К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет138/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Гаметогония - жыныссыз көп бөлшекке бөлініп көбеюден кейін 
келетін, көбеюдің жыныстық түрі. Гаметогониялық көбеюде шизонттардың 
соңғы ұрпағынан гамонттар түзіледі. Сонан соң бұл торшалардан 
макрогаметоциттер және микрогаметоциттер айрықшаланады. Бұдан кейін 
макрогаметоциттер ірі және аз қозғалатын ұрғашы жыныс торшалары-
макрогаметтерге айналады. Микрогаметоциттердің ядролары көптеп бөлініп, 
одан пайда болған жаңа ядролар маңына цитоплазма түзіледі, мұның 
нәтижесінде екі-үш бишігі бар, орақ тәрізденген еркек жыныс торшалары 
пайда болады. Қозғалымпаз микрогаметтер макрогаметалар денесіне еніп, 
оларды ұрықтандырады, оның нәтижесінде көпула немесе зигота түзейді. 
Осыдан кейін зигота қабықпен қоршалып, ооцисталарға айналады.
Ооцисталардың пішіні кокцидиялар түріне қарай сопақ, дөңгелек, жұмыртқа, 
эллипс және алмұрт тәрізді болады. Ооцисталар қабығы көбінесе екі қабатты, 
ал цитолазмасы түйіршікті болады. Кейде кейбір кокцидиялардың біржақ 
ұшында микропиле - кішкентай тесік пен оны жауып тұрған қақпақша және 
жылтыр нүкте-полярлық түйіршік болады. 


146 
4 сызба. Эймериялардың даму сатылары 1 – спорозоит; 2-4 – шизонттар; 5 – мерозоит; 
6 – микрогаметтердің жетілуі; 6А – макрогаметтер; 7 – микрогаметтер; 8 – ооциста; 9 
– спорланбаған ооциста; 10-12 – спорогания сатысы. 
Isosporinae тұқым тармағына жататын қарапайымдылар бірнеше ие 
организмінде өсіп, көбейеді. Олар өздерінің даму сатыларын екі иеде 
аяқтайды. Изоспорийлердің көбісі жыныссыз мерогониялық және жынысты 
гаметогониялық дамудан өтіп, иесінің ішегінде немесе клиникалыққы ортада 
спорогониялық даму нәтижесінде 8 спорозоит түзеді. Әдетте, жетілген 
изоспороидтық ооцисталар ішінде, әрқайсысында 4 спорозоиты бар, 2 
споробласт пайда болады. 
Клиникалыққа шыққан ооцисталар цитоплазмасы түйіршікті болады. 
Клиникалыққа шыққаннан кейін ол шар тәрізденіп тығыздалады да 
тіршілікке қолайлы жылылық, ылғалдық және ауа жеткілікті жағдайда, төрт 
споробластқа бөліне бастайды. 
Кейін олардың әрқайсысының маңына қабықша түзіліп, спороцистаға 
айналады. Спороцисталар ішінде екі-екіден орақ тәрізденген спорозоиттар 
түзіледі. 
Олар 
түзілісімен 
спороцисталар 
спораға 
айналады. 
Қорытындысында, спорогониялық даму арқылы Eіmerіa туысына жататын 
кокцидиялардың ооцисталары ішінде сегіз спорозоит түзіліп, инвазиялық 
сатыға айналады. Осымен олардың клиникалықта дамуы аяқталады. Мұндай 
ооцисталар дамып жетілген және олар ауруға бейім малға жұқса, ауру 
қоздыра алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет