К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет56/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
Плероцеркоид (Plerocercoid) - лентецтердің дернәсіл сатысы, ұзындығы 1 
метрге дейін барады, капсуласы және кірпікшелері жоқ, денесінің алдыңғы 
жағында ботрийялар орналасқан. 
Цепеньдердің (шынжыр құрттар) өсіп-өнуі клиникалыққы ортаға ересек 
құрттардың жетілген бунақтар бөліп, таратуынан басталады. Оның іші толған 
құрт жұмыртқалары. Бунақ қабығы жиырылып немесе ыдырап, ішіндегі 
жұмыртқаларын мал жайылымдарына шашады. Мал жануарлар жайылымда 
құрт жұмыртқаларын шөппен немесе сумен қоса жұтып, цестодозды 
жұқтырады. Мал ішегінде жұмыртқадан босап шыққан онкосфералар қан 
тамырларына еніп, бүкіл ұлпаларға, ағзаларға тарайды. Олар өздерінің 
бейімделген ағзасына жеткең соң, құрттың түріне байланысты, әр түрлі 
ларвацисталарға (цистицерк, ценур, ехинококк т.б.) айналады. Ал, құрттың 
ақтық иелері ларвацисталармен зақымданған мал ағзаларын жеп, гельминттерді 
жұқтырады. Олардың ішегінде ларвацисталардан құрт сколекстері босап
ішектің кілегей қабығына бекініп, ересек таспа құртқа айналады. 
Шынжыр құрттар бірнеше текке бөлінеді.
Тенияталар –Taeniata – тегі бiр ғана тенииде (Taeniidae) тұқымдасынан 
тұрады. Сколекстерi қарулы немесе қарусыз. Ересек құрттар адам мен ет 
қоректiлердiң iшегiнде тiршiлiк етедi, ал ларвоцисталары (цистицерк, ценур, 
эхинококк, альвеококктар) - сүтқоректiлердiң дене мүшелерi мен ағзаларын 
мекеңдейдi.
Аноплоцефалята - Anoplocephalataтегі аноплоцефалиде 
(Anoploсehalidae) және авителлиниде (Avitellinidae) тұқымдастарына жіктеледі. 
Сколекстерi қарусыз. Құрттардың ересек сатысы тұяқты малдар мен 
кемiргiштердiң 
паразиттері, 
ал 
ларвоцисталары 
(цистицеркоид) 
– 
буынаяқтыларда дамиды.
Гименолепидаталар – Hymenolepidata – тегі екi тұқымдастыққа бөлiнедi. 
Олар: дипилидиелер (Dipilidiidae) мен гименолепидидилер (Нymenolepidata). 
Солекстерi қарулы. Ақтық иелерi - құс пен сүтқоректiлер, аралық иелерi 
әртүрлi омыртқасыздар. Ларвоцисталары - цистицеркоид;
Давенеаталар - Davaineata – тегіне жататын құрттардың да 


68 
ветеринариялық маңызы зор. Олардың да сколекстерi қарулы. Ақтық иелері – 
әр түрлі құстар, ал аралық иелері - ұлулар немесе буынаяқтылар. 
Ларвоцисталары - цистицеркоид. 
Баулы құрттардың (Pseudophillidea) құрылымы бөлекше келеді. Олардың 
сколексiнде сорғыштары және ілмекшелері болмайды, олардың орнына екi 
(немесе төрт) саңлаулары (ботриялар) бар. Жыныс мүшелерi өзiнiң құрылымы 
жағынан шынжыр құрттарға қарағанда, сорғыштарға жақынырақ келедi. 
Сорғыш құрттар сияқты, олардың жатыры жабық емес ашық, сондықтан 
қоршаған ортаға құрттың жұмыртқалары шығады. Баулы құрт 
жұмыртқаларының бiр ұшында, трематодалар жұмыртқалары сияқты
қақпақшасы бар. Балаңқұрттары екі түрлі. Процеркоид – денесi ұзындау
алдыңғы жағында бiлiне бастаған саңлауы, ал артында шар тәрiздi қосалқысы 
бар. Аралық иелерi шаянтәрiздiлер немесе ескекаяқтылар. Плероцеркоид - 
ұзындығы 1 мм-ге жетедi, ботрийлерi айқындалған, қосымша иелерi-әртүрлi 
балықтар. 
Лентецтердiң өсiп-өну циклі бес кезеңнен өтеді: 1) құрт жұмыртқасының 
судағы эмбриогенездік дамуы; 2) суда еркiн жүретін корацидийлік сатысы; 3)
аралық иелері - ескек аяқтылар денесiнде дамыған процеркоид сатысы, 4) 
балық денесінде дамыған плероцеркоид сатысы; 5) ақтық иелері асқорыту 
жолдарында дамыған ересек сатысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет