Калиаскарова Ельназ Берікқанқызы «Тиімді оқыту мен оқу»



бет1/2
Дата04.09.2023
өлшемі0.6 Mb.
#476462
түріБағдарламасы
  1   2
С есебі Калиаскарова



Калиаскарова Ельназ Берікқанқызы «Тиімді оқыту мен оқу»
Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімінің портфолиосы С бөлімі
19-24.12.2017 ж.

«Тиімді оқыту мен оқу» педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 3-ші деңгейлі курсқа келудегі басты мақсатым: мамандығыма байланысты жүйелі, жаңа білім ала отырып, тәжірибемен алмасу.


Ең алғаш курсқа келген уақытта менде сенімсіздік пен маған қойылған талаптарды жүйелі, жауапты орындай алмай қалуым мүмкін деген қорқыныш сезімі басым болды. Себебі, осы деңгейлік курс бағдарламасы біздің негізгі жұмысымызбен бірге жүріп отырды. Және де көптеген маңызды сұрақтар пайда болды: педагог ретінде дамып, өзгере аламын ба? Қалай өзгеруге болады? Өзімнің бойымдағы дағдыларды анықтап, оларды әрі қарай пайдалы бағытта дамыта аламын ба? Оқушылардың нағыз тұлға ретінде қалыптасуына, олардың жан-жақты дамуына үлес қоса аламын ба? Қандай және қалай өз үлесімді қоса аламын?
Бізге бөліген тренерлеріміз бағдарламамен таныстыруда, талдауда үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, бізбен бірлесіп жұмыс атқарған басқа әріптестерімізден педагог ретінде де, адам ретінде де қажетті, пайдалы кеңестер алып, өз өмірімізде қолданып та жаттық. Алғашқы күндерден бастап курс бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіле басталды: тиімді оқыту мен оқу бағдарламасының жеті модулімен танысу, талқылау, әр модульдің басты ерекшеліктеріне жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді.
Алғашқы күндерден бастап біздің топта жақсы, позитивті адамдардың жиналуы арқасында тезірек бір-бірімізге бейімделіп, бірлесіп жұмыстарды бастадық. Тренерлер жұмыс жүргізу барысында барлық оқушылар өздерінің тәжірибесіндегі жағдайлармен таныстырып, қандай да бір туындаған мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы ойларымен бөлісіп, ортақ талқылаулар жасадық. Әр сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақытта да тренерлеріміз бізбен байланыста отырып, қолдау көрсетті.
Курсқа алғаш келген күндері біздің тренерлеріміз «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасын меңгеруді бастамас бұрын сабақ беріп жүрген сыныптарыңыздан өз пәніміздің өтілу барысы бойынша оқушылардан сауалнама алып, қандай да бір нақты проблемаларды немесе жетістіктерді анықтап алып, кейін курс аяқталғаннан кейін нәтижелерді салыстырып, өздеріңізді тұлға ретінде, маман ретінде дамытуға мүмкіндік аласыздар деп кеңес берген болатын. Сол себепті, мен фокус топ алып, сол сыныптан сауалнама алдым. Сауалнаманың басты мақсаты оқушылардың сабаққа деген ынтасын және сынып ішіндегі атмосфераны анықтау. Сауалнаманы алғаннан кейін менде бірнеше идеялар мен мақсаттар пайда болды. Олар: оқушылар сабаққа жақсы көңіл-күймен келетінін анықтадым, сабаққа деген қызығушылықтың бар, бірақ әрі қарай да дамыту керек екенін анықтадым, оқушылар жеке, топтық жұмыста белгілі бір оқушылармен бірге жұмыс атқарғысы келетінін анықтадым. Осы мәселелерді курстағы тренерлермен, сол сыныптың кураторымен, мектеп психологтарымен және оқушылардың өздерімен ақылдасып, жұмыс барысында шешуге тырыстым. Осы сауалнаманы алу, оқушылармен ақылдасу барысында «талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі көрініс тауып, оқушылардың қабілеттерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік алдым. Яғни, оқушларға «Топпен жұмыста кіммен бірге тапсырмалар орындағыңыз келеді» деген сұраққа 9 оқушы Е деген оқушыны, 6 оқушы М деген оқушыны көрсеткен. Бұдан шығаратын нәтиже: есімдері аталған оқушылардың тапсырмаларды орындауда қабілеттері жоғары және басқа адамдар сол адамға сенім арта алады. Және де топтық және жұптық жұмыста оқушыларды «жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу» модулі бойынша бөлу қажеттілігі туындады. Курс тренерлеріміз бен әріптестеріммен ақылдаса келе сыныпқа арнайы тапсырманы орындау картасын қолдану қажеттігін түсіндім. Нәтижесінде сыныптағы оқушылардың менің сабағымда жеке реттік нөмерлерін қойып, сол нөмерлерді тапсырмалардың ерекшеліктеріне байланысты топтарға, жұптарға бөліп отырдым. Алдағы уақытта интерактивті тақтаға әр тапсырма адында сол сыныптың картасын көрсетемін және оқушылар соған қарап, әр тапсырмада орындарын ауыстырып отыратын болды. Бұл жүйе артық іс-әрекеттерді, сұрақтарды туындатпайтын болды.
Орта мерзім жоспары бойынша оқушылар «Түбі бір түркі халықтары» топтық жоба жұмысын жасады. Осы сабақтар барсында оқушыларды оқытуда барлық модульдерді кіріктіруге тырыстым. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша оқушылар өз нысандарына зерттеу жасау барысында зерттеу сұрақтарын құрастырып, соңғы өнім жуналдың жүйесін, дизайнін талқылауда диалогтік оқыту бойынша бір-бірімен талқылау жасап, сұрақтар қойып, ортақ шешімдерге келді. Және де тура осы жерде Выготскийдің «жақын арадағы даму аймағы» - ЖАДА іске асты. Себебі, оқушылар топта бір-біріне қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс атқарды.
Сонымен қатар, орта мерзімді жоспарды іске асыру барысында оқушылардың жұмысында «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі де көрініс тапты. Себебі, топтардың әр халықты зерттеу барысында қажетті немесе қажетті емес ақпаратты саралаулары, мысалы, қазақ халқының жалпы түркі мемлекеттерімен қандай ортақ құндылықтары бар екенін анықтап, оған дәлелдеме келтірулері, соңғы өнім – журналдарын қорғау барысында аудиторияны қызықтыру үшін «бинго», «сөзжұмбақ», «ребустар», «kahoot» ойындарын ұйымдастыруы және де берілген 5-7 минутты қалай тиімді қолдануды ұйымдастыруларында айқын байқалды.
Қысқа мерзімді жоспарлаудың нәтижесінде де оқушылар өздерінің сыни тұрғыдан ойлауларын айқын көрсетті. Себебі, оқушылардың зерттеу дағдылары мен әдістерін қолдана білуін дамыту мақсатында берілген топтық жұмыста оқушылар әлемде жоқ жануарды және геометриялық фигураны ойлап тауып, оларға берілген критерийлер бойынша сипатама жасай білуі оқушылардың сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдеді.
«Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау» модулі бойынша да оқушылар нәтижелі жұмыс атқарды. Қысқа мерзімді жоспар бойынша оқушылар жұптық «4 зерттеу дағыдыларына мысал келтіру» жұмысында берілген критерийлер бойынша басқа жұптарды бағалауы және әлемде жоқ жануарды және геометриялық фигураны ойлап тауып, оларға берілген критерийлер бойынша сипатама жасау тапсырмасында келесі топтарды бағалаулары дәлел болады. Және де орта мерзімді жоспарлау барысында оқушылар барлық зерттеу процессіне рефлексивті жазба күнделігінде келесі бөлімдер арқылы баға беріп, талдаулар жасады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет