К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Патогенезі және клиникалық белгілері



Pdf көрінісі
бет45/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патогенезі және клиникалық белгілері. Шистосомататалар аса патогендi 
гельминттерге жатады және өлiмге әкеп соғатын ауыр аурудың таралуының 
эндемиялық ошағын тудырады. Қой 
ағзасына 
түркiстан 
ориентобильхарцитдiң патогендi әсерi 
ену және көшу процесiнде, жетiлген 
трематоданың 
механикалық 
әсерi 
және 
олардың 
жұмыртқаларының 
қанда 
болуы, 
ие 
ұлпасына 
жұмыртқалардың көшуi, иесiнiң улану 
нәтижесiнде болады. 
Клиникалық 
байқылау 
аллергиялық көрiнiске негiзделген. 
Ориентобильхар-цийлар әсiресе қой 
мен ешкiге патогендi. Жануарларда 
әлсiздiк, одан кейiн қан және фибриндi 
қабыршақ тұнбасынан болатын iш өту 
байқалады. 
Көрiнетiн 
кiлегей 
қабықтары анемиялы. Температурасы 
41,2 - 41,4 С
о
, тамыр соғу мен тыныс 
жиiленген. Бұл кезеңде жиi өлiмге 
ұшырайды, әсiресе жас төлдер. 
Алдын 
алу 
және 
күресу 
шаралары құлақ тәрiздi моллюсканы 
жоюға негiзделедi. Ол үшiн оның 
биотоптарын батпақ және батпақты 
жайылымды кептiру жолымен жояды, 
сондай-ақ 
моллюскоцидтердi 
қолданады. Мыс купоросының 1:5000 
– 
1:25000 
мөлшерi 
және 
5,4-
дихлорсалициланимидтiң 1:500000 қатынасы 100-ке құлақтәрiздi прудовиктi 
жояды. Моллюскацидтердi инвазияның интенсивтi ошағында қолдануда сақтық 
ережелерiн қадағалау керек. 
2.11 Құстардың простогонимозы 
 
Простогонимоздар Prosthogonimidae тұқымдасына, Prosthogonimus 
туыстастығына жататын трематодалардың әр түрлi түрлерiмен шақыруланады. 
Тауықтардың, күрке тауықтардың, сирек үйректердiң және қаздардың ауруы. 
Осы паразиттер жас құстарда фабрицийлi қапшығында, ал ересек құстарда – 
жұмыртқа жолында тiршiлiк етедi. Осы ауру кезінде жұмыртқалау бұзылады.
Қоздырушысы. Prosthogonimus туыстығы үшiн келесi белгiлер тән: 


56 
жыныс тесiктерi бүйiр жағында ашылады, ауыз сорғыштың қасында, жыныс 
бурсасы ұзын және цилиндрлi; құрсақ сорғыштың артында бiрнен-бiрi ендер 
орналасқан.
8 сурет. 1– Prosthogonimus; 2- Prosthogonimus ovatus: По – аталық және аналық жыныс тесiгi; 
Рп – ауыз сорғышы; Гл – жұтқыншақ; Пщ - өңеш; Мб – аталық бурсасы; М– жатыр; К – iшек; 
Я – жұмыртқалық; Бп – құрсақ сорғышы; Ж – желточник; С – ендер; Эк – экскреторлы өзек 
(Скрябин мен Шульц бойынша). 
P.ovatus - денесi алмұрт тәрiздi, ұзындығы 3-6 мм енi 1-2 мм. Құрсақ 
сорғышы ауыз сорғышқа қарағанда екi есе үлкең. Iшек ауыз бен құрсақ 
сорғыштардың арасының ортасында орналасады. 
Ендері сопақша, дененiң артқы жағында, жұмыртқалық құрсақ сорғыштан 
дорсальды орналасқан. Жатырдың артқы жағын және ендердiң арасында жерін 
қамтиды. Олар құрсақ сорғыштың алдында және айналасында қатты иiлген. 
Р.cuneatus - жұмыртқалық құрсақ сорғыштың артында орналасқан. Жатыр 
құрсақ сорғыштың алдында иiлмейдi. 
Аралық иелер – Bithynia, Gyraulus тұқымдасы тұщысу ұлулар; қосымша 
- Libellila, Anax, Sympetrum тұқымдасына жататын инеліктердің көптеген 
түрлерi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет