63
жұмыстары ұзақ уақытты жəне үлкен материалды-техникалық қаражатты
талап етеді. Сондықтан скважиналардың жұмыс істеу мерзімі сол кен орынды
игерумен тең болу қажет, яғни шамамен 40-50 жыл. Пайдалану
скважиналарында қолданылатын жабдықтардың сапасына қойылатын негізгі
талап, олардың сенімділігі.
Скважина құрлысына жəне оның жабдықтарына қойылатын талаптар
оны пайдалану шартымен анықталады, негізгі шарт кен орнының геологиялық
ерекшелігі жəне скважинаны пайдалану режимі болып табылады.
Пайдалану скважиналары бағаналарының геометриялық формасына
байланысты екі түрлі болады:
тік жəне
көлбеу.
Скважина үш негізгі бөліктен тұрады – сағалық, бағаналық жəне сүзгілік
(фильтрлік). Əр бөлік сəйкесті жабдықтармен жабдықталады:
тізбек басы,
бағыттауыш, кондуктор, пайдалану тізбегі, сүзгі (фильтр). Скважинаның ең
төменгі шегі
түбі деп аталады.
Пайдалану скважиналарының бағаналық бөлігі концентрлі орналасқан
тау жынысына цементтелген шегендеуші құбырлар тізбегінен құралады.
Соңғы, яғни ішкі шегендеуші құбыр тізбегі пайдаланушы деп аталады жəне
пайдалану объектісі – қабатты скважина сағасымен қосуға арналған.
Скважинаның сыртқы шегендеуші құбырлар тізбегі бағыттауыш –
түсіріледі жəне оның сыртқы беті цементтеледі. Бақыттауыш тізбегінің ішіне
кондуктор шегендеуші құбырлар тізбегі түсіріледі. Кондуктор барлық
ұзындығы бойынша цементтеледі.
64
Кондуктор жəне пайдалану тізбектерінің ортасына
техникалық немесе
аралық деп аталатын шегендеуші құбырлар тізбегі түсірілуі мүмкін. Олар
скважинаны бұрғылау барысында технологиялық функциялар атқарады. Саны
жəне түсіру тереңдігі бұрғыланып өткен тау
жыныстарының геологиялық
ерекшеліктеріне, скважина тереңдігіне жəне тізбек басына іліну
технологиясына байланысты анықталады.
Тізбек басы кондукторда жабдықталады, ал кондуктор техникалық жəне
пайдалану тізбектерін бір жүйеге қосады жəне скважинаға түсірілетін
жабдықтарға жəне сағаға орнатуға арналған жабдықтарға база ретінде қызмет
атқарады. Пайдалану скважиналарының жалпы құрылысы 5.3-суретте
көрсетілген.
Себебі, скважинаға көп көлемде сұйық айдауда немесе арнайы
қондырғылар түсіруде ол сорапты қондырғысының берілісін азайтады. Сол
себептен скважинаны бұрғылау барысында скважина тізбегін үнемдеп кіші
диаметрлі құбырлар салу болашақта көп шығынға алып келуі мүмкін, себебі
келесі сатыларда мұндай скважиналарды тиімді пайдалану мүмкін емес.
Скважиналарды орнату конструкциясы пайдалану ұзақтығын есептей отырып
геологиялық жəне технологиялық факторлармен анықталады.
Бұрғылау скважиналары жер қойнауы кеңістегіндегі орналсуына қарай
келесі түрлерден тұрады:
1. Тігінен
2. Көлбеу
3. Түзу сызықты майысу
4. Қисайтылған
5. Түзу сызықты майысу(көлденең аймақта)
6. Күрделі майысу
Сурет 5.3 – Бұрғылау скважиналарының орналасуы
1-тігінен; 2-көлбеу; 3-түзу сызықты майысу; 4-қисайтылған; 5-түзу сызықты
майысу (көлденең аймақта); 6-күрделі майысу
Достарыңызбен бөлісу: