Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Кафедра Хирургия және балалар жасындағы стоматология «Стоматология факультеті
Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы 8 : Бет шиқаны, көршиқаны,беттің тілмеленіп қабынуы. Клиникалық көріністері, нақтамасы, емдеу кезеңдері.
Курс ІY
Семестр YІІ
Құрастырған. Б.И.Шораев Тақырыбы:Бет шиқаны, көршиқаны,беттің тілмеленіп қабынуы. Клиникалық көріністері, нақтамасы, емдеу кезеңдері. Оқу сағат саны 5 акад. сағат
Тақырып өзектілігі:түк фолликуласының және оның айналасындағы тіндердің жедел түрде іріңдеп, өліеттене қабынуын шиқан дейді. Бірнеше түк фолликуласы мен майлы бездерді қамтып тері және теріасты клетчаткасының іріңдеп өліеттене қабынуын көршиқан дейді.
Сабақтың мақсаты:Студенттерге беттің шиқанын, көршиқанын клиникасы, анықталуын, емін оқып үйрету
ЖБА жарақаттанғанда қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдау
Емдеу әдісін жоспарлай білу
Сабаққа дайындалу сұрақтары: ЖБА қабыну ауруларының түрлері
Шиқан дегеніміз не?
Шиқанның клиникасы, нақтамасы,емі
Көршиқанның клиникасы, нақтамасы
Ақпараттық-дидактикалық блок Сабақтың мазмұны: ТІЛМЕ (РОЖА) Тілме — терінің және шырышты қабықтардың жедел сарысулы немесе сарысулы-қанды қабынуымен сипатталанатын организмнің жалпы улануымен көрінетін инфекциялы ауру.
Келіп шығу тарихы-этиологиясы А тобындағы бетта — гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады. Ауру қоздырғышы стрептококктың басқа да түрлеріде болуы мүмкін, ал ауру ағымы ауыр жағдайда, патологиялық кезеңде т.б, микробтар, соның ішінде стафилококкта қатысады.
Патогенезі. Организм сенсибилзацияланып оның жалпы және жергілікті инфекцияға қарсы қорғаныс жағдайларының төмендегенде тілме дамиды. Гетеро-және аутосенсибилизациялық жағдайлардың ішінде терінің және жалпы организмнің салқындауы, қажуы, созылмалы аурулардың өршуі, әртүрлі стресті жағдайлар жататынын атау керек. Терінің қарсыласу және бактериоцидтік белсенділігінің көп маңызы бар. Аурудың дамуы, әсіресе терінің стрептококкпен ұрықтанғанында ықтимал. Инфекция ену көзі тері, көп жағдайларда, оның жарақаттары эрозиялар, қабыну.
Кей жағдайларда тілмеге организмнің туа біткен бейімділігі де байқалады. Организм сенсибилизацияланып оның иммундық қорғанысы бұзылады, қан құрамында гистамин көбейіп және организмнің гистаминді залалсыздандыру қызметінің төмендеуі тілменің дамуына әкеліп соқтырады.