кодексі Кодекс 1961 жылы Венецияда Халықаралық ассоциацияның бас ассамблеясында қабылданған.Бұл кодекс ассоциацияның барлық мүшелеріне міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет