К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоға



бет4/8
Дата08.10.2022
өлшемі209.66 Kb.
#462192
1   2   3   4   5   6   7   8
Экологиялық тәрбие Курсовая (копия)

1.2 Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие


Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген. Біздің халықтың алғашқы өмірі көшіп-қонудан басталғаны белгілі. Қазақтың жағрапиясы - кең дала, өзен, көл, бетпақ дала, бұлғыр тау, адыр мен өзендер, сай-сала, сулы көл, қамысты көл, шөл дала, қарағай өскен кеңістік, т.б. Қазақ халқы өзінің кең даласын кең пейілге, кең дүниеге теңейді. Сыртқа шықса көз алдында дала тұрды. Дала - ұзын-ұрғасын есептеуге болмайтын істер, қызметтер, шара салалары. Табиғат - халқымыздың анасы мен атасы, ал табиғат аясы - бесігі. Оның суығына тоқса да, ыстығына күйсе де, айсыз түнде адасса да, батпағына батса да, аңызына шөлдесе де қазақ халқы одан айныған жоқ. Басқаның шұрайлы жеріне қызықпады. Тағдыры көшумен байланысты болды. Табиғаттың сырларын терең білмесе де, қазақ көне заманнан бастап айға, күнге табынды.
Табиғат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз оның сырын игерген, сан-сапалы құбылыстарын бағалай білген. Табиғат құбылысына қарай өз шаруашылығын ұйымдастырды. «Дауыл болмай, жауын болмас, сәуір болмай, тәуір болмас» деп қыстық қыспағына қанша қиналсада, орнынан қозғалмады. «Қараша түспей қар жаумас» деп қыстың түсуін, құстардың жылы жаққа қайта бастағанын аңғарды. Мамыр айы басталмай, қозы-лағын қорадан шығармады. «Қауыс - кәрі құртаңды тауыс» деп қысқы бағымға көнбейтін жадау малдарынан құтылу керектігін ойлады.[7]
Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата-бабалар қонысы - ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды. Оның айналасын таза ұстап, малын маңына жаймады. Мекенге ат қою, елдің, ел ақсақалдарының есімін мәңгі қалдыру ниетінде болды. Жер атаулары сол араға орнатылған ескерткіштермен бірдей. Ата-баба жерленген мекендерді қауым дейді. Ал аса шүйгін шөбі, шабындығы бар жерлерді қорық дейді. Дала кейде шексіз, шетсіз деген ұғым да береді. Сол даланы мекендеген қазақтың көптеген қасиеттері де далаға ұқсас. Олар: ақ көңілділік, мырзалық, қонақжайлылық, қайырымдылық.
Шаман дінінде табиғатқа және жануарларға табыну үлкен орын алды. Әсіресе, ата-баба рухына табыну күшті көрінді. Қазақтардың ең биік құдайы - Тәіңр болып есептелді. Барлық қайғы-қасірет, жұт, бақытсыздық қазақтар санасында құдайдың бұйрығымен байланыстырылды. Табиғаттың басқа күштеріне күн, ай, жұлдыз енгізілді. Одан қуаты аздауға тау, көл, қырқаларды жатқызды. Ата-баба аруағына табыну ұзақ уақыт сақталды.
Көшпелі шаруашылық және өмір салты халықтан өмірі оларға тікелей тәуелді болған құбылыстарды тіркеп, түсінуді, түсіндіруді талап өтті. Табиғи, әлеуметтік ортада өте сақтық керек болды.
Қазақ халқының арғы аталары табиғи климат, ауа-райы жағдайларына назар аударды. Қазақтардың осы қабілеті туралы М.Дулатұлы: «Қырғыз табиғи, әлеуметтік ортада бірден-бір тіршілік көзі мал үшін өмір сүреді ...мал бағу - ең басты, бірден-бір мақсаты... Осыған байланысты қазақ халқында әр түрлі ауа-райының сәл өзгерісін тез байқап қалу қабілеті дамыды... Қазақтар 12 жылды есептеп, қоян жылы құрғақшылық, боран, көктайғақ болатынын білген», деп жазды.[8]
Адамдардың шаруашылық өмірі табиғатпен тығыз байланыста болып, әлеуметтік өмірімен ұштасып, рудың үлкендерін сыйлауды, өз руластарына көмектесуді талап етті. Этнолог, жазушы А.Сейдімбек: «Көшпелі өмір дәулет әкелу үшін, ең алдымен, уақыт және кеңістік ұғымын меңгеру керек болды», -дейді. Кошпелі қазақтар уақытты кеңістіктен бөлген жоқ. Мысалы: «ұзақ» уақытқада, кеңістікке де қатысты айтылады. [6]
Малдың төрт түрін өсіру үшін жақсы жайылып таңдау жеткіліксіз екенін сезген халық, оларды қай уақытта бағу керек екенін белгілеген. Халық түсінігінше, «Әрбір айдың өз мінезі бар. Олай болса, жайылымның қасиеті, сапасы уақытқа тәуелді. Осы байланыс орнап, бақылау өмір тәжірибесіне, өмір тәжірибесі ережеге, содан соң заңдылыққа айналу керек еді». Заңдылық өмірге еніп, әдеттегі құбылысқа айналды. Қазақтың халық педагогикасындағы асыл мұралардың бірі - табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі мен оны аялаушылық қасиеті. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз туған жер, өлке, өскенел, атамекен,өзен, көл, асқартау сияқты тұла бойына нұр беріп, жүрегінді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады. Қазақ халқының бар өміртіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Адам баласы табиғатты «Ана» деп құрметтейді. Ата-бабамыз туған жеріне кіндік қанын тамызып қоймаған, қажет болса, жүрек қанын да төге білген. Ата-бабаларымыз баланы құрғақ өсиет, ақыл айтумен емес, жеке бастын, үлгісін көрсету, насихаттау арқылы қоршаған ортаны қорғауға, аялай білуге тәрбиелеген. Ол үшін табиғат пен адам өміріне байланысты қызықты ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтып, халықтық болжамдар мен тұжырымды үнемі үлгі етіп отырған.
Кіндік қаны тамған жердің бір уыс топырағын өзімен бірге ала жүрген. Қазақстан жерінде болган ғалымдар мен саяхатшылар ертеден-ақ қазақ халқының табиғатты бақылай білу қабілетін, оған деген қамқорлық қасиеттерін ерекше көрсетіп отырған. Мысалы, белгілі ғалым А.Н.Формозов еңбегінің бірінде: «Қазақтардың байқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылап отырған, олардың халықтық даналығы көптеген қызықты толықтырулар мен тұжырымдарды жинақтаған», - деп аса жоғары бағалаған.
Ұрпаққа қалдырған табиғатты қорғау салт-дәстүрлері:

  • аспан әлеміне және жануарлардың мінез-құлқына қарап, табиғат құбылыстарын болжау;

  • астрономиялық және жер құбылысы мен белгілеріне қарай болжаулар;

  • табиғатпен тілдескен есепшілердің болжауы;

- жер отының шырайына қарай, жылдың төрт мезгіліндегі маусымдық белгісіне қарай малға, жанға ыңғайлы жер таңдау.
Төле би атамызғабайланысты аңыз. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел жерінен босып қаша жөнеледі. Төле би үйін жықпай жұртта отырып қалғанын шапқыншылардың әскербасысы көріп, оның себебін сұрағанда, данышпан ата шаңырағына қарлығаш ұя салып балапан шығарғандығын, сол қызыл балапапдарды қырып алмау үшін үйін жықпай отырғанын айтады. Мұны естіген әскербасы ақсақалдың жақсы қасиетіне риза болып, оның өзіне де, қарлығаштың балапандарына да тимеген екен деген аңыз бар. Сондықтан Төлөбиді осы күнге дейін «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш баба» деп құрметтейді. Халқымыздан қалған осындай асыл қасиеттер баға жетпес тәрбие құралы болып табылады.
Қазақта «Үш сауап» деп шөлдесе құдық қазуды, өзенге көпір салуды, жол жиегіне ағаш егуді атаған. «Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ», «Сулы жер - нулы жер» деген мақал-мәтелдер өсімдіктер әлемінің ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, малға өріс, өзіңе жұғыс болғандығын айтады.
Халық табиғатты, өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғаған.«Бұлақ көрсең көзін аш» дейді тағыда. Сұлу қызды аққуға, өншіні бұлбұлға, батырды қыранға теңеген. Анасы баласын «ботам», «құлыным», «қошақаным» деп аялаған. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Соңдықтан да балаларды айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық да тәрбиелеу қазіргі мектептерде тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қазақ халқының даналығының бастауы да; осы көшпенді өмірден негіз алады. Табиғатты қорғауға байланысты қазақ халқының дәстүрлері алуан түрлі.
Қазақ халқы ежелдеы өз туған жерін, табиғатын сүйе, сыйлай, қадірлей білген. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрі, онынң жұмыс жағдайымен, салт-санасымен ырымына байланысты болған. Мысалы: өзін сыйлайтын адам тұрған қонысын, өлке табиғатын былғамайды, ластамайды, бүлдірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет