К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


 Цестодалар және цестодоздар



Pdf көрінісі
бет53/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
2.15 Цестодалар және цестодоздар 
 
Цестодалар (грек сөзi «Cestos» – таспа, + «eidos» - бiтiмi) бітімі таспаға 
ұқсаған, жалпақ құрттар. Бұлар тудыратын ауруларды цестодоздар деп атайды. 
Таспалы, яғни жынысы жетiлген имагиналдық түрi омыртқалылардың асқорыту 
жүйесiн мекеңдейдi, ал олардың лавроцисталары (көпiршiктерi) немесе 
балаңқұрттары омыртқалы немесе омыртқасыздардың әр түрлi мүшелерi мен 
ұлпаларына орналасады. Малдәрiгерлiк, медициналық маңызы зор таспа 
құрттар екi текке бөлiнедi: Cyclophillidea - шынжыр құрттар (цепеньдер) және 
Pseudohillidea - баулы құрттар. Цестодтар жалпақ құрттар типіне, Cestoda 
класына жатады. Олар екі класс тармағына бөлінеді: Cestodaria және Eucestoda. 
Cestodaria тармағы бунақтары жоқ, аздаған гельминттер. Олар жалғыз 
Amphillinidae тұқымдасынан тұрады. Бұлар мекре тұқымдас балықтардың және 
тас бақалардың паразиттері.
Цестодалар таспа сатысында көптеген сүтқоректілердің ас қорыту 
мүшелерін мекеңдейді. 
Шынжыр құрттардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас (сколекс), мойын 
(шейка) және бунақ дене (стробила). Таспа құрттардың ұзындығы, түрлерiне 
байланысты, бiрнеше миллиметрден бiрнеше метрге дейiн жетедi. 
Сколекс құрт денесiнiң алдына орналасқан, көлемi, пiшiнi, құрылымы 
әрқилы, 2-4 сорғышы бар. Құрт сколексінің алдында тұмсық тәрізді өсіндісі 
болады, оның 1-2-3 қатарлы iлмекшелері болуы мүмкін (қарулы сколекс). 
Сколекс өзiнiң сорғыштары және iлмекшелерiмен iшектiң кiлегей қабығына 
мықтап бекінеді.
Мойын сколекстiң астыңғы жалғасы, дененiң бунақтарға бөлiнбеген 
жiңiшке тұсы. Мойыннан немесе өсу шебiнен (зонасынан) жаңа жас бунақтар 
қалыптасып, олар жетілген сайын, стробиланың артына қарай жылжи бередi. 
Құрттың ұзаруын және жаңа бунақтардың қалыптасуын қамтамасыз етедi. 
Бунақ дене немесе стробила цестоданың мойнына жалғасқан және 
көптеген бунақтардан (буылтықтардан, проглоттидалардан) құралған. Жаңа 
пайда болған проглоттидаларда жыныс мүшелерi болмайды, одан 
кейiнгiлерiнде әуелi аталық, сонан соң аналық жыныс мүшелерi дами бастайды.
Аталық және аналық жыныс мүшелерi толық қалыптасқан бунақтарды 
қызтекелiк, яғни гермафродиттiк бунақтар деп атайды. Жетiлген жыныс 


65 
мүшелерi өзара шағылысқан соң, еркектiк ағзалар бiртiндеп өздiгiнен жойыла 
бередi, ал аналық мүшелері керiсiнше дараланады, бiрақ көп кешiкпей олар да 
жойыла бастайды, бунақ iшiнде тек қана жатыр қалады. Жатыры құрт 
жұмыртқаларына толы, ең соңғы бунақтарды жетiлген бунақтар дейдi. 
Жетiлген бунақтар күнделікті стробиладан үзiлiп (дестробиляция құбылысы), 
нәжiспен, саңғырықпен бiрге клиникалыққы ортаға таралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет