Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет1/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
С тілінде программалау УМКД


КІРІСПЕ

Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. ДК қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады. Техникалық құрылғылар мен процестерді үлгілеу кезінде пайда болатын күрделі есептеуіш есептерді бірнеше түрлерге бөлуге болады: интегралды есептеу, теңдеулерді шешу, дифференциалдық теңдеулер және т.б. шешу. Мұндай есептерді шешу үшін объектіге бағытталған бағдарламалау жүйелері құрылған.


70-жылдардың ортасында бағдарламалау негіздерінде жаңа бағыт – құрылымдық бағдарламалау пайда бола бастады. Мұндай бағдарламалауға Турбо Паскаль, С++ сияқты тілдері жатады.
Құрылымдық программалау тілдерінің негізгі концепциясы – құрылатын қосымша сызықтық, тармақталған, циклдық алгоритмдер және олардың комбинациясынан тұрады.
Құрылымдық бағдарламалауда модульділік, ішкі қосалқы бағдарламалардың қолданылуы, жиындар және жазбалар типтері, файлдармен жұмыс атқаратын процедуралар жиынтығы алға қойылады.
Алгоритмдік тілдерде бағдарламалауда мәліметтер типтерінің көптеген түрлері қолданылады. Типтері жай және күрделі тип болып екіге бөлінеді.
Осы лекциялар жинағы жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің қатарына жататын С++ бағдарламалау жүйесі жөнінде жазылған. Бұл дәрістік жинақ 5В060200 – «Информатика», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» және 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері үшін «С++ тілінде бағдарламалау» пәні бойынша құрастырылған болып, ол мынандай мәселелерді қарастырады: пәннің мақсаты мен міндеттері; С++ бағдарламалау тілі және оның даму тарихы; алгоритм ұғымы мен оның сипатталу түрлері; С++ тілінің құрамы мен синтаксисі; енгізу-шығару және меншіктеу операторлары; шартты көшу, таңдау және шартсыз өту операторларының қолданылуы; массивтер, жиындар және жазбалардың негізгі түсініктері; файлдар және олардың типтері;С++ тілінің графикалық процедуралары және графикалық мүмкіндіктері және т.б.
Лекциялар жинағының мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бағдарламалаудың құрылымдық әдістерін қолдануды үйрету. Осындай мақсатқа ең күшті және тиімді бағдарламалау жүйелерінің бірі – С++ бағдарламалау тілдері сай келеді.
Бұл жинақ С++ бағдарламалау тілін қолдануға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет