К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


 Инвазиялық (паразитарлық) аурулар



Pdf көрінісі
бет15/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

1.11 Инвазиялық (паразитарлық) аурулар 
Жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың жұқпалы 
аурулары инфекциялық және инвазиялық ауруларға бөлiнедi. Жалпы заңдылық 
дамуы бiрдей болса да, бiрақ көп белгiлерiмен ерекшеленедi. 
Инвазиялық ауруларды (латын сөзiнен аударғанда invasio – ену, шабуыл 
жасау) жануарлардан пайда болған (қарапайымдылар, гельминттер
шаянтәрiздiлер және жәндiктер) қоздырушылар тудырады. Жұқпалы аурулар 
(латын созiнен аударғанда infectio – зақымдалу) өсiмдiк организмден пайда 
болған (вирустар, микробтар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар). 
Инвазиялық ауру – жануар организмiне паразит – қоздырушысының 
патогендiк әсер ету нәтижесi. 
Паразиттiң патогендiк әсерi бiрнеше факторлардан тұрады: механикалық, 
аллергиялық, токсикалық, паразит санынан, ену жолдарынан, мекеңдейтiн 
орнынан, даму биологиясынан (дернәсілдердің миграциясы, организмде өніп-
өсу қабілеттілігі). 
Паразиттiк организмнiң ауру тудырушылығы – ол қатан жеке 
генетикалық көрсеткіш ауру тудыратын процесi. Жеке организмдердiң 
арасында паразиттiң бiр түрiнiң штаммдары өздерiне ғана тән қасиеттерiн 
белгiлейдi. Мысалы, Қазақстанда эхинококкустың бiр штаммы қойлар мен 
иттерде тiршiлiк етедi (қой – ит – қой), ал Белоруссияда – басқа штамм 
мекеңдейді, ит – шошқа – ит жүйесiнде. 
Вируленттiк – паразиттiң ерекше сапасын сипаттайды, оның ең айқын 
икемділігі белгілі бір нақты жағдайларда ие зақымдалуында патогендігін 
көрсету. 
Қарым-қатынас процесстердің кешеніне байланысты инвазиялық аурулар
жіті түрде – Клиникалық белгілері жақсы көрінеді, созылмалы түрде – белгілер 


23 
дұрыс білінбейді және субклиникалық өтуі мүмкін, кейбір кезде аурудың 
белгілерін тағайындау өте киын. 
 
 
1.12 Инвазиялық аурудың барысы. Инвазияның экстенсивтiгi және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет