К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева


-Тарау Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдіру жолдары



бет37/60
Дата02.02.2024
өлшемі1.02 Mb.
#490582
түріРешение
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
УМКД 2

5-Тарау


Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдіру жолдары

Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі болжамды мақсатқа жетуге бағытталған белгілі үдерісті құрайтын сабақтас кезеңдер жүйесін білдіреді.


Бұл ретте, мына мәселелерді қарастыру қажет:
- әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, мәні мен мазмұны;
- әлеуметтік-педагогикалық үдерістің негізгі құрамдас бөліктеріне жалпы сипаттама.


5.1 Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, мәні және мазмұны

Педагогикалық әдебиетте «педагогикалық үдеріс» деген ұғым бар. Алайда, оны түсінуге бірыңғай көзқарас жоқ. Оның мәнін түсінуге неғұрлым типтік көзқарастар мынадай:


- даму және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнаулы ұйымдастырылған, мақсатты түрдегі өзара әрекеті (Виталий Александрович Сластенин (1930-2010));
- тәрбиеленушінің тұлғасын қалыптастыру, дамыту және білім беру мақсатындағы мұғалім мен оқушының (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің) жүйелі әрекетінің жиынтығы (Татьяна Александровна Стефановская).
«Педагогтық үдеріс» сөз тіркесін Петр Федорович Каптерев (1849-1922) енгізген. Педагогикалық үдеріс ұғымында ол «жеке тұлғаның өзін-өзі түбірлі түрде дамытуы негізінде, күші жеткенше әлеуметтік мұратқа сәйкес жан-жақты жетілуі» деп түсінді, П.Ф.Каптеревтің осылай аталатын еңбегінде педагогикалық үдерістің мәні мен мазмұны ашып көрсетілген. Ол әлеуметтік педагогикалық үдерісті ішкі және сыртқы деп бөлген..
Ішкі педагогикалық үдеріс адам организмінің қасиеттерімен және қоршаған ортасымен анықталатын адамның өзін-өзі дамыту үдерісін білдіреді. «Үдеріс қажеттілікпен іске асырылады: организм өзіне тән заңдар бойынша әсерлерді жаңғыртады және қайта өңдейді, соның әсерімен - әрекет етеді. Бүкіл үдеріс өзіндік шығармашылық сипатта өтеді, біреулердің нұсқауларымен емес, органикалық қажеттілік бойынша іске асады»2.
Ішкі педагогикалық үдеріс мыналарды көрсетеді:
- адам дамуының жалпы көрінісін. Бұл жағдайда ол (үдеріс) адамның әлеуметтік-педагогикалық дамуы қандай болуға тиіс екендігінің үлгісін сипаттайды;
- типтік топқа жататын адамның даму ерекшелігін, мысалы, адамның есту, көру, психологиялық дамудағы ауытқушылығы проблемаларымен даму және тәрбиелену ерекшелігі;
- нақтылы адамның жеке қасиеттері, қабілеттері, сапасы есебімен
дамуы,оқуы және тәрбиеленуі.
Сыртқы педагогикалық (білім беру) үдерісі П.Ф.Каптеревтің пікірінше, «аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа өз басынан кешіргендері мен көргендерін, өзінің бабаларынан, одан да бұрынғы өткен ұрпақтардан дайын алған тәжірибесін беру үдерісі. Бұрынғы өткен, қазіргі өмір сүріп жатқан адамзаттың жинақтаған неғұрлым бай құндылықтары «мәдениет» деген бір сөзге сыйғызылғандықтан, білім беру үдерісі сырттай қарағанда аға ұрпақтан - кейінгі ұрпаққа, бұрын өмір сүрген адамзаттан қазіргі өмір сүріп жатқан адамзатқа мәдениетті тапсырушы ретінде түсіндірілуі мүмкін»3.
Сыртқы педагогикалық үдерісті түсінуге деген мұндай көзқарас кең -мағынасында кез-келген қоғам дамуының жалпы үрдісін аға ұрпақтың мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізуші ретінде сипаттайды.
Сыртқы педагогикалық үдеріс адамға қатысты үдеріс ретінде:
- жалпы адамды тәрбиелеу (тәрбиені түзеу, қайта тәрбиелеу, түзету); жеке педагогикалық мәселені шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің технологиялық жағын көрсетеді.
- адамдардың белгілі топтарымен, мысалы, психологиялық дамуында, тәрбиеленуінде т.б. ауытқушылықтар бар балалармен жұмыста жеке тәрбиелік мәселелерді шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің арнаулы технологиялық үдерісін көрсетеді;
- нақтылы адамды тәрбиелеу, белгілі тәрбиелік мәселені шешу – тәрбие жұмысының жеке технологиясын іске асыру үдерісі.
Осылайша, өз мәніне қарай, сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, бұл – әлеуметтік педагогтың (субъектінің) объектінің ішкі әлеуметтік- педагогикалық үдерісінің дамуын қамтамасыз етудің қажеттігімен байланысты әрекетінің мақсатты сабақтастығы, маманның кәсіби қызметінің белгілі мақсатына қол жеткізу.
Нақтылы адамға қатысты ішкі және сыртқы үдерістердің арасында педагогикалық үдерістің тұтас сипатын көрсететін тығыз байланыс пен өзара келісім болады.

______________________________________________________________________


1 П.Ф.Каптерев. Педагогический процесс ( «Русская школа» журналы басп.) СПб. : Б.М.Вольфтің Тип-Литографиясы, 1905. 51-б.
2 Сонда. 33-б.
3 Сонда. 1-б
Бұл айтылғандар әлеуметтік-педагогкалық үдерісті тиісті әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың жүйелі түрде заңды әлеуметтік дамуы (сапалы өзгеріс) ретінде: адамның әлеуметтенуі, жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттері (үдерістің ішкі жағы) және олармен байланысты әлеуметтік педагог әрекетінің мақсатқа сәйкес дәйектілігі, оның тәрбиеленушімен белгілі әлеуметтік- педагогикалық мақсатқа (үдерістің сыртқы жағы) жетуді қамтамасыз ететін өзара әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. .
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, бұл - әлеуметтік педагогтың және тәрбиеленушінің әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды ортаның арнаулы немесе табиғи жағдайында педагогикалық құралдармен шешуге бағытталған өзара әрекеті. Оның жеке адам жөніндегі мақсаты - проблеманы шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзара әрекеттестікке бағытталған қолдау көрсетіп, қозғау жасау, жәрдем беру болып табылады.
Біртұтас әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ішкі және сыртқы үдерістердің бірлігі мен өзара байланыстылығы болып табылады. Бұл ретте, сыртқы үдеріс ішкі үдеріспен қатаң түрде (оның талаптарымен, мүмкіндіктерімен, өзгеру динамикасымен) келіседі және оның неғұрлым мақсатқа сай дамуын қамтамасыз етеді, әлеуеттің неғұрлым толық іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің жүйе құрушы факторы – оның мақсаты (әлеуметтік мұрат) және онымен байланысты тиісті әлеуметтік-педагогикалық қызмет болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет