Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет24/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

I класс – төтенше қауіпті заттар (хлор диоксиді, озон, т.б.);
II класс – қауіптілігі жоғары заттар (күкіртсутегі, күкірт және тұз қышқыл- дары, күйдіргіш сілті ерітінділері, т.б.);
III класс – қауіптілігі орташа заттар (күкірт диоксиді, камфара, т.б.);
IV класс – қауіптілігі төмен заттар (аммиак, этил спирті, т.б.).
Адам ағзасына әсер етуші негізгі зиянды заттарға мыналар жатады:
қоздырғыш заттар, бұл заттар тыныс алу жолы ұлпаларының бетін, сіле- кейлі қабықша және теріні зақымдайды (қышқылдар, сілтілер, аммиак, хлор, күкіртті қосылыстар, т.б.);
тұншықтырғыш заттар – ауадағы оттегі мөлшерін сұйылтатын физи- калық зиянды газдар (көмірқышқыл газ, азот, метан, т.б.);
улар, қан айналымы жүйесінің ішкі органдары (бензол, фенол) мен нерв жүйесінің (спирттер, эфирлер) зақымдануын туғызатын заттар;
ұшқын есірткі заттар (ацетилен, ұшқын көмірсутегілер);
өнеркәсіптік шаңдар, бұлар ағзаның аллергиялық реакцияларын туғы- зады немесе инертті келеді.
Уытты заттар адам ағзасына тыныс алу органдары (бу, газ, шаң), тері (негізінен сұйық және майлы өнімдер) және асқазан-ішек жолдары (сұйық, қатты және газ тәріздес заттар) арқылы енуі мүмкін.
Зиянды заттар адам ағзасына көбінесе тыныс алу органдары – мұрын қуы- сы және өкпе арқылы енеді. Өкпеден улар қанға сіңіріліп, бүкіл ағзаға тарайды. Әртүрлі химиялық өнімдердің тыныс алу органдары арқылы ағзаға ену қабілеті де түрліше болады, бұл негізінен жекелеген заттардың суда, ұлпа сұйықтық- тарында және ағза ортасында ерігіштігіне байланысты.
Аммиак, хлорлы сутегі және күкірт диоксиді суда жақсы еритіндіктен жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатында тұрып қалады да, олардың қоздыруын туғызады. Хлор және азот оксиді суда нашар ериді, сондықтан олар тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатында тұрып қалмай, өкпеге сіңіп, оның қабынуына әкеледі. Шаң да адам ағзасына тыныс алу органдары арқылы еніп, зиянды әсе етеді. Шаңның ықпал ету дәрежесі оның бірқатар қасиеттерімен анықталады. Осы қасиеттерден шаң бөлшектерінің мөлшері ерекше мәні бар. Мөлшері 0,25-тен 10 мкм-ге дейінгі шаң бөлшектері аса қауіпті келеді. Олар жоғарғы тыныс жолдарына шөгіп қалмайды, өкпеге енген соң ауамен кері қарай шықпайды.
Көптеген уытты заттар ағзаға тері арқылы енеді. Тікелей тері арқылы майда жақсы еритін заттар (көмірсутегі, металорганикалық қосылыстар, т.б.) енуі мүмкін. Ұшқындығы жоғары сұйықтықтар тері бетінен тез буланып, ағзаға ене қоймайды. Алайда, бұл ұшқын заттар паста, иісмай, желім құрамына енетін болса, онда тері бетінде ұзақ сақталады. болса теріде ұзақ уақыт сақталады. Қатты заттар да ағзаға тері арқылы өтеді. Анилин және нитробензол сияқты ұшқындығы аз заттар қауіпті келеді.
Өндірістік жағдайларда уытты заттар асқазан-ішек жолы арқылы өте си- рек түседі, олар көбінесе кір қолдар арқылы енеді.
Улы заттардың ағзада жинақталуы (кумуляциясы) олардың алмасуы не- месе шығуы ағзаға енуден гөрі жай жүретін жағдайда ғана болады. Кумуля- цияланған улар (сынап, қорғасын, мышьяк) ағзада жинала келе, оған ұзақ әрі күшті әсер етеді.
Уытты заттардың ағзадан шығуы тері, бүйрек, өкпе, асқазан-ішек жо-лы арқылы жүргізілуі мүмкін. Өкпе арқылы негізінен тез кебетін заттар (спирттер, эфирлер, бензин, т.б.), бүйрек арқылы – суда жақсы еритін заттар, ауыр металл қосылыстары (қорғасын, сынап), ал марганец негізінен асқазан-іш жолы арқылы шығарылады. Майда тез еритін барлық заттар (мыс, мышьяк, сынап) тері арқылы шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет