ҚОРЫТЫНДЫ
Адам баласы барлық білікті сыртқы бес мүшесімен алады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп, тілмен татып, денемен сезіп.Сондықтан баланы оқытқан уақытта бұл бес мүшелердің барлығын бірдей тәрбиелеу керек. Бірқатары тәрбиеленіп, бірқатары тәрбиеленбей қалса, ол балаға зор кемшілік келтіреді. Адам балалары бір нәрсені білуде түрлі –түрлі болады. Біреу есіткенін ұмытпайды, біреу көргенін ұмытпайды, біреу татқан дәмін ұмытпайды» - деп бала тәрбиесі жөнінде М. Байбақ жазды. Жалпы алғанда бүгінгі таңдағы еліміздің арналарында кішкентай көрермендердің бағдарламаларының сапасының төмен болуына не себептен болып отыр дегенге тоқталар болсақ, оның бірнеше себептерін атап өтуге болады:
1.Балалар журналистикасы дамымай отыр. Жасыратыны жоқ, қазақ журналистикасында балалар журналистеріне менсінбеушілік көзқарас бар. Сондықтан да болар, көптеген журналистерді қаржылық пайдасы мол жарнама, шоу-бизнес, немесе экономика, саясат мәселелері көбірек қызықтырады да, кішкентай көрермендердің қызығушылығы шетте қалып қояды.
2.Аудиторияны зерттеу жағы жеткіліксіз. Кез келген бағдарлама ашыларда, оны кімдер көреді, қандай бағытқа арналады, бағдарламада нендей мәселелер көрерменнің көкейінен шығады, және оны қалай бергенде көпшіліктің көңілін аударатындай әсер қалдырады деген мәселер көп зерттеле бермейді. Мәселен, Америкада ВВС компаниясы кез келген бағдарлама ашардың алдында өздерінің концепцияларына қарай алдын-ала телефон арқылы немесе сауалнама жүргізу арқылы, болмаса алғашқы нұсқасын, яғни пилотнигін шамалы аудиторияға көрсетіп, олардың пікірін білу арқылы деген секілді көптеген тәсілдерді пайдалана отырып, жобаны әзірлемес бұрын арнайы зерттеу жүргізіп алады.
Бұқаралық ақпарат құралдары адам баласы үшін дүниетанымдық тұрғыдан қосымша әлеуметтендіруші құрал ретінде қарастырылады және ол соған қызмет етуде. Демек, олар адамзаттың дүниені танып-білуінде, қосымша білім алуында үлкен рөл атқарады. Бірақ БАҚ-тың, соның ішінде теледидардың көрермендерді өзіне тәуелді ету ықпалының өте жоғары екенін ескере отырып, одан берілетін қандай да бір бағдарламаның көрерменді әртүрлі сезімде ұстау мүмкіндігін де әсте естен шығаруға болмайды.
Шынында да, аталған арнадан көрсетілетін мультфильмдердің мазмұнына мән берсеңіз, бала жүйкесіне әсер ететін жайттар өте көп. Осы мультфильмді көріп отырған бір бала құбыжық бейнелі кейіпкер жөнінде анасына сұрақ қойыпты. Ол сұрақ басты кейіпкердің дене бітіміне байланысты болған, мысалы, басты кейіпкердің (мультфильмнің аты айтып тұрғандай ит пен мысықтың) денесі бірігіп кеткендіктен, оның дәрет сындыруы қалай жүзеге асырылатыны бала үшін түсініксіз. Егер педагогикалық тұрғыдан балаға өтірік айтуға болмайтынын ескерсек, анасы жаңағы сұраққа қалай жауап беруі керек?
Қысқасы, кейінгі кезде балаларды теледидар хабарлары мен әртүрлі бағдарламалары тәрбиелеуде. Осыған байланысты белгілі жазушы С.Елубаевтың “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақаласына назар аударсақ: “...Бүгінде экран — әсіресе, телеэкран адамзаттың негізгі ақпарат көзі. Газет, кітап ондаған, жүздеген мыңға жетпей шаршап-шалдығып жатса, заманауи экран құлашы кең, ол ондаған, жүздеген миллионды бір-ақ қармайды. Демек, қазіргі ұлт үлкен экранды игермей, замана додасына төтеп бере алмақ емес. Тілден бастау алатын ұлттық санаға ие болғыңыз келсе, үлкен экранға ие болыңыз. Кино мен телевидениеге ие болыңыз”, дейді. Бұл пікірден түйетін бір ой — бүгінгі күні телеарналардағы кейбір бағдарламалар балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп о Жоғарыда айтылған мәселелердің қай-қайсы да енді ғана қалыптасып, дамып келе жатқан мемлекет үшін көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, жетпіс жылдан кейін тәуелсіздіктің арқасында ана тілімізге, ұлттық дәстүріміз бен салт-санамызға жан-жақты мән бере бастағанда, жаһанданудың кері әсерінен немесе балаларға уақытында дұрыс бағыт бермеуден оны қайта жоғалтып алу қаупі бар. тырғандығы.
Достарыңызбен бөлісу: |