К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева


Арнаулы білім, теория және практика ретінде әлеуметтік педагогиканың мәні мен мазмұны



бет18/60
Дата02.02.2024
өлшемі1.02 Mb.
#490582
түріРешение
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
УМКД 2

2.1. Арнаулы білім, теория және практика ретінде әлеуметтік педагогиканың мәні мен мазмұны.

«Педагогика» термині гректің екі сөзінен шыққан: pais, paidos – сәби, бала, ago – жетектеймін, яғни «баланы жетектеуші» немесе «баланың жолбасшысы» деген мағыналарды білдіреді. Аңыз бойынша ежелгі Грецияда құл иеленушілер өздерінің балаларын мектепке алып баратын құлдарды арнайы тағайындаған. Оларды: paidagog деп атаған. Осы сөзден бастау алып ғылым атауы – педагогика деп аталған.


«Әлеуметтік» (лат.socialis) сөзі – адамдардың қоғамдағы өмірі және қарым-қатынастарымен байланысты қоғамдық деген мағынаны білдіреді. Осы мағынасында адамның тек әлеуметтік дамуы мен тәрбиесі туралы ғана емес оның әлеуметтік құндылықтарға бағыт алуын, өзі өмір сүретін және тұлға ретінде өзін танытатын қоғамның нормалары мен ережелері туралы сөз етіледі. Ата-анасы, олардың орнын басатын тұлғалар, тәрбиешілер балаға жеке тұлға ретінде қалыптасуға әлеуметтік тәжірибені мәдениетті игеруге өзін өмірде таныта білуге қабілеттілікке және осыған даяр тұруға көмектесе отырып, оны өмірге жетелейді.
Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың мәнін анықтауда бірнеше тәсілдемелер жұмыс істейді:
- жалпы педагогиканың әлеуметтік функциясын ашатын және барлық жас топтарындағы тәрбие үдерістерін зерттейтін әлеуметтік пән немістің әлеуметтік педагогы Ханс Мискес (1915-2006, Mieskes);
- әлеуметтік жүйеге жылдам бейімделуге нормадан жағымсыз түрде ауытқаушылыққа қарсы тұруға жастардың жәрдемі (немістің әлеуметтік педагогы Е.Клаус Молленхауер (1928-1998 Mollenһаuer ));
- әлеуметтік ортаның тәрбиелік әсері туралы ғылым (Ресейдің әлеуметтік педагогы Владимир Давыдович Семенов):
- әлеуметтендіру мәнмәтініндегі әлеуметтік тәрбиені зерттеуші ғылым саласы (Ресейдің әлеуметтік педагогы Анатолий Викторович Мудрик);
- «норма» немесе «нормадан ауытқыған» жағдайларда өткендігіне тәуелсіз түрде адамның әлеуметтік дамуына, әлеуметтік қалыптасуына мақсатқа сай ұйымдастырылған педагогикалық әлеуметтік тәрбиенің, әлеуметтік оқудың, әлеуметтік-педагогикалық көмектің және т.б. ықпал құбылыстарын және заңдылығын зерттейтін педагогикалық білім саласы (орыс әлеуметтік педагогы Минненур Ахметхановна Галагузова).
Әлеуметтік педагогика болмысын түсінуге түрлі көзқарастарды және оның болмысын талдау мен практикалық қолданылуын жүйелей келгенде, мынадай анықтама құруға болады. Әлеуметтік педагогика адамның әлеуметтік мәдени ортадағы әлеуметтік дамуы мен қалыптасуы құбылысын және индивидуалдық мүмкіндіктеріне қарай өзін-өзі танытуға деген қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, мақсатқа сай ұйымдастырылған, әлеуметтік педагогикалық қызметті зерттейтін педагогикалық білім саласы болып табылады. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде әлеуметтік педагог, тәрбиеші, ата-ана, олардың орнын басатын тұлға, әлеуметтік-педагогикалық функцияны атқаратын ұйымдастырушы бола алады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамды туғанынан бастап оның жеке тұлға ретінде (әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемел, көмек) оның әлеуметтік қалыптасу сатыларында және нақтылы қоғамның (қауымның) азаматы ретінде дамуына жағдай жасайды. Бұл үдеріс қалыптасқан дәстүрлері, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырылады:
Әлеуметтік педагогика мынадай екі бағытта дамиды:
- жеке тұлғалық;
- әлеуметтік.
Жеке тұлғалық бағытты («индивидуалдық» педагогика) жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік педагогика ретінде сипаттауға болады. Ол өзінің бастауын Д.Локка, Ж.Руссоның «индивидуалдық» педагогикасынан алады. Онда шартты-гуманистік және керітартпалық тәсілдемелер дамиды.
ХІХ ғ. екінші жартысында педагогикалық осы бағыттың аясында неміс
философы Ф.Ницшенің радикалдық «асқан адамды» қалыптастыру тұжырымдамасы қалыптасты. Оның пайда болуы педагогтардың алдына адамды - оның өзі үшін немесе оны белгілі бір ортаның (мемлекеттің, қоғамның) өміріне даярлау жолында тәрбиелеу проблемасын қойды. Аталмыш факт «индивидуалдық» педагогиканың баламасы ретінде әлеуметтік бағыттың қалыптасуына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет