Кафедрасы оқу курстарының каталогы


Рентген структуралық әдісі



бет6/17
Дата09.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#123194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Рентген структуралық әдісі қарастырылады. Оның принциптік схемасы және құрлысы, қапсыздық техникасы түсіндіру.

Марганец бар натрия мен калийді жалынды-фотометрлік анықтау. Зерттеулерге қажетті аппаратуралардың принциптік схемасы.

Заттарды анықтаудың абсолют фотометриялық әдістері. Екі құраушысы бар жүйелердің фотоколориметриялық талдау.

Экстракционды – фотометриялық әдіс. О- фенантролин көмегімен темірдің микросанын анықтау. Бромид–селективті электродты қолданып, бромид- иондардың концентрациясын анықтау. Газдық хромоторгафтағы көмірсутектер қоспасының сапалық және сандық сараптамасы. Азот қышқылындағы сульфат- иондар қоспасын анықтау. Қағаздағы электрохромотография.

Практикалық: -Нефеломертлік және трубидеметрлік анализ жасау әдістерінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Рефратометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Поляриметрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Люминесценттік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Кондуктометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Потенциометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.



- Электронды микроскопиялық анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Қатты денелердің құрылымын зерттейтін дифракциялық әдістердің физикалық негізін.



- Осы зерттеулерге қажетті үлгілер дайындау методикасын.

Практикалық сабақ: Ертінділердің интенциптілігін зерттеу әдістері. Сұйық ертінділердегі жарықтың интенсивтілігінің өтуі мен шашырауы оның концентрациясына байланыстылығы зерттеледі. Бұл әдіс бойынша пайдаланылатын аппаратуралардың жұмыс істеу принципі және өлшеу әдістемелері қарастыру. Заттың сыну көрсеткіші және дисперция құбылысыда оның құрамындағы составына байланысты болады. Лоренц формуласын пайдаланып заттың ішкі құрылысын зерттеуге болады. Бұл зерттеулер үшін қажетті аппаратураларда өлшеу әдістемелерін үйрену. Әдістің физикалық негізі мен оның қасиеттері. Әдісті пайдалану аумағы. Колариметрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.




Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде физика-химиялық әдістерді пайдалану мәселелерін қатыстыру.




Пәннің аталуы

Рентгенді құрылымды сараптау




Қысқартылған атауы

RA




Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестр:

Семестр 3




Оқытушының Т.А.Ә.







Доцент/ оқытушы







Жұмыс тілі

Қазақша, Орысша,




Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60




Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180сағат




Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: физика, химия




Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Пәннің мақсаты-физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде физика-химиялық әдістерді пайдалану мәселелерін қатыстыру.




Мазмұны

Дәріс сабақ: Физика-химиялық анализ сабағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті физика-химиялық тәсілдер мен әдістемелер пайдаланылады. Бұндай зерттеулер жүргізу үшін, электрондық және оптикалық микроскоптар, спектрлерді зерттеу үшін спектрография тәсілі, структураны зерттеу үшін рентген дифракциясын және резонанстық тәсілдер пайдаланылады (ЭПР, ЯМР, ПМР). І-VІІІ нейтрондардың, электрондардың, рентген сәулелерінің энергияларына байланысты кристалдардан шашырауын атомдық, структуралық факторлардың әсері қарастырлады.. Кристалдардың геометриясы мен симметриясын анықтауда нейтрондардың, электрондардың, регтген сәулелердің дифракциясын пайдалану тәсілдері көрсетіледі. Ядролық, протондық, гамма сәулелерінің резонанстық құбылыстары пайдаланады.

Практикалық сабақ: Қысқа толқындардың шарттары. Де Броилль толқындары. Шашырау ұзындықтары. Шашыраудың көлденең қимасы. Электромагниттік толқындардың атомдарын шашырауы. Электрондардың шашырауы. Жылулық нейтрондардың ядродан шашырауы. Идеал кристалдардан шашыраудың интенсивтілігі. Кристал пластинкалардан Брегг шашырауы. Кристалдардағы ақаулардың рентген сәулелерінің шашырауына әсері. Лауьэ тәсілі. Дебай тәсілі. Ұнтақ тәсілі. Кристалдарды айналдыру тәсілі. Опто-электрондық тәсілі. Гама квантарының ядромен әсерлесуі. Мессбауэр эфектісі. Ямр. Гамма резонанстық спектроскопиясы.





Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Осы электромагниттік толқындардың кванттық, толқындық қасиеттерін ашып көрсетілуі қажет. Дененің жалпы көлемінің өзгерісін дилатометрия тәсілі арқылы зерттейді. Физиканың дамуына дифракциялық және резонанстық зерттеулердің ролін және физика-химиялық анализ негіздерін, физиканың зерттеулер мен оқыту саласында пайдалану әдістерін кеңінен көрсетілуін білу.





Пәннің аталуы

Электронды микроскопиялық зерттеу әдістері




Қысқартылған атауы

ЕММІ




Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестр:

Семестр 3




Оқытушының Т.А.Ә.







Доцент/ оқытушы







Жұмыс тілі

Қазақша, орысша




Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60




Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180сағат




Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: физика, химия




Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Пәннің мақсаты – физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде электронды-микроскопиялық зерттеу әдістерін пайдалану. Бағдарламаға: 1.кіріспе, 2. оптоэлектроника лекцияларында және зертханаларында қолданылатын әдістер мен приборлардың физикалық негіздері; 3. оптоэлектроника пәнінің практикалық негіздерін пайдалану мәселелері қосылған. Соның ішінде бірінші модуль тақырыптарын баяндау.




Мазмұны

Дәріс сабақ: Электрондық микроскоптардың қандай физикалық құбылысқа байланысты жұмыс істеу принцпі қарастырылуы керек. Электрондық микроскоптардың бірнеше түрлерінің құрылысы толық түсіндірілуі қажет.

I-II лекцияларда электронды микроскоптардың физикалық негіздері қарастырылады. III-XXV лекцияларда бірнеше электрондық микроскоптардың типтерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері қарастырылды. XXV-XXX лекцияларда осы электрондық микроскоптарға үлгілер дайындау мәселесі қарастырылады. Электронды микроскопиялық анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

-Жарық оптика микроскопынан электрондық микроскопқа өту.

-Жарықтандфырғыш электрондық микроскоптың жұмыс істеу принципі.

-Магниттік электрондық микроскоп.

-Электростатикалық электрондық микроскоп.

-Электрондық микроскоптың ажыратқыштық қабілеті.

Практикалық сабақ:- Электронды микроскопиялық анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

-Жарық оптика микроскопынан электрондық микроскопқа өту.

-Жарықтандфырғыш электрондық микроскоптың жұмыс істеу принципі.

-Магниттік электрондық микроскоп.

-Электростатикалық электрондық микроскоп.

-Электрондық микроскоптың ажыратқыштық қабілеті.

- Жарықтандырғыш элекртондық микроскопия-TEM

- Сканерлейтін микроскоп –STM.

- Атомдық микроскоп-AFM.

- Электрондық микроскоп –EM14.

-Электрондық микроскоптарда зерттеу әдістемелері.

-Шашыратқыш электрондық микроскоп.

-Эмиссиялық микроскоп.



-Айна электрондық микроскоп.

- Қатты денелерді электрондардың дифракциясы арқылы зерттеу.




Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Бұл зерттеулер қазіргі заманғы технологияларда пайдаланылатын материалдардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу әдістерін білу.




Пәннің аталуы

Конденсирленген күй физикасы




Қысқартылған атауы

MIFV




Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестр:

Семестр 3




Оқытушының Т.А.Ә.







Доцент/ оқытушы







Жұмыс тілі

Орысша, қазақша




Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60




Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180сағат




Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: механика, электр және магнетизм, оптика




Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Мақсаты: Конденсирленген күй физикасының құрылымы, ондағы физика-механикалық, жылулық электрлік, магниттік, оптикалық т.б. қасиеттері туралы толық мағлұмат беру.





Мазмұны

Дәріс сабақ: Конденсирленген күйдің мазмұны. Конденсирленген қатты орталар. Конденсирленген қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттері. Конденсацияланған қатты денелерді зерттеу әдітері және оларды қодану салалары. Конденсирленген кристалдардың нүктелік симметриясы. Кристалдың кеңістік торы. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Кристаллографиялық координаттар жүйесі. Түйінді жазықтықтар мен түзулердің кристаллографиялық белгілері. Трансляциялық симметрия топтары. Кері топтар. Қатты денелердің атомдық құрылымын анықтау әдістері. Лауэ және Вульф Брэгг форулалары. Атомдық және құрылымдық шашырату факторлары. Кристалдың симметриясы мен физиалық қасиеттері.Ван-Дер-Ваальс күштері. Байланыс энергияы. Молекулалық кристалдар.Иондық кристалдар. Маделунг энергиясы. Маделунг тұрақтысын есептеу. Коваленттік кристалдар. Металдар. Сутекті және аралас байланысты кристалдар.

Қатты дененің күш салынған және деформацияланған күйлері. Гук заңы. Кристалл қатты денелердің серпімді және пластикалық қситтері. Біртекті шектің бірөлшемді тербелістері. Монокристалдағы серпімді толқындар. Біратомды сызықты тізбектің тербелістері. Базисы бар бірөлшемді тордың тербелістері.Үшөлшемді тор атомдарының тербелістері.Борн-Карман шекаралық шарты және күйлер тығыздығы. Кристалл торының тербелістерін кванттау. Фонондар. Қатты денелер үшін Шредингер теңдеуі. Бірэлектронды жуықтау. Блох функциясы. Кристалдағы электронның толқындық векторының қасиеттері. Бриллюэн аумақтары. Ферми беті. Кристалдағы электрондардың энергиялық спектрі. Крониг- Пенни моделі. Аумақтардың электрон-дармен толуы. Металдар- диэлектриктер, шалаөткізгіштіктер. Электронның эффектив массасы. Ақаулардың классификациясы. Нүктелік, сызықты және көлемдік ақаулар. Ақаулардың бірқалыпты концентрациясы. Радиациялық ақаулар. Дислокациялар. Бюргерс контуры мен векторы. Дислокацияның пайда болу энергиясы. Дислокацияның ақаулармен өзара әрекеттесуі.Кристалдың физикалық қасиеттеріне ақаулардың әсері. Конденсирленген қатты денелердің жылу сыйымдылығы. Дюлонг-Пти заңы. Эйнштейн жылу сыйымдылық теориясы. Дебай жылу сыйымдылық теориясы. Фонондар тұрғысынан қарастырылған жылу сыйымдылық формуласы. Металдың жылу сыйымдылығы. Бос электрондардың үлесін ескеру. Қатты денелердің жылулық кеңейуі. Қатты денелердің жылу өт-кізгіштігі. Атом тербелістеріне байланысты жылу өткізгіштік. Металдың жылу өткізгіштігі.

Қатты денелердің жылу өткізгіштігіне бос электрондардың үлесін ескеру. Қатты денелердегі диффузия.Металдың электрөткізгіштігі. Шалаөткізгіштердің өзіндік және қоспалық өткізгіштігі. Диэлектриктердің электрөткізгіштігі. Қатты денелердің электр қасиеттеріне беттік деңгейлердің әсері. Диэлектриктердің үйектеуі. Негізгі сипаттамалары. Диэлектриктік өтімділігі мен үйектелуі арасындағы байланыс. Диэлектриктік өтімділіктің жиіліктен тәуелділігі. Диэлектриктік шығындар. Сегнетоэлектриктер.Магнетиктердің классификациясы. Қатты денелердегі диамагнетизм және парамагнетизм. Ферромагнетизм. Вейсс молекулалық өрісі. Дорфман тәжірибесі. Алмасулық өзара әрекет және оның ферромагнетизмнің пайда болуындағы рөлі. Спин толқындары. Антиферромагнетизм және ферримагнетизм. Ферромагниттік домендер. Магнит резонансы. Ноль кедергісі. Асқынөткізгіштік ауысудың температурасы. Мейенер эффекті. Сындық магнит өрісі. Кристалл құрылымы және изотоптық эффект. Электронның жылуөткізгіштікке қоса-тын үлесі. Электрмагнит сәулелердің жұтылуы. Магнит ағынын кванттау. Джозефсон эффектілері. Купер жұптары. Бардин- Купер- Шриффер теориясы. Жоғары температуралық асқынөткізгіштік.Оптикалық константалар. Кристалдардың жарықты жұтуы және шағылдыруы. Шалаөткізгіштердегі рекомбинациялық сәулелер. Тосын және индукцияланған сәулелендіру. Қатты денелік лазерлер.Аморфты қатты денелердің құрылымы. Кристалл емес қатты денелердің энергиялық спектрі. Аморфты шалаөткізгіштер. Аморфты шалаөткізгіштердің қолдануы. Аморфты диэлектриктер. Аморфты металдар.

Практикалық сабақ: 1.Конденсацияланған кристалдардың нүктелік симметриясы. Кристалдың кеңістік торы. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Кристаллографиялық координаттар жүйесі. Түйінді жазықтықтар мен түзулердің кристаллографиялық белгілері.

2. Ван-Дер-Ваальс күштері. Байланыс энергияы. Молекулалық кристалдар.

3. Қатты дененің күш салынған және деформацияланған күйлері. Гук заңы.

4.Біртекті шектің бірөлшемді тербелістері. Монокристалдағы серпімді толқындар. Біратомды сызықты тізбектің тербелістері.

5. Қатты денелер үшін Шредингер теңдеуі. Бірэлектронды жуықтау. Блох функциясы.

6. Ақаулардың классификациясы. Нүктелік, сызықты және көлемдік ақаулар.

7. Конденсацияланған қатты денелердің жылу сыйымдылығы. Дюлонг-Пти заңы.

8. Металдың электрөткізгіштігі.

9. Диэлектриктердің үйектеуі. Негізгі сипаттамалары.

10.Магнетиктердің классификациясы. Қатты денелердегі диамагнетизм және парамагнетизм.

11. Ноль кедергісі. Асқынөткізгіштік ауысудың температурасы.

12. Жарықтың қатты денелермен өзара әрекеттесуінің түрлері.



13. Оптикалық константалар.14. Аморфты қатты денелердің құрылымы.




Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Ғылым мен технологияның дамуы үшін біліктілігі жоғары мамандар дайындау қажет. Қазіргі заманғы нанотехнологияны жетік еңгеру үшін, қатты денелер физикасының рөлі өте жоғары. Сапасы жоғары машиналар, станоктар, әуе кемелерін т.б жасау үшін, олардың жеке бөліктерінің сапасы жақсы болуы қажеттілігін игеру.




Пәннің аталуы

Сұйықтар физикасы




Қысқартылған атауы

ІЕВ




Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестр:

Семестр 3




Оқытушының Т.А.Ә.







Доцент/ оқытушы







Жұмыс тілі

Қазақша, Орысша




Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60




Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180сағат




Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: молекулалық физика




Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Мақсаты: Сұйықтар физикасы саласындағы ғылыми-зертеу жұмыстарымен таныстыру және оның теориялық негіздерін түсіндіру. Сұйықтардың қозғалысын, аэрогазодинамика және сұйықтар кинематикасы негідерін техникада пайдалану мәселелерін ашып көрсету.




Мазмұны

Дәріс сабақ: Сығылмайтын сұйықтардың гидростатика. Барометрлік формула. Тепе-теңдік күйдегі сұйық және газ денелер. Сұйықтың стационар ағысы. Ағын сызықтары мен түсініктері. Идеал сұйық динамикасының негігі заңы. Бернулли теңдеуі. Ағын жылдамдығын өлшеу әдістері. Сұйықтың тесіктен ағуы. Ағын түтігі қимасындағы қысым өзгеруі. Үйірілген сұйықтағы қысым үлестірулері.Ішкі үйкеліс күштері. Құбырдағы тұтқыр сұйық ағысы. Идеал сұйық және газ орталардағы дене қозғалысы. Ұқсастық критериилері. Шекаралық қабат. Құйындардың пайда болуы. Сұйықтардың қозғалысы мен теп- теңдігінің теңдеуі.Турбуленттік және гидродинамикалық тұрақсыздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет