К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоға



бет7/8
Дата08.10.2022
өлшемі209.66 Kb.
#462192
1   2   3   4   5   6   7   8
Экологиялық тәрбие Курсовая (копия)

Қорытынды
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Балабақшажа балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады [3]
Көптеген ғалымдар (М.Фамин, В.И.Фурсов, В.В.Журавлев, Ә.Н.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков және т.б.) экологиялық тәрбиенің философиялық тұжырымдамаларын анықтап, табиғатқа саналы көзқарасты адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде қарастырған, белгілі психологтар болса (Т.Тәжібаев, М.Мұқанов. Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б.) жеке тұлғаны тәрбиелеудің психологиялық аспектілеріне мән берген.
Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс тапса, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген. [4]
Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастың ұлттық салт-дәстүрлер мен байланысы, халық педагогикасын зерттеген ғалымдардың (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Р.Төлеубекова, Қ.Аймағамбетова, Р.Дүйсембінова және т.б.) еңбектерінде көрініс алады.
Адамзат дамуының осы ғасырда тудырып отырған өзекті мәселелерінің бірі – баланың дұрыс дамып жетілуіне экологиялық ортаның әсері. Өйткені адам және табиат бөліп алып қорғауға келмейтін біртұтас натуралдық организм. Осы тұрғыдан алып қарасақ, оның дамуын қамтамасыз ететін биологиялық фактор табиғат немесе экологиялық орта.
Қорыта келе айтарым, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет