К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет49/60
Дата02.02.2024
өлшемі1.02 Mb.
#490582
түріРешение
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
УМКД 2

Азамат тәрбиелеу (азаматтық тәрбие) әр қоғамға қажет, ол мемлекетке тәуелді және оның бақылауында жүргізіледі (В.В.Зеньковский, А.В.Луначарский, Н.Н.Иорданский т.б.). Мемлекет оқушы жастарды тәрбиелеуде, оларды қоғамдық өмірге дайындауды көздейді. Мемлекет азаматтық тәрбиенің мақсатын, мазмұнын және оны жүзеге асыру жолдарын анықтап, оған қажетті институттарды ұйымдастырып, ондағы тәрбиелік іс-әрекеттерді өзінің қадағалауында ұстайды. Мемлекеттің әлеуметтік тәрбие қызметі осы институттар арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық тәрбие арқылы жеке тұлға қалыптасып, оның отансүйгіштік сезімдері мен белсенді өмірлік ұстанымдары дамиды. Әлеуметтік тәрбиенің осындай міндеттерін өз кезеңінде Платон (б.з.д. 428 немесе 427 ж. б.з.д. 348 немесе 347 ж.) да белгілеген еді. Ол «Мемлекет» және «Заң» атты еңбектерінде жастарға азаматтық тәрбие берудің маңызын және оны іске асырудың жолдарын көрсетті. Өзінің дамуы жағынан алдыңғы шепте болуын ойлайтын мемлекет, жастарды бағытты іс-әрекетке тәрбиелеп, олардың әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. «Заң жасаушы», - дейді Платон,- бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмауы тиіс. Заң жасаушының назары ең алдымен бала тәрбиесінен басталуы қажет. Оның мұндай пікріге келу себебі, ол өз мемлекетінің дұрыс дамуына талдау жасаған.
Қоғамдық тәрбие, қоғам үшін адам тәрбиелеу (Зеньковский, Иорданский т.б.). Бұл бағытты қоғамдық-мемлекеттік деп атауға болады, өйткені оны жүзеге асыратын мемлекет және мектеп. Олар қоғамдық өмірді және мемлекетті жетілдіру болып саналады. Өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесін жетілдіре отырып, оны қоғамды өзгерту құралына айналдырады. Мәдениетті және тәрбиелі ұрпақ өзі өмір сүріп отырған қоғамды жағымды даму бағытына өзгертеді. Қоғам, балаларды өз ата-аналарына қарағанда жоғары мәдениетті деңгейде болуын тәрбиелеуді белгілейді. Әр жас ұрпақ өзінің алдындағы ұрпақтан мәдениетті болуы тиіс. Зеньковскийдің пікірінше, «Тәрбие заман талабына сай болуы керек, ол өмірге қажетті жаңа сапа, басқа дағдылар мен түсініктерді қалыптастыруы шарт.
Әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыруда жетекші рөлді мектеп атқарады. «Мектеп (басқа да тәрбие ұйымдары тәрізді), - деп жазды Зеньковский, - өзіне әлеуметтік тәрбие міндеттерін алуы тиіс, ол тек білімді адамдарды, іскер азаматтарды ғана тәрбиелеумен бірге, олардың қоғамдық жұмысты ынтымақтасып атқару қабілеттерін дамыту керек».
Бұл баланың жеке басына тән қасиеттеріне және даралық ерекшеліктеріне ешқандай нұқсан келтірмейді, тек оларға жаңа мағына береді.
Адамды әлеуметтік идеалға, яғни мұратқа сәйкес тәрбиелеу (Иорданский). Бұнан байқалатын мүмкіндік, жаңа ұрпақ қалыптастыру арқылы, соған сай қоғамды дамыту. Мұндай әлеуметтік тәрбиенің негізінде баланың әлеуметтік күш-қуатын, жаңа адам сапасын әлеуметтік мұратқа сәйкес бағытты дамытып, қоғамды жағымды өзгеріске түсіру.
Мұндай жалпы көзқарас педагогикада да және жеке алғанда, Ресейде де орын алған. Руссо ХVIII ғасырда өз шығармаларында «жаңа адам» қалыптастыру пікірі бойынша, сыртқы ортаның ықпалынсыз, тұтастығы бүлінбеген табиғат аясында «жаңа санаттағы» адамдарды қалыптастыру туралы жазды. Руссо тұжырымдамасының басты кемшілігі, ол баланың жеке тәжірибесі мен жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін бірге қарастырмаған. Ол «шектеулі» әлеуметтік тәрбиені ұсынған.
II Екатерина тұсында И.И.Бецкой (1704-1795) шетелден шақырылып, оның ұсынған жобасында дворян жастарын тәрбиелеу арқылы жаңа қоғам құру белгіленген. Ол үшін дворян жастарын қоғамнан және отбасынан алшақтатып, жабық оқу орындарын ашу қажеттігі айтылды. Ондай оқу орындары ашылған да еді. Бецкой ол мекемелерді ұйымдастыру негіздерін мен арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеген. Ол оқу орындарын бітірушілер де болды, бірақта олардың саны Ресей қоғамын өзгертетіндей шамада болмады. Дегенмен де, ол оқу орны қоғам дамуына белгілі деңгейде ықпал етті. Бұл жоба бастапқы белгіленген өз міндетін атқара алмады, өйткені крепостнойлықтың сақталуына орай, қоғамда сапалы өзгеріс болуы мүмкін емес еді.
1920-шы жылдары Кеңес үкіметі осындай міндеттерді тағы да көтерді, яғни әлеуметтік тәрбие арқылы - жаңа қоғам құрлысшыларын дайындау мәселесі қойылды. Мұндай тәрбие таптық, партиялық сипатта болды және оның басты мұраты - жан-жақты үйлесімді дамыған адам тәрбиелеу еді. Жас ұрпақты белгілі бағытта бір нұсқада тәрбиелу, ересек адамдарды қайта тәрбиелеу (отбасы мүшесі, еңбек және оқу ұжымы және т.б.) қолға алынды. Кеңестік Ресейде әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыру үшін соған сәйкес институттар мен академиялар қызмет етті. Мемлекет әлеуметтік тәрбие институттары арқылы түрлі адамдарға белсенді ықпал етті.
Осындай бағытта әлеуметтік тәрбие - әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруды, қоғамдық тәрбиені өмірлік қажеттілік деп таныды (Зеньковский, Иорданский т.б.). Әлеуметтік тәрбиенің негізгі міндеті - әлеуметтік белсенділікті дамыту, әлеуметтік әрекеттің «дәмін тату», ынтымақтастық рухын сезіну, қоғамдық мүддені жеке басынан, өзімшілдіктен жоғары қою.
Мемлекеттің білім беру жүйесі әлеуметтік тәрбие мақсатын жүзеге асырудың құралы болды. Ресейде әлеуметтік тәрбие академиясы құрылды. Ол ғылыми-педагогикалық орталыққа айналып, әлеуметтік тәрбиенің мазмұнын және оны іске асыру жолдарын негіздеді. Барлық оқу мекемелері (мектепке дейінгі, жалпы және жоғары мектеп) оқушы жастарды тәрбиелеуде мемлекеттің алға қойған міндеттерін орындады. Оқу орындарында әлеуметтік тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі оқытылды. 1923 жылы алғаш рет Иорданскидің әлеуметтік тәрбиеге арналған оқу құралы басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет