103
Бекет орнына трансформатор жəне жинақталған құрылғыны қолдануға
болады. Батырмалы ортадан тепкіш сораптан жəне қозғалтқыштан
(гидроқорғағышы бар электрқозғалтқыш)
тұратын сорапты агрегат
скважинаға сорапты компрессорлы құбырлар тізбегі арқылы түсіріледі.
Сорапты агрегаты скважинадан қабат сұйығын СКҚ тізбегі арқылы жер бетіне
айдайды.
Электрқозғалтқышқа электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін
кабель сорап құрамына кіретін металл белбеушелер арқылы гидроқорғағышқа,
сорапқа жəне сорапты компрессорлы құбырларға бекітіледі.
Жинақталған трансформатор бекеті (трансформатор жəне жинақталған
құрылғы) кабельдегі кернеу шығынын есепке ала отырып кəсіпшілік желісінің
кернеуін, электроқозғалтқыш қысқыштарындағы тиімді (оптимальды)
кернеудің мəніне дейін қалыптастырады жəне де қондырғы сорапты
агрегатының жұмысын басқарады, аномальді режимдерде оны қорғайды.
Сорап – батырмалы ортадан тепкіш, модульді.
Кері клапан тоқтап қалу кезінде СКҚ тізбегіндегі
сұйық бағанының
əсерінен сорап роторының (турбиналық режим) кері айналуын болдырмау
үшін жəне де сорапты агрегатты қайта қосқан кезде сорап роторын
жеңілдетуге арналған. Кері клапан модульге бұралған – сораптың басында, ал
жібергіш клапан – кері клапан тұлғасына (корпусына) орналастырылған.
Жібергіш клапан скважинадан сорапты агрегатты
көтеру кезінде СКҚ
тізбегінен сұйықты ағызуға арналған.
Қозғалтқыш – батырмалы асинхронды, үшфазалы, қысқа тұйықталған,
екі полюсті, маймен толтырылған. Қондырғылар қабат сұйығының
температурасы мен қысымын бақылау жүйесімен жабдықталған 1ПЭД типті
қозғалтқышпен жиналады.
Мұндай
кезде
қондырғылар
жинақталған
ШГС5805-49ТЗУ1
құрылғысымен жабдықталуы керек.
Сорапты агрегаттың жиналу бірлігін қосу – фланецті (болттармен жəне
шпилькамен), біліктің жалғануы – шлицті муфталар көмегімен іске
асырылады.Қозғалтқышты қосқандағы кабельдің
қосылысы кабельді енгізу
муфтасының көмегі арқылы жалғанады.
Қосқыш шығармалы пункт КТППН (КТППНКС) немесе жинақтау
құрылғысында кабель бойынша газды өтуін ескертуге арналған.
Скважина сағасының жабдығы шегендеу тізбегінің фланецінде
жиналған сорапты агрегат жəне кабельмен СКҚ тізбегін көтеріп тұруды жəне
құбыраралық
кеңістіктің саңылаусыздығын, қабат сұйығының лақтыру
(шығару) құбыр желісімен алып кетуді қамтамасыз етеді.
Суды мұнай қабаттарына айдау үшін блокты шоғырлама сорапты
станциялар қоладанады (БШСС), олар ортадан тепкіш ЦНС-180 жəне ЦНС-50
сорапты агрегаттардың негізінде жабдықталған.
Орнатылған сорапты
блоктардың санына қарай БШСС берілісі 180нен 720 м
3
/тəул. дейін болады.
ЦНС-180 сораптың құрылысы бір тұрқы базасында айдау қысымы 9,5-тен 19
МПа-ға дейінгі төрт модификациялардың жасалуын ескереді.
104
Сорап ЦНС-180 – ортадан тепкіш, көлденең, секционды,
жұмысшы
дөңгелектері бір жақты орналасқан біртұрқылы, берілісі 280 м3/тəул.
Сорап ЦНС-500 – ортадан тепкіш, көлденең, біртұрқылы, сегіз сатылы,
берілісі 400-700 м3/тəул.
Станция құрамына келесі технологиялық кешендер кіреді: сорапты блок,
дренажды сораптардың блогі, төмен вольтті аппаратураның жəне басқарудың
блогі,
арынды
гребенкалардың
блоктары,
реттеуші
құрылғылар,
трансформаторлы подстанция, бұралқы судың резервуары.
Блокті шоғырлама сорапты станциялар қозғалтқышының вентиляциясы
тұйық жəне ашық циклді болады. Тұйық цикл теңіз немесе тазартылған
мұнайкəсіптік бұралқы суын айдау үшін арналған.
Достарыңызбен бөлісу: