Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Электромагниттік сәулеленуден қорғану



бет64/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Электромагниттік сәулеленуден қорғану
Компьютерлер кең спектрлі электромагниттік сәулелендірулер тудырады: рентгендік, ультракүлгін, жоғары жиілікті (10-300 МГц), төмен жиілікті (5 Гц - 300 кГц) және электростатикалық өріс.
Бұл тұста келесілерді атап өту керек:
- монитор экранының сәулеленулері өте шамалы;
- бірқатар үлгілер үшін өлшенген толқын ұзындығы 0,32 мкм болған кездегі монитордың ультракүлгін сәулеленулері, гигиеналық норматив 1000 мкВт/см2 болғанда 200 мкВт/см2-тан аспады, ал бұл бұлтты күннің ультракүлгіннің қарқындылығынан бірнеше рет аз. Бірақ та, толқындардың ұзындығы 0,3 мкм-нен азырақ сәулеленулер үшін нормативтер 1000 есе аз болатынын, яғни сәулеленулер көбірек қауіпті екендігін есепке алу керек және мұндай сәулеленулердің қандай да бір дозасы пайдаланушыға әсер етуі мүмкін. Монитордың шынысы 0,3 мкм-ден қысқа өте күлгін сәулеленуді кесіп тастауға тиіс болса да, тиімді қорғаныс болып толқындарының ұзындығы 0,36-0,4 мкм-ден кемірек сәулеленулерді өткізбейтін көмпьютерлік сүзгі (фильтр) қызмет ете алады;
- жоғары жиіліктегі облыста (10-300 МГц) монитормен генерацияланатын электр өрісі норматив 10-80 В/м болғанда 0,01 В/м-ден аспайды; қауіп-қатерді магниттік өрістер тудырады;
- әр түрлі маркалы мониторлар үшін бірнеше рет жүргізілген өлшеулердің нәтижелері мынаны көрсетті: монитордан тікелей жақын жердегі төмен жиіліктегі (3-300 кГц) электр өрісінің жүктелулері әр түрлі елдердегі гигиена-лық нормативтер 50-500 В/м болған кезде 5 В/м -ден аспайды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас әсер етулер адам денсаулығына зиян келтіре алады деген сенімді дәлелдер жоқ, дегенмен қауіп-қатерлерді магнит өрістері және неғұрлым төмен жиіліктегі сәулеленулер төндіреді;
- киноскоптың жоғары-вольттік қоректену көзімен тудыратын электр көзінің жүктелушілігі монитордан 10 см қашықтықта 20-30 кВ/м мәндеріне жете алады және нормативтік 20 кВ/м-ден алып түседі.
5. Компьютерлік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Столдың биіктігі мүмкіндігінше 680 мм-ден 800 мм-ге дейін реттелетіндей болуы керек, стол 725 мм биіктікте болуы керек және аяқтар үшін тұғырықтары бар болуы керек. Пайдаланушының креслосы көтерілмелі-бұрылмалы болуы керек және отырғыштың және арқалықтың еңкіштік бұрыштары және биіктігі бойынша реттелетін болуы керек, сондай-ақ арқалық отырғыштың алдынғы шетінен қашықтығы бойынша да реттелетіндей болуы керек. Жұмыс орыны экранға жақын орналасқан құжаттар үшін пюпитрмен жарақтандырылуы керек.
Пайдаланушының көзінен монитор экранына дейінгі қашықтық кемінде 50 см болуы керек, ең жақсысы 60-70 см. Монитордың экранынан көрші қатардың мониторының артқы қабырғасына дейінгі қашықтық кеміне 2 м болуы тиіс, ал бүйір жақ қабырғалардың аралығындағы қашықтық 1,2 м-ден кем болмауы тиіс. Бір ересек пайдаланушыға келетін аудан кем дегенде 6 м2-ді, көлем кем дегенде 20 м3-ті құрауы керек.
Электромагниттік қауіпсіздік орталығы келесідей ұсыныстарды жасап шығарды:
- экранның төменгі деңгейі көздердің деңгейінен 20 см-ге төмен болуы керек, экранның жоғарғы жиегінің деңгейі маңдайдың биіктігінің деңгейінде болуы керек;
- клавиатураның биіктігін пайдаланушының қолының білезігі көлденең орналасатындай етіп реттеу қажет;
- креслоның арқалығы пайдаланушының арқасын ұстап тұруы қажет;
- жамбас және омыртқа аралығындағы бұрыш 900-ты құрауы керек;
- құжаттың түп нұсқасы бар тұғырықты экранмен бір жазықтықта және онымен бірдей биіктікте орнату керек;
- бөлмелердің ылғалдылығын арттыру қажет: компьютерден 1,5 м радиусында гүлдерді, аквариумді орналастыру керек; 210С температурасы кезінде ылғалдылық 60% болуға тиіс;
- ересек пайдаланушының монитор экранының алдындағы жұмыс уақытының толық ұзақтығы, тек қана қорғағыш экраны бар қарапайым мониторды пайдаланған кезде, 8 сағаттық жұмыс күні ішінде 4 сағат болуы керек;
- әрбір жұмыс сағатының соңында 5 минуттық үзіліс жасау керек, ал 2 сағат сайын 15 минуттық үзіліс жасап мониторды сөндіріп жұмыс орынынан кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет