«Журналист социологиясы мен психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 18. 09. 2013 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Журналистік зерттеуде псиологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы



бет31/55
Дата27.09.2022
өлшемі0.68 Mb.
#461437
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
«Журналист социологиясы мен психологиясы» п ніні о у - дістемел

Журналистік зерттеуде псиологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы. Журналистік зерттеуде ең алғашқы қадам – айғақтаманың гипотезасын жасақтау. Гипотезаны жасақтау айғақтаманың ең маңызды сәттерінің бірі. Айғақтама гипотезасы деген ұғымның астарында келеңсіз оқиғаның не себепті орын алғанын, оған не және кім түрті болғанын, оған кімнің мүдделі екенін ойша болжалдау міндеті жатыр. Журналистикада гипотеза кейде болжам, бағам, версия деп те айтылады. Олардың айырмашылығы қандай? Версия да, гипотеза да болжалдау. Ал болжам версия мен гипотезаға қарағанда тек болашаққа қатысты ғана айтылатын болжалдау. Гипотеза мен версия болашаққа қатысты да, өткен шаққа қатысты да айтыла береді. Версия ұғымы гипотеза көп болған жағдайда айтылады. Ал гипотеза деген бір ғана тоқтамға тірелгенде қолданылатын ұғым. Журналист гипотезаны алға тарта отырып журналистік айғақтаманың қандай бағытта жүретінін бағдарлайды. Гипотезаны құрастырудың классикалық әдісі «Бұл жағдайды жасау кімге тиімді болуы мүмкін» сұраққа жауап іздеуден басталады. Мысалы, журналист ақпарат көздерінен белгілі бір зауыт улы қалдықтарды жергілікті жердегі ашық қоқыс тастау орнына төгуге рұқсат алды деген мәлімет естіді. Бұл әрекет қоршаған ортаны қорғау туралы заңға қайшы болса да компания белгілі бір жергілікті басқарушы шенеуніктен рұқсат алған. Басқаша айтқанда, шенеунік өз қызметін асыра пайдаланып заңды аяққа таптап, заңға қайшы әрекетті жасауға рұқсат берген. Осыдан келіп, журналист төмендегідей гипотезаларды алға тартады:
1) Кәсіпорын заңға қайшы келетін болса да өз қажетілігін қанағаттандыра алды, себебі сол кәсіпорынның басшыларының бірі жергілікті атқарушы биліктегі шенеуніктердің бірімен туыс, таныс немесе бір партияда тіркелген, т.б.;
2) Жергілікті атқарушы биліктегі шенеуніктердің бірінің компания акциясынан немесе оның пайдасынан үлесі бар;
3) Шенеунік белгілі бір ортақ таныстары арқылы компания иелерінен пара алған.
Осы сияқты гипотезалардың біріне сүйене отырып, журналист өзінің бар күш-жігерін ақпарат алудың белгілі бір арнасына бағыттай отырып жұмсайды. Бұл журналистің еңбегін зая кетірмейді, журналист өзінің нақты белгіленген бағытына қарай нық сеніммен қадам басады. Мұндай жағдайда журналист аз уақыт жұмсап үлкен нәтижеге қол жеткізеді.
Гипотезаны тексеру сәті журналистік айғақтаманың ең көп еңбекті талап ететін кезеңі және осы сәт журналистік айғақтаманың әрі қарайғы тағдырын шешетін шешуші кезең. Өйткені гипотезаның өзі тексеруден тыс жеке тұрып журналистік айғақтаманың аяғына дейін жүргізілуін қамтамасыз ете алмайды. Гипотеза бар болғаны болжал ғана. Осы гипотезаны тексеру мақсатында ақпарат, керекті фактілер мен дәйектемелер жиналады. Осы дәйектердің негізінде журналист бұл айғақтаманы әрі қарай жалғастыруға болатыны немесе тоқтатылатыны жөнінде шешім қабылдайды. Гипотезаны дәлелдеу үшін журналист ақпарат көздерімен жұмыс істеуді бастайды. Алдымен ақпарат көздерінің тобын жасақтайды да, сосын оларға шығудың амалын қарастырады. Ақпарат көздерінің қайсысымен бірінші жұмыс істейтінін журналист гипотезаның қайсысына көбірек сенсе содан бастайды. Журналистер көбінесе гипотезалардың бәрін бір уақытта қатар тексереді. Олардың біреуінің салмағы басып кеткенге дейін, яғни оның бірінің рас екендігін айғақтайтын бұлтартпас дәйек табылғанша бәрін қатар зерттеуді тоқтатпайды.
Телевизиядағы журналистік айғақтамалар жүргізудің құрылымын былай жіктеуге болады:

- Ақпаратты жинау және сұрыптау кезеңі;


- бейнеқатарды түсіру кезеңі;


- мәтін жазу кезеңі;


- монтаждау кезеңі.


Алдымен ақпарат жинау кезеңі жөнінде. Ақпарат дегеніміз – факт. Факт (латын тілінен аударғанда faktum -жасалған, болған деген ұғымдарды білдіреді) дегеніміз – шын мәнінде бар, ойдан шығарылмаған, шынымен орын алған, теориялық жалпылауға негізделген құбылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет