144
Керекті жағдайда, мал басын 10-15 күннен соң қайта дәрілейді.
Шаруашылықтарда химиялық профилактика жүргізумен қатар,
жоспарлы
түрде кенелерге қарсы шаралар ұйымдастыру қажет.Кенелермен күрес
шаралары «Арахнология» бөлімінде жазылған
3.9 Ірі қара франсаиеллезі
Франсаиллез – мал денесінің қызбасымен,
қан аздықпен,
сарғыштанумен және гемоглобинурия белгілерімен сипатталатын ірі қара
протоозы.
Қоздырғышы – Francaіella colchіcа (Babesіa colchіca) (Jakimoff, 1927)
эритроцит ішіне дара, сыңар немесе кейде көптеп орналасады. Олардың
пішіні
дөңгелек немесе алмұрт тәрізді, тұрқы 2,8 мкм. Жұпталған алмұрт
тәрізді түрлері, сүйір жақтарымен қосылып, “көзілдірік” тәрізденіп тұрады.
Паразиттің дара, сыңар түрлері жиі кездеседі.
Аурудың алғашқы кезінде
қанда олардың саны аз болғанымен, аурудың орташа және ауыр түрлерінде
эритроциттердің 4-5 % -ін зақымдайды.
Қоздырғышының даму биологиясы. Франсаиелдердің өсіп-өнуі
өзгеше болуы мүмкін. Себебі, B.calcaratus балаңкенелері
қан сора бастаған
соң, 3,5 тәуліктен кейін, мал паразитпен зақымдана бастайды. Бұл жағдай
франсайеллездің жасырын кезеңі қысқарақ екеңдігін көрсетеді.
Онымен
қоса, иммунитет бұл ауруда тұрақты және ол бір жылдай мерзімге созылады.
Эпизоотологиялық деректері. Ғ.colchіcа – паразитін тек қана
B.calcaratus кенелері тасымалдайды. Паразиттің өсіп-дамуы, P.bіgemіnum-нің
өсіп-дамуы
мен ұқсас болғандықтан, Эпизоотологиялық деректері
пироплазмоз ауруына ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: