К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Жылқы мен түйенің су-ауруы (трипаносомоздар)



Pdf көрінісі
бет127/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
3.6 Жылқы мен түйенің су-ауруы (трипаносомоздар) 
 
Су-ауру жылқы мен түйенің трансмиссивті протозоидтық ауруы. 
Трипаносомозбен ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, денесінің әр 
жерінен ісіктер пайда болады, сөл бездері ісінеді, қатты арықтайды. Су-
аурудың жіті және созылмалы түрлері болады. 
Қоздырғышы. T. evansі –морфологиялық белгілері жағынан басқа 
трипанозомаларға ұқсас ( 6 – сурет). Бұл паразитті әр елде әртүрлі атайды, 
жалпы оның 15 шақты атауы бар (T. сameli, T. soudanense, T. 
ninaekohlijakimovae, T. equinum және т.б. ). Паразитті алғаш 1880 жылы 
Индияда жылқы, қашыр, түйе қанынан тапқан ағылшын ғалымы Эванс. 
Ауруды Индияда сурра деп, атайды. Түйе трипаносомозы көбнесе су 


136 
25 сурет. Түйе қанындағы Trypanosoma 
evansі (М.С. Сабаншиев бойынша) 
маңында 
шығатын 
болғандықтан, 
қазақ халқы мұны су – ауру деп, 
атаған. Кейіннен бұл атау әдебиетте 
сақталынып қалды. Паразиттің дене 
тұрқы 2,8-32 х 1,4-28 мкм. Мекеңі- қан 
плазмасы. Олар қан ішінде жылдам 
қозғалады. 
Трипаносомалар 
қарапайым жолмен 2-4, ал кейде көп 
бөлшекке бөлініп, көбейеді. Ауру 
малдан сау малға қоздырғышты 
қансорғыш 
жәндіктер-соналар
тасымалдайды. 
Эпизоотологиялық деректері. 
Бұл ауруға жылқы, түйе, есек, қашыр 
бейім. Сондай-ақ ит, үй қояндары, 
теңіз шошқасы және ақ тышқандар 
сияқты зертханалық жануарлар да 
ауырадыСу-ауру Орта Азия республикалары мен Қазақстанда кездеседі. 
Әсіресе Шымкеңт, Қызылорда, Атырау облыстарында, Орал және Сырдария 
өзендері алқаптарында жиірек тіркеледі. Ауру қоздырғышын соналармен 
қатар шақпа шыбындар да тасымалдайды. Су-ауру шыбын-шіркей көп 
батпақты, шалшық сулы, ағынсыз, қара сулары мол жайылымдарда жиірек 
кездеседі.
Жаз бойы су-ауру трансмиссивті жолмен таралып, күзге таман ауру 
малдың саны көбейе түседі. Мұндайда су-аурудың жасырын түрімен ауырған 
жылқы мен түйе инвазияның негізгі көзі болып табылады. Су аурудан 
арылмаған және мал дәрігерлік-санитариялық шаралар дұрыс жолға 
қойылмаған шаруашылықта су ауруға түйе көп шалдығады. Ауру малға дер 
кезінде ем және жақсы күтім жасау керек, себебі бұл инвазияға шалдыққан 
мал өздігінен сауықпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет