Бақылау сұрақтары:
Зиянды заттардың қауіптілігі кластары
Зиянды заттардың адам ағзасына әсері
Зиянды заттардан қорғау құралдары
Зиянды заттардан қорғау тәсілдері
№6 практикалық сабақтың тақырыбы: Адамды зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардан сақтандыру
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз
Кəсіптік қызмет саласындағы туатын физикалық жəне кемшілік факторларынан адамды Қорғаудың тəсілдері мен құралдарын;
Дірілден, шудан, инфра жəне ультрадыбыстардан сақтануды;
Электромагниттік сəулелерден сақтануды;
Ұдайы электрлік жəне магниттік өрістерден сақтануды, лазерлік сəулеленуден, инфрақызыл (жылу) и ультракүлгіннен;
Радиациядан сақтануды.
6-СОӨЖ тақырыбы: Адамды химиялық жəне биологиялық жағымысыз факторлардан сақтандыру
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
6-СӨЖ тапсырмалары: Табиғи жəне механикалық вентиляция
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]
ЖЕТІНШІ АПТА
№ 7 дəріс
Тақырып: Өндірістік жайларды желдету
Дәріс мазмұны:
1. Желдету түрлері. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
2. Қажетті ауа алмасуды анықтау
3. Ауаны кондиционирлеу
4. Желдету жүйесінің өнімділігін бақылау
5. Өндірістік үй-жайларды жылыту
1. Желдету түрлері. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Желдетудің мақсаты – өндірістік жайларда санитарлық-гигиеналық нор- маларға сай келетін ауа ортасын қалыптастыру.
Жайлардағы қалыпты санитарлық-гигиеналық жайларды ондағы ластанған немесе қатты қызған ауаны шығару және оны сыртқы атмосферадағы таза ауа- мен алмастыру арқылы ұстап тұруға болады.
Механикалық желдету жалпы алмасулық және жергілікті болуы мүмкін.
Жалпы алмасулық желдету деп үй-жайдағы бүкіл ауаны алмастыруды айтады.
Жергілікті желдету зиянды ауаны тікелей оның түзілген жерінен әкетуге арналған.
Қызмет түріне қарай желдету құйылымды, сорылымды және құйылым- сорылымды болып бөлінеді.
Жалпы алмасулық желдету кезінде желдеткішпен 1 сағат ішінде соры- латын немесе шығарылатын ауа көлемінің жай көлеміне қатынасы ауа алма- суының еселігі деп аталады. Осы өндіріс үшін белгіленген ауа алмасу еселігін біле отырып, желдеткіштің қажетті өндірімділігін есептеуге болады. Есептеуді келесі формула бойынша жүргізеді:
L = kV, м3/сағ
мұнда L – желдеткіштің сағаттық өндірімділігі, м3/сағ; k – ауа алмасу еселігі; V – жайдың көлемі, м3.
Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар:
1) сорылып-тартылатын ауа көлемінің шығарылатын ауа көлемінен 10...15% жоғарылығы;
2) ауаны зияндылықтар аз бөлінетін аймаққа беру және оны анағұрлым ластанған орындардан тартып-шығару;
3) жұмыскерлердің аса суықтауы немесе ыстықтауының болмауы;
4) ластанған ауаның жанасатын аумақтың желденетін учаскелеріне ғана шығарылуы;
5) желдетудің жұмысы кезінде шу мен діріл деңгейлерінің белгіленген нормаларға сәйкестігі;
6) құрылғының қарапайымдылығы және пайдаланудағы сенімділігі;
7) өрт- және жарылысқауіпсіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |