Бақылау сұрақтары:
1. Мұнай өндірісі территориясында құбыр жүйелері, аспаптар,
ғимараттар қандай қызметтер атқарады?
2. Мұнай мен газды кəсіпшілікте жинау жəне дайындаудың маңызын
неде?.
3. Мұнай мен газды сусыздандыру жəне тұзсыздандыру дегеніміз не?
109
9 БӨЛІМ. СКВАЖИНАЛАРДЫ ЖӨНДЕУ
Скважиналарды жер асты жөндеудің барлық түрлерi скважина
жабдығын түсіріп - көтеру операцияларын жүргізумен байланысты.
Скважиналарды жөндеу жабдықтарының негiзгi түрлерi көтергiш
қондырғылар мен тетiктер, сонымен бiрге арнайы аспаптар болып табылады.
Көпiрлерге құбырларды жəне штангаларды салуымен бірге түсіру -
көтеру операциялар үшін көтергiш құрылымдар ретiнде Азинмаш - 43А,
Бакинец-ЗМ жəне т.б. агрегаттарды қолданады. Азинмаш - 37А агрегаты
КРАЗ-34 автокөлiгi шассиына құрастырған, ол өйткенi 32 т дейiн биiктiгі 18 м
тəл жүйесiмен жүк көтередi. Ол құбырлар жəне штангалардың бұрап шығаруы
үшiн АПР-ГП жəне АШК-Т автоматтарымен жабдықталған. Автокөлiктi тарту
қозғаушыдан агрегаттың жабдығының ерiксiз келтiруi. Азинмаш - 43А
агрегаты Азинмаш -37А көтергiш тракторлы құрылымының күрделі
модификациясы.
9.1. Жөндеу түрлері
Скважина ішінде өнім көтергіш құбырлар тізбегін (СКҚ), штангілерді,
терең сораптар мен басқа сораптарды жəне басқада құралдарды түсіріп-көтеру
жұмыстарына байланысты əрекеттерді жер асты жөндеу деп атайды.
Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай ағымды (күнделікті) жəне күрделі
жөндеу болып бөлінеді.
Ағымды жер асты жөндеу жұмыстарына келесілер жатады:
- терең сорапты ауыстыру;
-көтергіш құбыр мен штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған
алқаның (подвеска) түріне қарап өзгерту;
-скважина түбінде жиналған құм шөгінділерінен тазарту;
-басқада скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру (үзілген штангілер
жəне басқа тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау).
Осы жұмыстардың барлығын мұнай жəне газ басқармаларында
құрылған скважинаны жерасты жөндеу бригадалар атқарады.
Скважинаны жер асты жөндеу бригадалары вахта əдісімен жұмыс
істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі (оператор, оның көмекшісі)
скважинаның сағасында жұмыс жасайды, үшіншісі (тракторшы немесе
моторшы) - көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді.
Ағымдағы жөндеу деп скважина ішіндегі жабдыктарды жөндеу
жұмысын айтады. Ағымдағы жөндеудің өзі үшке бөлінеді:
1. Ескерту немесе профилактикалық жөндеу, яғни əрбір скважинаның
жүмыс істеу мерзіміне байланысты жоспарланған жөндеу жұмыстарын
жүргізу;
2. Амалсыз жөндеу, яғни жоғары дебитті скважиналарды өнім
болмағанда жəне сораптык штангалың тізбек айналып кеткенде жөндеу
жұмыстарын жүргізу;
110
3. Технологиялық жөндеу, яғни өндірудің басқа əдісіне көшу жəне
бұрғылаудан шыққан жаңа скважинада немесе скважиналарда жөндеу
жұмыстарын жүргізу.
Скважинаны күрделі жөндеу деп күрделі жүмыстармен байланысты
жөндеу жұмыстарын, яғни скважина бағанасы бойындағы жөндеу
жұмыстарын айтады.
Скважинаны күрделі жөндеу екі бөлімге белінеді:
1. Скважина бағанасындағы жұмыс, яғни бағанада пайда болған
жарыкшактарды жəне бағананың кисаюын түзету жұмыстары, баска өнім
кабаттарына көшу жəне скважинаның екінші бағанасын бұрғылау жұмысына
байланысты;
2. Фильтрге немесе скважинаның тік аймағына əсер ету, яғни қабатты су
арынымен жару, түрлі қышқылдың өңдеу жұмыстарын жүргізу жəне
перфорациялау жұмыстарына байланысты.
Мұнара көтеру-түсіру операциясын орындайтын таль жүйесінің
элементтерін орнықтыру үшін кажет. Мұнаралар күмбезді жане діңгекті
болып бөлінеді.
Күмбезді мұнараның үш немесе төрт тірегі болады, яғни салмақ үш
немесе төрт тізбекке түседі жəне оны тігінен жинақтайды.
Діңгекті мұнара бір немесе екі тіректі болады, яғни салмақ бір немесе екі
тірекке түседі жене оны колденеңінен жинақтап көтереді.
Бұрғылауда
қолданылатын
мұнаралар
қазылу
тереңдіктеріне
байланысты, егер 4000 м тереңдікке дейін болса — 41 м, ал 4000 м-ден жоғары
болса - 57 м-ден жоғары болады.
Пайдалану мұнаралары пайдаланылған бұрғылау құбырларынан немесе
сораптык компрессорлық құбырлардан жасалады. Пайдалану мұнараларының
биіктігі 22-28 м-ге дейін жетеді.
Скважинаны күрделі жөндеуге көбінесе, арнайы жабдықтарды қажет
ететін жер асты жөндеудің ең қиын жұмыстары жатады:
-жерасты қондырғысымен болған апатты қалпына келтіру (үзілген
құбырларды ұстап алу жəне шығару);
-бүлінген пайдалану тізбегін түзету;
-қабат суларын айыру;
-басқа пайдалану объектісіне көшу;
-скважиналарды жою.
Бұндай жұмыстарды күрделі жөндеу бойынша арнайы бригадалар
атқарады. Бұл бригадалар түп аймағын өңдеу операцияларының барлық
жұмыстарын жасайды (қабатты гидрожару, гидроқұмарынды ағу арқылы тесу,
қышқылмен өңдеу, виброөңдеу жəне т.б.). Күрделі жөндеу жұмыстарына жер
асты жөндеу жұмыстарының едəуір күрделі түрлері кіреді жəне олар мынадай
арнайы қондырғыларды қажет етеді: бұрғылау станоктары, турбобұрғы,
бұрғылау құбырлары, цементтеу агрегаттары жəне т.б.
Күрделі
жөндеу
кезінде
аса
қиын
жұмыстарға:
жөндеу–
оқшаулаландыру, жөндеу-түзету, ұстап алып шығару жұмыстары жатады.
111
Жөндеу-оқшаулауландыру жұмыстары скважинаға бөтен сулардың
(пайдаланылып жатқан мұнайлы горизонтпен немесе қабатшалармен
салыстырғанда жоғары немесе төмен орналасқан) еніп кетуін болдырмауды
қарастырады. Бөтен судың скважинаға еніп кетуін əдетте скважина
оқпанындағы белгілі интервалда цементтеу жолымен тоқтатады.
Жөндеу-түзету жұмыстары: майысқан жерлерді, тізбектегі сынықтар
мен жарықшақтарды түзету жəне тізбектің бүлінген бөлігін ауыстыру.
Ұстап - шығару жұмыстары үзілген құбырлар мен құлап кеткен
аспаптарды шығаруымен күрделі жөндеу жұмыстарында ерекше орын алады.
Əсіресе, құбырларды ұстап алу мен шығару қиынырақ, себебі, сорапты
компрессорлы құбырлар тізбегі скважинаға құлағанда түбіне үлкен күшпен
соғылады да ұзына бойына майысады, сосын пайдалану тізбегінде тұтынып
қалады. Кей кезде құбырлар түпке соғылған кезде əр жерінен сынады да
скважинада қатарласып орналасады. Егер скважинада тығындар болса,
құбырлар оған да соғылуы мүмкін. Құлаған құбырдарды ұстап алу мен
шығаруға арналған көптеген əр түрлі құрал-жабдықтар бар (ілмектер,
өрмекшілер, қоңыраулар, құбыр ұстағыштар, овершоттар, таңбалауыштар
жəне т.б.)
Скважинаны пайдалану аяқталған соң оны жою жұмысы да күрделі жер
асты жұмысында жатады. Бұндай скважиналарда оған түсірілген шегендеу
құбырларын кеседі жəне шығарып алады. Ал оқпанын цементтейді, сазды
ерітінді құяды немесе сазбен көмкереді (скважинаның геологиялық
ерекшеліктеріне байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |