К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет41/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
шоғыр

Еріген газ режимі 
Бұл режимнің негізгі энергиясы мұнайда еріген немесе қабатта 
мұнаймен бірге көпіршіктеліп шашыранған газ болып табылады (4.5 – сурет). 
Мұнай шоғыры бұл режимінде игеру кезінде қабаттық қысым қанығу 
қысымнан төмен болады. Газ мұнайдан бөлініп шығады, оның көлемі 
көпіршіктері емебінен кеңейеді, кеуектік кеңістіктен қысым төмен жаққа, яғни 
пайдалану скважиналары түбіне қарай мұнайды ығыстырады. Игерудің 
барлық кезеңінде қабаттық қысым төмендейді. 
Мұнайды ығыстырудың бұл үрдісі қабаттың басқа да күштері болмаған 
кезде, келесі себептермен төмен тиімділікті көрсетеді: біріншіден, мұнайда 
еріген газ көлемі шектелген; екіншіден, қысым төмендеген кезде газдың 
көптеген мөлшері мұнайдың қозғалысына пайдалы əсер жасамай – ақ бостан - 
бос скважинаға барады. Бұл газ тұтқырлығының мұнай тұтқырлығынан көп 
есе төмен екендігіне баланысты. Өз қозғаласында газ көпіршіктері мұнайдың 
тамшыларынан тез қозғалып скважина түбіне ерте жетеді. 
Еріген газ режимі болуының шарттары: 
- P
қ
˂ P
қан
(қабат қысымы қанығу қысымынан төмен); 
- нұсқа сытындағы судың болмауы немесе белсенді емес нұсқа 
сыртындағы судың болуы; 
- газ қалпақшасының болмауы; 
- геологиялық шоғыр тұйықталған болуы керек. 
Сурет 6.5 – Еріген газ режимі 
Бұл шарттарда қабат энергиясы қабаттың мұнай қаныққан бөлігі 
бойымен біркелкі тарайды. Бұл режим кезінде скважиналарды біркелкі орнату 
принципі дұрыс болады.


73 
Газ режимінде қабат энергиясының шығындалу тиімділігі газ 
факторымен сипатталады – қалыпты жағдайға келтірілген шығарылатын 1 т 
мұнайға шаққандағы газдың мөлшері. 
Еріген газ режимі қабаттық қысымның тез түсуі мен газ факторының 
ұлғаю заңдылығымен сипатталады. Газ факторы белгілі бір игеру кезеңінде 
шарықтау шегіне жетеді, содан кейін жалпы сарқылуға жəне кен орнының 
толық газсыздану нəтижесінде төмендеуді бастайды. 
Бұл режим ең төмен мұнайбергіштік көрсеткішімен ерекшеленеді. Кей 
уақытта, мұнайбергіштік 0,25 ең төмен көрсеткіш көрсетеді. Шоғырға 
жасанды əсер етусіз (су айдау жəне басқа да тəсілдер) бұл режим тиімділігі аз 
болып есептелінеді. Дегенмен, игерудің бастапқы сатыларында скважина аз 
уакытқа болса да атқылайды. Шоғырды дренаждау шартында еріген газ 
режимінде (жасанды əсер етпегенде) скважина өнімінде су болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет