Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Жұмыстың ауырлық және зияндылық бойынша жіктелімі



бет8/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

3. Жұмыстың ауырлық және зияндылық бойынша жіктелімі
Еңбек шарты өндірістік саланың санитарлы-гигиеналық, психофизио-логиялық, әлеуметтік және эстетикалық элементтердің жиынтығы ретінде адам-ның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер етеді.
Жұмыс ауырлығында адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне санитарлы-гигиеналық, әлеуметтік-психологиялық және басқа еңбек шартының барлық факторлары жиынтықты әсер ету деңгейі түсініледі, яғни жұмыс ауыр-лығы физикалық, психикалық (жүйкелі-эмоционалдық) жүктеме мен сыртқы өндірістік шарттардың әсер етуінен пайда болатын, жұмысшы организмінің функционалдық күш салуы қарастырылады.
Жұмыс ауырлығының деңгейі өндірістік ортамен әсер етілетін, адам организмінде болатын реакциялар мен өзгерістерді сипаттайды.
Еңбектің қолайсыз жағдайында жұмысшылардың бір бөлігінде уақыт өте келе алдымен патология алдындағы өзгерістер («ауру алды» деп аталатын), ал осы жағдайдағы жұмыстың ұзақтылығында – кәсіптік өзгерістер немесе өнді-рістік шарттармен байланысты созылмалы аурулар дамуы мүмкін.
Ауырлықтың бірінші категориясына сыртқы ортаның оңтайлы шартында орындалатын кез келген жұмыс түрі.
Ауырлықтың екінші категориясына организмнің қалыпты жағдайда орын-далатын нәтижелері өзгермейтін жұмыстар жатады. Бұл ауырлық категориясы бұған жататын жұмыс еңбектің қалыпты немесе қолайлы шарттарында орында-латынын, куәландырады. Негізінен, организмнің физиологиялық мүмкіндігі жұмыс жүктемесінен аспайды
Ауырлықтың үшінші категориясына адам организмінде жүктеменің ар-туынан, еңбектің қолайсыз жағдайынан немесе басқа үйлесімнен шекаралық функционалды жағдайдың бастапқы кезеңі қалыптасатын жұмыстар жатады.
Ауырлықтың төртінші категориясына организмде терең шекаралық функционалдық жағдай орындалғанда қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдайдың басты белгісі осымен байланысты динамикалық жұмыс таптаурыны бөгелсе және бұзылса. Бұл категория үшін шығарылатын өнім санының азаюы мен сапаның төмендеуі, сондай-ақ қызметтің тұрақсыздығы тән. Жалпы ауру саны көбейеді, өндірісті негізделген аурулар пайда болады, өндірістік травма саны мен ауырлығы өседі. Өндірістік зияндардың күшті әсер етуінде кәсіптік аурулар пайда болуы мүмкін.
Ауырлықтың бесінші категориясына адам организмінде патологиялық функционалдық жағдай қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдай негізінен ол қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайда орындалса, шектен тыс жүктеме нәтижесінде пайда болады. Ауырлықтың бесінші категориясын ұзақ атқаратын жұмыстағы адамдарда уақыт өте келе созылмалы аурулар, ал өндірістік зияндарда кәсіптік аурулар дамиды.
Ауырлықтың алтыншы категориясына жұмыс күнінің бірінші жартысы-нан бұрын пайда болатын адам организмінде патологиялық функционалдық белгілері көрініс табатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың бұл категориясына өндірісті негізделген және кәсіптік аурулар санының көптігі тән, ерте анықта-лады және ауыр ағысы бар болады.
Бұл ауырлық категориясы еңбек шарты бойынша жіктелген ақы, қолайсыз еңбек шарты үшін ұсынылатын төлем ақы өлшемі және т.б. бойынша экономи-калық нұсқау береді. Мұндағы зияндылықтарды сипаттай отырып, оларды жою мен еңбек шартын жақсарту бойынша шараларды дайындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет