К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Кәсіби мәтін ерекшелігі. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі



Pdf көрінісі
бет59/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

15 Кәсіби мәтін ерекшелігі. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі. 
 
Кәсіби мәтін ерекшелігі
Қазіргі нарықтың талабына сай болашақ бәсекелес мамандарды даярлау 
мақсатында студенттерге үздіксіз білім беру, оларды оқыту, әсіресе 
мемлекеттік тілді кәсіби тілде үйрету маңызды болып табылады. Өйткені, 
болашақта мемлекеттің саясатын, оның ішінде мемелекеттік тіл саясатын 
жүргізетіндер, тілдік орта құрайтындар, оны ары қарай жетілдіретіндер де жас 
буын - жастар. 
Кәсіби тіл - белгілі бір мамандық, не кәсіп саласы шеңберінде жиі 
қолданылатын тілдік құрылымдар жиынтығы. 
Кәсіби тіл - өз саласына сай терминологиясы, кәсіби-ғылыми ұғымдық 
аппараты бар, сөз қолданысы мен тіркесуінде қалыптасқан нормалары бар тіл 
болып табылады.
Қазіргі қоғамның алдындағы негізгі мақсаттарының бірі - биік кәсіби іскерлігі 
адамгершілік қасиетпен ұштасып жататын шығармашыл тұлғаларды 
дайындау. Соған байланысты жаңа ағымға сай білікті мамандар даярлау, 
оқытудың сапасын жоғары дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға 
негізделген білім беру үшін, жаңа инновациялық технологияларды 
пайдаланып, оқытуға ерекше назар аударылуда.
Тапсырмалар: 
15.1. Жаңа сөздерді теріп жазыңыз, аударыңыз, мағынасын түсініңіз. 


74 
15.2. Әр жаңа сөзбен бірнеше сөз тіркесін құраңыз. 
15.3. Мәтінді мазмұндаңыз.
15.4. Келесі ойын түрлеріне берілген сипаттамада қолданылған тұрақты сөз 
тіркестерін тауып, оны лексикалық вариантпен алмастырыңыз. Қандай ойын 
түріне қатысты айтылғанын табыңыз. 
1. Жолдастық кездесуде қарсыласты алдай алмасына көзі жеткен соң, қарымта 
шабуыл ұйымдастырып, нәтижесінде қарсыластың қақпасына 3-допты көз 
ілестірмес жылдамдықпен салып жіберді.
2. Істі насырға шаптырмай, төреші мұз үстіндегілерді ажыратып жіберді. 
3. Бірінші сәт көзді ашып-жұмғанша тез өтіп кетті.
4. Жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан адам ғана кәсіби аренада үздік спорт 
шеберлерімен қолғап түйістіре алады.
5. Бұл жарыста қазақстандық мергендердің жолы болмады.6.
Соңғы кездері ағалы-қарындас екі спортшының аты шығып, беделі арта түсті. 
7. Қазіргі кезде спорттың бұл түрінен қытайлықтарға ешкім пар келмейді.
8. Спорттың бұл түрімен Пекіндегі олимпиадалық ойындарда америкалықтар 
бірнеше алтын медальді қанжығаларына байлады. 
15.5. 1-бағандағы сөздерді 2-бағандағы сөздермен дұрыс байланыстырыңыз. 
Ішінен өзіңізге ұнаған біреуіне сипаттама беріңіз. 
гитара 
жүзу 
домбыра 
оқу 
марка 
баптау 
би 
тарту 
шахмат 
ойнау 
кітап 
жинау 
шаңғы 
шығу 
бильярд 
салу 
суда 
тарту 
+ ? 
ӘУЕСТЕНУ 
саяхатқа 
ойнау 
(қандай жалғау керек?) 
сурет 
тебу 
ән 
айту 
сөзжұмбақ билеу 
балық 
аулау 
ит 
асырау 
құс 
ойнау 
ат 
салу 
көкпар 
шешу 


75 
15.6. Берілген мәтінді оқыңыз. Жан-жақты жүргізілген зерттеулер Microsoft 
және оның ақылды, талантты да дарынды қожайынының керемет жетістігінің 
басты 10 сырын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет