К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет11/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
 
1.7 Инвазиялық аурулардын алдын алу 
Алдын алу шараларының кешені аурулардың туындауына жол бермей
мал шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік беретін жалпы ветеринариялық 
санитариялық, биологиялық және химиопрофилактикалық шаралардан тұрады.
Жалпы ветеринариялық санитариялық шараларға жататындары:
толық қоректі азықтандыру, жақсы баптап күту, бағу арқылы малдың 
табиғи төзімділігін жоғарылату;
қоршаған ортаны таза ұстау, бірінші кезекте малшаруашылық объектілер 
мен олардың территориясын /мал серуендейтін алаңдарды/, сондай ақ, мал 
қиын жүйелі түрде тазалау, дезинвазиялау биотермиялық әдіспен 
залалсыздандыру;
жоспарлы түрле жүргізілетін дератизация, дезинсекция, дезакаризация 
көмегімен паразиттердің Аралық иелеріін және тасымалдаушыларын жою.
Алдын алудың биологиялық әдістерінде қолданылатындары:
- жайылым танаптарын жырту, жақсарту, тоқтау таяз суларды, 
батпақтарды құрғату, жайылымдарға қолдан көпжылдық шөптер егу;
- ауру қоздырушыларының тұқымдарының инвазиялық сатыға дейін даму 
мерзімдерін ескере отырып мал өрісін алмастыру;
- малды саздан аулақ құрғақ, қыратты өрістерге жаю;
- ересек мал мен төлді бөлек өрістерде бағу.
Инвазиялық аурулар кезінде өткізілетін профилактикалық шаралардың 
індетті 
аурулар 
кезінде 
өткізетін 
профилактикалық 
шараларымен 
салыстырғанда айырмашылығы өте көп. Індетті ауруларға профилактика өткізу 
үшін вакцинация, серотерапия, дезинфекция және карантиндік шаралар кең 
көлданылады, ал инвазиялық аурулар кезінде вакцинация мен серотерапияны 
әлі кең тәжірибелік қолдануға жол тапқан жоқ, дезинвазияны барлық аурулар 
кезінде өткізбейді. Паразитарлық аурулардың толық бір қатарында карантиндеу 
мен шектеу қойылады. Адамдармен жануарлардағы қоздырушылары бар 
инвазияларды антропозооноздар деп атайды. Адамның инвазиялық және 
індетті ауларының көп тасымалдаушылары малда паразиттейді, сондықтан ең 
негізгі шара оларды мал үстінде жоюы. 


18 
Инвазиялық аурулардың коздырушыларына қарсы профилактикалық 
шараларының негізі - биологиялық және химиопрофилактикалық әдістер, осы 
шаралар арқылы аурулардың пайда болуын қысқартуға болады, олар 
сақтандыру мақсатында жүргізіледі.
Эктопаразиттермен туындаған ауруларға 
қарсы әртүрлi препараттарды қолданады, оларды инсектоакарицидтер деп 
атайды. Жануарлардың терiсінің үстiне жаққан кезде, олар кенелердi және 
паразиттiк жәндiктердi жояды. Белгiлi уақыт бойы олардың көрiнуiн ескертедi. 
Иксод кенелермен күресу үшiн акарицидтердi қолданады. 
Биологиялық 
әдістеріге: 
қиды 
биотермиялық 
залалсыздындару, 
мелиорациялау және айырбастау, су қоймаларын құрғату және т.б. жатады. 
Нәтежиесінде паразиттер және олардың Аралық иелеріі, тасымалдаушылары 
жойылады. Мысалы, Оңтүстік Кавказда жайлаудың бір айыруы жануар үстінде 
Boophilus calcaratus кенесін жойылуына келтірді. 
Гельминтоздар кезінде клиникалыққы ортада және жануар организмінде 
гельминттердің барлық сатыларының дамуын жоюға бағытталған емдеу-
профилактикалық шаралар кешені өткізіледі. 
Жалпы шараларға: малды толық азықтандыру және жақсы күту, 
ветеринариялық-санитарлық ережесін қатаң сақтау, табиғи жайлауды 
жақсарту, гигиеналық су қоймасын ұйымдастыру, қиды биологиялық домдау, 
малды 
шаруашылықтан 
әкету 
алдында 
гельминтоздарға 
тексеру, 
шаруашылыққа 
барлық 
жаңа 
түскең 
малды 
карантиндеу 
және 
гельминтокөпрологиялық тексеру, міндетті түрде оларға дегельминтизация 
жасау жатады. 
Жайлаулық профилактика шараларына жатады: малды құрғақ жайлауда 
бағу, бағатын жайлау бөлімшелерін уақытында айырбастау, төлдерді ересек 
малдан бөлек бағу. 
Малды қорада ұстау көп гео- және биогельминтоздардан сақтайды. Ол 
үшін қораны жүйелі түрде, қора маңайын, қиды тазарту және дезинвазия 
өткізу, химиялық және биологиялық әдістері арқылы гельминттердің Аралық 
иелеріімен күресу қажет. 
Гельминтоз 
ауруларына 
қарсы 
малдың 
азығына 
арнайы 
химиопрепараттарды беру ұсынылады. Олар ие организмiнде дернәсілдердің, 
құрттардың немесе гельминттердiң дамуын тоқтатады. 
Кейбiр протозойлық аурулардың алдын-алу үшiн малдың қанына немесе 
терi астына белгiлi препараттарды еңгiзедi, олар қоздырушыны жояды немесе 
белсендiлігiн 
шектейдi. 
Химиопрепараттардың 
әсерiнен 
паразиттiң 
биологиялық белсендiлігi төмендейдi және стерильдi емес иммунитет, немесе 
премуниция сатысына өтеді.
Жануарларды күту және азықтандыру жағдайын жақсарту өте маңызды, 
өйткені олардың организмінің резистенттiлігiгің күшеюiне мүмкiндiк жасайды 
және ауру қоздырушыларына тұрақтылығын көтереді. Арық немесе азықтармен 
нашар күтiлген жануарлар сау жануарлармен салыстырғанда ауру 
қоздырушыларына өте бейiмдi болады, қатты аурады. 


19 
Гельминттоздарға 
қарсы 
шараларының 
ең 
негiзгi 
жолы 
– 
дегельминтизация, яғни химиопрепараттарды қолдану арқылы организмдi 
гельминттерден босату. 
Негізінен дегельминтизацияның тиімдңлңшң жақсы және сапасы жоғары 
антгельминтиктерге байланысты болады. Олардың сапасын келесі талаптар 
анықтайды: 
а) мөлшері аз және толық дамымаған гельминттерге әсер ету кезінде 
препараттың жоғары эффектівтілігі; 
б) у болмауы немесе өте төмен болуы; 
в) экономикалық тиімділігі –
препараттың және бір мал басының 
домдаулылығының арзандылығы (препарат арзан болуы мүмкін, бірақта 
жануарларға дегельминтизация жасаған кезде оның биік дозалары 
қымбаттайды); 
г) күрделі емес қолдану техникасы
д) көп уақыт сақтағанда тұрақтылығы және сақтау кезінде өз сапасын 
жоғалтпайдындығы; 
е) препараттың органолептикалық қасиеттері малдарға еркін берілуін 
көрсетеді (жаман иісі және дәмі жоқтылығы, суда тез ерітінділігі және т.б. ) 
Өз тағайындауы және қолдану нәтижесі бойынша дегельминтизацияның 
келесi түрлерi болады: шарасыз, профилактикалық, преимагинальдiк және 
диагностикалық; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет