Бақылау сұрақтары:
1. Үгіт- насихаттың танымдылық және ақпараттық қызметін айтыңыз.
2. Дезинформация" терминінің мағынасын түсіндіріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.
2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.
3. Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.
4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.
14-дәріс
Тыңдау өнері
1 Сөйлеуші мен тыңдаушылар арасындағы байланыс
2 Тыңдаушының қабылдау ерекшелігі
Тыңдау өнерін кәсіби деңгейде дамыту және табысқа жету. Сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы кедергілер. Өз-өзіңді тыңдау. Тыңдаушылық қабілеттерін жетілдіру. Сөйлеушінің және тыңдаушының әсер ету технологиясы.
Адресаттың айтылған сөзді ұғынуы тек тілдік құзіретпен шектелмейді. Сөйлеушінің интонациясын, пресупозициялық, аялық білімін, уақиғаны, т.б. салыстыра отырып, коммуникатордың коммуникативтіктілігін зерделеуі (интерпретациялауы) коммуникативтік құзіреттілікке жатады. Адресант өз сөзінің тигізер ықпалын болжай отырып, өзінің түпкі мақсатына жету үшін тыңдарман/оқырманның қабылдауына тиімді баяндау стратегиясын ойластырады және адресаттың білім дүниелерімен санасады.
Сөз субъектісінің мәртебесі қарым-қатынас мақсатына, адресаттың кім екендігіне қарай, қарым-қатынас жағдайына қарай өзгеріп отырады. Автордың қайсыбір құбылысты (затты, уақиғаны т.б.) өзіндік көзбен көруі, оған баға беруі, оған қатысуы, қысқасы, өзін көрсетуі адресатқа ықпал етудің бір тетігі. Ал автордың “өзіндік беті” болмаса, мәтін “иесіз” қалып, ажары солғындай түседі. Сөздің бұлайша “иесізденуі” адресаттың қызығушылығын бәсеңдетеді. Керісінше, адресанттың өз пікірін көрсетуі, оның жеке тұлға ретіндегі сапасының шынайылығын таныта түседі. Ал мұның өзі сөз актісі теориясындағы кооперация принципі бойынша адресатты өзімен ынтымақтаса түсуіне әсер етеді
Сөйлеуші мен тыңдаушылар арасындағы байланысты жүзеге асыруда “біз” – “сіздер” есімдігі ерекше қызмет атқарады. Біз сіздермен біріге отырып, өздеріңізбен ойласа келе, өздеріңіз көз жеткізгендей, бірге ойласып көрейік т.б. тәрізді есімдікті құрамалар белгілі бір мәселені бірлесіп ойластыру сияқты эффект туғызады. Бұл тәсіл (“біз – сіз”) сөйлеуші мен аудитория арасындағы “қашықтықты” жақындастыра түседі.
Өздеріңіз байқағандай, өздеріңізге мәлім, өздеріңіз айтқандай, өздеріңіз көз жеткізгендей т.б. тәрізді қыстырма құрамалар сөйлеуші мен тыңдаушылар арасындағы байланысты жүзеге асыруға, әрі қарай күшейте түсуге қызмет етеді. Еске түсіріңіздер, оқып көріңіздер, ой жіберіп байқаңыздар, өздеріңіз шешіңіздер т.б. тәрізді бұйрық тұлғалы етістік құрамалар белгілі бір ой-пікірге тыңдаушыларын “авторластыру” тәрізді эффект тудырады.
Сөзді диалогтендіру шешеннің аудиториямен байланысын өрістете түседі. Адамның әуел бастан ойлау табиғаты диалог іспеттес. Диалог – болмысында, жаратылысында табиғи құбылыс, ал монолог – болмысында қолтума құбылыс. Монолог қолтума дүние болғандықтан, сөйлеуші оған біраз жаттығуы керек. Тыңдаушы тарапынан монолог сөз түрін, диалогке қарағанда, қабылдау, түсіну “күшке” түседі. Тыңдаушы монологке біраз ден қойып, азды-көпті ойға салмақ салуы қажет. Тыңдаушы үшін осындай біршама қиындықты тәжірибелі шешен жеңілдету үшін дискурсқа диалог элементтерін ендіру тәсілін қолданады, яғни сөзді диалогтендіреді. Мысалы, қандай қиындық? сіздер мен біз ойланып көрейік; – жауабын айта аласыздар ма? Әрине, жоқ тәрізді “сұрақ – жауап” тәсілі сөзді диалогтендірудің ерекше тиімді тәсілі. Сөйлеуші бұл жерде аудиториядан жауап күту үшін сұрақ қойып отырған жоқ, сөзге диалогтік сипат беріп тыңдаушылардың “жай-күйін” жеңілдетіп отыр.
Сөзді диалогтендірудің тағы бір тиімді тәсілі – сөйлеуші өзін қарсы жақтың, оппоненттің, тыңдаушылардың орнына қойып сөйлейді. Бұл жерде қарсы жақтың, оппоненттердің ойын, тыңдаушылардың ойында тұрған нәрсені жұртшылық айқын аңғаратындай етіп беру керек. Бұл, әрине, шеберлікті қажет етеді. Шешен сөзге төселудің нәтижесінде шеберлікке қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |