Патологиялық анатомиясы. Инфекция кірген жерде арнайы гранулема пайда болады. Саңырауқұлақ айналасында лимфоциттер мен полинуклеарлы жасушалар-клеткалар жиналады. Сырт жағындағы жұмсақ грануляциялық қабат плазмалық клеткалармен қатар, фибробластардан тұрады. Осы клеткалар ішінде үлкен көпядролы ксантома тек актиномикозға тән клетка болып есептеледі. Гранулема ортасы бұзылып, ал шет жағындағы грануляциялық тін фиброзға айналады. Сәулелі саңырауқұлақтың өзі ұшы колба сияқты кеңейген жіңішке жіпше.
Актиномикозға морфологиялық өзгерістер организмнің арнайы және арнайы емес қорғануына байланысты. Көптеген жағдайда актиномикозға ірің микробтарының қосылуы үлкен әсерін тигізеді.
Инфекцияның таралу жолдары:
1) жалғасу (ұласу); 2) лимфа тамырлары; 3) қан тамырлары
С. Ф. Дмитровтың сәулелі саңырауқұлақ тобының-друзының «лизис» феноменін ашқаннан кейін лимфа және қан арқылы тарау жолдары түсінікті болды. Бет-жақ аймағында лимфа тамырлары арқылы инфекцияның тарауы көп кездеседі.
Қан тамырлары арқылы инфекция тараса актиномикозбен көбінесе барлық организм уланып, өкпе, бауыр, бүйрек қабынуға шалдығады.
Жіктелуі.
Актиномикозды Г. О. Сутеев (1951) 3 түр, К. И. Бердигин 4 түрге бөледі.
Ал енді біз Т. Г. Робустованың жіктеуі дұрыс деп түсінеміз, өйткені ол барлық жағдайларды қамтиды;
1) Тері; 2) Теріасты; 3)Теріасты -бұлшықет; 4) Сүйек; 5) Лимфа түйіндері;
6) Сүйек қабы; 7) Кілегейлі қабық; 8) Кілегейлі қабықасты;
9) Одонтогендік актиномикоз гранулемасы; 10) Көмекей сілекей бездер актиномикоздары.
Клиникалық көрінісі бойынша актиномикоз екі түрде кездеседі:
1) асқынбаған; 2) асқынған түрі (ірің микробтарымен қоса) болып бөлінеді.
Асқынбаған актиномикоздың клиникалық көрінісі. Актиномикоздың клиникалық көрінісі организмнің өзіндік ерекшеліктеріне, орналасқан аймағына байланысты.
Жақ-бет аймағындағы жұмсақ тіндерде ауырмайтын немесе сәл ауыратын шектелген ұйыспа-инфильтрат пайда болады. Бұл ұйыспа-инфильтрат біртіндеп өсіп, шекарасын жоғалтып үлкейіп, «ағаш» тәріздес қатаяды. Сипап тексергенде ауырады. Ұйыспа үстіндегі тері қызғылт-көк түсті. Дене қызуы сәл көтеріліп, жалпы жағдайы ауырлай түседі.
Одан кейін тері ұйыспа-инфильтратқа байланысты қызғылт түске еніп жұқарып «жыланкөз» пайда болады. Жыланкөзден кішкентай ақшыл-сары түйінді сұйық ағады (25-сурет). Бұл түйіндер сәулелі топ-друз деп аталады. Шамалы уақыттан кейін жыланкөз жабылып, орнында шұқырша қалады. Бұндай кезең көп кешікпей басқа жерлерде (инфильтрат үстінде) пайда болады. Осының әсерінең ұйыспа-инфильтрат үстіндегі тыртықтар «көктелген көрпе» тәрізді болады. Клиникасы жараның орналасқан жеріне (топографиясына) байланысты. Мысалы, ауру құлақ-шайнау аймағында болса шайнау бұзылып, ауыз ашылмай қалады. Ал мойында болса бас қозғалысы қиындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |