К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет47/60
Дата02.02.2024
өлшемі1.02 Mb.
#490582
түріРешение
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
УМКД 2

Дезадаптивті балалар. Мұндай балалар өз қатарындағылармен және өзге балалармен тіршілік орта жағдайына (бала бақша тобына, сыныптық ұжымға, өз қатарына және т.б.) бейімделмеуіне байланысты, өз қабілеттерін көрсетуіне, дамуына, тәрбиесіне, оқуына теріс ықпал етеді, соның салдарынан, мысалы, сыныптың нашар оқушысы болады. Сонымен бірге нашар үлгерім көрсеткіші, бейімделмеуге байланысты болмауы да мүмкін, ол баланың жеке басына тән танымдық мүмкіндігінің оқуға деген ынтасының төмен болуына және т.б. да байланысты болады.
Дезадаптивті адам. Бұл адамның өзгелерден ерекшелігі, тіршілік ортасына бейімделу мәселелері, оның дамуынан, іс-әрекетінен, табиғи жағдайдағы міндеттерді шеше білуінен байқалады.
Дезадаптивті сәби. Тіршілік ортасының жағдайына бейімделмеуіне байланысты, өз қатарындағылардан дамуы, әлеуметтенуі, жасына сай алдындағы міндеттерді шешуі бойынша ерекшеленеді.
Балалардың белгілі бір тобы, өмірде кездесетін тіршілік орта жағдайына бейімделмеуді тез жеңеді. Ортаға табиғи бейімделуде олар қиыншылық көрмейді. Бірақта, назар аударатын жәйттің бірі, олар түрлі тіршілік орта жағдайына бейімділігі қарқынды болса да, сирек жағдайда үлкен қиыншылықты сезінеді, әсіресе дезадаптивті балалардың келешектегі өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі жетілдіруінде сыр береді. Мұндай балалар адаптация кезеңінде қолдау мен көмекті қажетсінеді.
Мектепке бейімделмеу. Бастауыш сынып мұғалімдері осы сатыдағы балалардың мектеп өміріне бейімделмеу қиындығын байқайды. Ол 6-8 жасар балаларға тән, өйткені оларға сыныптық-сабақ жағдайы түсініксіз, өз қатарларымен қарым-қатынас орната алмайтындықтан, мектеп өміріндегі танымдық қызметі немесе оның екпіні төмен болады. Мұндай балаларды мұғалім назарында ұстап, оларға көмек көрсетіп, олардың жеке бас ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Балалардың мектепке бейімделу мүмкіндіктерін белсендіру сынып ұжымына және оның қолдауына байланысты.
Педагогтың дезадаптивті балалармен, олардың ата-аналарымен және сыныппен қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыруына қарай, мектепке бейімделмеу мерзімі оқу жылының басында 2-4 ай шамасына қысқарады. Өте күрделі жағдайда, баланың мектептегі оқуға деген теріс реакциясына байланысты арнайы мамандардан кеңесу, сонымен қатар, психологпен, ал кейбір жеке жағдайда баланың жүйке жүйесіне байланысты жылауық, ұйқысы мен тәбетінің бұзылуына қарай психоневрологпен кеңесу керек.
Түрлі топқа жататын белгілі тіршілік орта жағдайындағы балалардың мектепке бейімделмеуінің алдын алу немесе тәрбие мен оқыту барысында оны жеңуге болады. Дезадаптивті балаларда ауытқу формасының болуы, олармен арнайы оқу мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді және
оны тудырған факторларды ескеруді тала етеді. Ондай балалармен жұмыс жасау үшін арнайы әдістеме және арнайы дайындығы бар маман керек.
Адамның дезадаптивтілігіне, яғни бейімделмеуіне бір топ факторлар әсер етеді, олар: тұлғалық (ішкі), орта (сыртқы) немесе екеуі де.


Бейімделмеудің тұлғалық (ішкі) факторлары жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етпеуіне байланысты болады. Оларға жататындар:
- ұзақ уақыт сырқаттану;
- баланың тіршілік ортасымен қарым-қатынасының тарылуы және айналасының оның жеке басына лайық өзгешеліктеріне орай қатынасының болмауынан;
- адамның жасына қарамастан ұзақ уақыт ( қажетті немесе үкімді түрде( күнделікті іс-әрекетінің шектелуіне;
- бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке ауысы (ұзақ демалыс, уақытша өзге қызмет міндетін атқару) және т.б.
Бейімделмеудің отбаслық (сыртқы) факторлары адам үшін үйреншікті емес, тұлғалық сапа деңгейін көрсетуіне кедергі келтіреді. Оған жататындар:
- отбасындағы кикілжің, баланың тұлғасына нұқсан келтіреді. Мұндай қалыптағы жағдай «тәуекел тобы» отбасында, баланы бедел арқылы тәрбиелеп, оған қысым көрсету;
- отбасындағы ата-ана мен отбасы мүшелерінің, өз қатарларының оған толық көңіл бөлмеуінен;
- балаға айнала басымдылығының ықпалы ( баланың бақшаға баруы, тобын, сыныбын ауыстыруы);
- топтың балаға қысым көрсетуі - ұжым, кішігірім топтың қабылдамауы, ығыстыруы, күш көрсетуі және т.б. Бұл жасжеткіншектерге тән, өз қатарларының қатыгездік танытуы, күш көрсетуі – жиі орын алатын құбылыс;
- «нарықтық тәрбиенің» көрінісі, баланың жетістігінің материалдық игілікпен өлшенуі. Жас ерекшелігіне лайық емес қызығушылықтары, әлеуметтік жақсылық идеалдарын бірінші шепке қою және жеңіл жолмен
табыс табу. Материалдық игілікке қолы жетпеуден депрессиялық* қалыпқа түсу.
----------------------------------------------
* (Депрессия (лат.depressio -өзін төмендету, қысым көру) психикалық сырқат қалпы, эмоциялық, зияттық торығу және қимылдарының тежелуі. Қызығу, мотив, ерік белсенділігінің, өзін-өзі бағалауының күрт төмендеуі. Мұндай қалыпта баяу қимыл, тез шаршау, өзіндік бастамасының болмауымен сипатталады).

- «нарықтық тәрбиедегі» ақпарат құралдарының жағымсыз ықпалы. Балалардың қызығушылықтары жас ерекшеліктеріне лайық емес әлеумет


тік жақсылықтар идалдарын және оларға оңай қол жеткізуді насихаттайды.
Өмір шындығы баланың түңілуіне, өзінен кемшіліктер іздеп, өзін қор санауға, дезадаптивтілікке ұшыратады. Арзанқол мистикалық романдар, үрей тудыратын фильмдер мен адамды ату-қыру әлі толыспаған адамның өлім туралы түсінігін бұлдыр етіп, оны асқақ мұратқа айналдырып көрсетеді;

  • кейбір тұлғалардың балаларға дезадаптивтік ықпалы зор, олардың алдында балалар қысылып, дискомфорт (өздерін қолайсыз) сезінеді. Ондай тұлға дезадаптация тудырушы (дезадаптация тудыратын бала – топ) – ондай адам (топ) белгілі бір жағдайдағы ортаға (топқа) немесе жеке тұлғаға қатысты дезадаптивтік фактор ретінде ықпал етеді (өзін-өзі анықтауға әсер етеді) және, сонымен қатар баланың белсенділігін және өзін-өзі толықтай ашу қабылетін тежейді. Мынадай мысалдарға назар аударыңыз: қыз өзінің көңілі бар жігіттің алдында; өте белсенді оқушының сынып алдында; қиын бала, мұғалімнің өзіне деген қатынасын ушықтыру рөлін белсенді (әсіресе жас маманның) атқарады;

  • балаға «қамқор болу» міндетіне қатысты жеке бас және жас ерекшелігіне сай келмейтін артық жүк арту. Мұндай фактілер жиі кездеседі, мәселен баланың жасына лайық емес, дайындығы жоқ баланы гимназиялық сыныпта оқыту; баланың психологиялық және физикалық мүмкіндіктерін ескермеу (мысалы, спортпен шұғылдану, мектепте оқыту, үйірмелерге қатыстыру ).

  • жеке бас және жас ерекшелігіне сай емес, жүктемелер арту. Балалар мен жеткіншектердің дезадаптивтігінің түрлі салдарлары да кездеседі. Көбінесе, олар жағымсыз сипат алады, соның қатарында:

  • тұлғалық деформация (бүліну);

  • физикалық жағынан толықтай дамымауы;

  • психикалық дамуының тежелуі;

  • ми қызметінің бүліну мүмкіндіктері;

  • типтік жүйкелік ауытқулар (көңіл-күйінің төмендігі, тежелу немесе қозу, бүлікшілік);

  • жалғыздық – адам өз басындағы шешілмеген мәселелерімен оңаша қалуы. Ол сырттай оқшауланумен байланысты немесе өзін жоюға бет алуы;

  • өз қатарларымен және өзгелермен қарым-қатынастарының шиеленіске ұшырау мәселелері. Аталған мәселелер негізінде, баланың өз өмірін сақтау инстинктін төмендетеді. Күрделі жағдайларға бейімделе алмауынан, адам өзіне қол жұмсауға (суицидке) дейін барады.

Сирек емес жағдайда дезадаптивті балалар жеке адамның (топтың) бейімделуіне ықпалы етеді. Мұндай жағдайда дезадаптивтікті тудырушы адам, топ туралы айтуға болады.
«Көше балаларын» да жиі дезадаптивтілер қатарына жатқызады. Оларға мұндай баға беру дұрыс емес. Бұл балалар ересектерден де артық бейімделгіш келеді. Тіпті өте күрделі жағдайда да, олар өздеріне ұсынған көмекті қабылдаудан бас тартады. Олармен жұмыс жүргізетін мамандар арнайы мекемелерде дайындалады, оларды тәрбиелеу, сендіру әдістемелерін игереді. Егерде көшедегі баланы арнайы балалар үйіне орналастырса, онда олар алғашқы кезеңде дезадаптивті балалар қатарына жатады. Біраз уақыт өткеннен соң, ол немесе ол тәрбиеленетін ортаның дезадаптивті болғанын алдын ала білу қиынға соғады.
Девиантты іс-қимылды балалардың жаңа жағдайға бейімділігі жоғары болғандықтан, ол негізгі тәрбиеленушілерге қатысты, күрделі жағымсыз мәселелер тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, қиын баланың тәрбиеленушілер арасына келуі, педагогтан топты (сыныпты) белгілі деңгейде қорғау шараларын жүргізуді талап етеді. Кейбір жеке тұлғалар бүкіл топқа жағымсыз ықпал етіп, оқу мен тәртіпке бейімделмеу мүмкіндігін тудырады.
Осы жоғарыда аталған факторлардың бәрі баланың зияттық дамуына қауіп тудырады. Қиын тәрбиеленетін, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан дамуының кешеуілдеуі тәрбие аясында жеке баланың (топтың) тәрбиеге, оқуға бейімделмеуіне қауіп төндіреді. Тәжіріибе көрсеткендей, кейде баланың өзі жаңа ортаға бейімделмеуінен жапа шегеді, кейбір жағдайда өзгелер үшін, соның қатарында мұғалім үшін де бейімделмеу (дезадаптивті) факторына айналады.
Жеке тұлғаның, жеткіншектің дамуына дезадаптивтіктің жағымсыз ықпал ететінін ескеріп, оның алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Жеке балалардың, жеткіншектердің бейімделмеуінің алдын алу жолдары төменгідей:

  • балаға тиімді орта жағдайын жасау;

  • оқу барысында баланың жеке даму мүмкіндіктеріне сай, күрделі қиындықтарсыз оқу үдерісін ұйымдастыру;

  • жаңа жағдайға баланың бейімделуіне қолдау көрсету;

  • баланың өзіндік белсенділігін, өзін-өзі өмірлік ортада көрсете білуі, оның бейімделуіне түрткі болады;

  • түрлі тұрғындар арасында қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарға арнайы әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық көмек көрсету қызметін жолға қою: сенім телефондары, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық көмек, тығырық стационарлары;

- ата-ана, мұғалім мен тәрбиешілерді бейімделмеудің алдын алу әдістерін оқыту және оның салдарларымен жою;
- қиын өмірлік жағдайларда түрлі адамдарға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызмет көрсететін арнайы мамандар дайындау.
Дезадаптивті балаларға немесе беймделмеуін жеңуге көмек көрсету. Осы аталған іс-әрекеттер дезадаптивтілік салдарын жоюға бағытталады. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет мазмұны бейімделмеуге соқтырған салдарларға байланысты қарастырылады.
3 Бейімделу мен әлеуметтенудің, бейімделмеу және
әлеуметтенбеудің өзара байланысы, оларды балалармен,
жеткіншектермен жұмыста есепке алу
Бейімделмеуді жеңу дегеніміз реадаптация. «Реадаптация» термині (лат. re... – қосымша, әрекеттің жаңаруын немесе қайталануын білдіреді); adaptation - бейімделу, үйлесу ) адамның түрлы ықпалдарға байланысты бейімделу іс-әрекетінің қалпына келуі, сонымен қатар өзін-өзі белсендіруге бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет