Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Бейнетерминал (БТ) және дербес электронды-есептеуіш машинамен (ДЭЕМ) жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары



бет62/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Бейнетерминал (БТ) және дербес электронды-есептеуіш машинамен (ДЭЕМ) жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Есептеу орталығының (ЕО) қызметкерлері: ЭЕМ операторлары, деректерді дайындау бойынша оперлаторлар, бағдарлама жасаушылар физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлардын әсеріне ұшырайды. Шуылдың жоғары деңгейіне, сыртқы ортаның жоғарылаған температурасына, табиғи жарықтың жетіспеушілігіне немесе болмауына, жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтан-дырылуына, электр тоғына, статикалық электр қуатына және басқаларына тап болады. ЕО-ның қызметкерлері үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтама-сыз ету үшін бұл мәселелерді шешудің жолдары анықталады.
Өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені ЕО-дағы өрттер адам өмірі үшін қауіп-қатермен және үлкен материалдық шығындармен ілеседі.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бар жасалынған ұйымдастырушылық шара-лардың және техникалық құралдардың кешені, бірқатар есептеу орталық-тарының алдыңғы қатарлы жинақталған тәжірибесі көрсеткендей жұмыскер-лерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін жою ісінде айтар-лықтай біршама үлкен табыстарға жетудің мүмкіндіктері бар. Бірақ та бірқатар ЕО-да жұмыс жағдайларының жай-күйі және оның қауіпсіздігі қазіргі заманғы талаптарды қанағаттандырмайды. ЭЕМ-ның операторлары, деректер даяр-лаудың операторлары, программистер және басқадай ЕО-ның қызметкерлері шудың жоғары деңгейі сияқты, сыртқы ортаның жоғары температурасы сияқты, аймақтың жеткіліксіз жарықтандырылуы немесе оның болмауы, электр тоғы және статикалық электр қуаты және басқалары сияқты физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерлерімен әлі де ұшырасуда.
ЕО-ның бөлмелері, олардың өлшемдері (ауданы, көлемі) жұмыскерлердің санына және онда орналастырылатын техникалық құралдардың жиынтығына ең бірінші кезекте сәйкес келуі керек. Оларда температураның, жарықтанды-рудың, ауа тазалығының сәйкес көрсеткіштері қарастырылады, айыруларды, өндірістік шуылдан оңашалауды қамтамасыз етеді және т.б. Еңбектің қалыпты дұрыс жағдайларын қамтамасыз ету үшін СН 245-71 санитарлық нормалар бір жұмыскерге 15 м3-тен кем емес өндірістік бөлменің көлемін, қабырғаларымен немесе саңылаусыз бөліктермен қоршалған бөлмелердің бір жұмыскерге келетін ауданы кемінде 4,5 м2 болуы қажеттігін белгілейді.
ЭЕМ пайдалану үшін келесідей бөлмелерді қарастыру қажет:
- машиналық зал, сервистік және шеттегі аппаратураларды орналастыру үшін бөлмелер, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды, аспаптарды (КӨА–ЗИП) сақтау үшін бөлмелер;
- сорғыш және үрлегіш желдеткіштерін орналастыру үшін бөлмелер;
- қызметкерлер үшін бөлмелер;
- ақпараттарды қабылдап шығару үшін бөлмелер.
ЕО-да, ережедегідей, бүйірлік табиғи жарықтандыру қолданылады. Жұмыс бөлмелері және кабинеттерінде табиғи жарықтандыру бар болуы керек. Қалған бөлмелерде жасанды жарықтандыруға рұқсат етіледі.
Тек қана жалғыз табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болған жағдайларда қатар қолданылатын жарықтандыру орнатылады. Бұл жерде жасанды жарықтандыру тәуліктің қараңғы уақытымен қатар күндізгі жарық уақытында пайдаланылады. Орындайтын міндеттерінің сипаты бойынша жасанды жарықтандыру жұмыс, авариялық, эвакуациялық болып бөлінеді.
ЕО-дағы жұмыс орындарында ішкі көздермен тудырылатын шуылдарды азайту, сондай-ақ сырттан кіретін шуды азайту өте маңызды міндет болып табылады. Дыбыс таратушы көздердегі шуды азайтуды машинаның негізінің, аспаптарының және тіреуіш бетінің аралықтарында серпінді төсемдерді пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. Төсемдер ретінде резеңке, пробка, киіз, әр түрлі конструциялы амортизациялар пайдаланылады. Үстел үстіндегі шу шығаратын аппараттардың астына жұмсақ синтездік материалдардан жасалған кілемшелерді, ал оларды орнатылған үстелдің аяқтарының астына қалыңдығы 6-8 мм резеңкеден, киізден төсемдер төсеуге болады. Төсемдерді бекіту оларды тіреу бөліктеріне желімдеу жолымен жасалуы мүмкін.
Сонымен, шуды азайту үшін, жұмыс орындарында ішкі көздерден туатын шуды және сырттан кіретін шуды азайту үшін мыналарды істеу қажет:
- көздердің өздерінің шуылын бәсеңдету керек (экрандарды, дыбыс айырғыш қаптамаларды қолдану);
- кері қайтарылған дыбыс толқындарының сомалық (қосынды) әсер етуінің нәтижесін төмендету керек (конструкциялық дыбыс жұтатын беттер);
- жабдықтарды ұтымды орналастыруды қолдану;
- шуыл көздерін оңашалаудың архитектуралық жоспарлық және технологиялық шешімдерін пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет