Калимуллина Карлыгаш Жанабаевна Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс) Кабдулин Жанболат Темирболатович Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы



бет7/11
Дата14.04.2024
өлшемі216.5 Kb.
#498669
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3-тақырып. Коллизиялық нормалар.
Коллизиялық норманың құрылымы. Коллизиялық норманың көлемі мен байланысы.
Коллизиялық нормалардың түрлері. Біржақты және екіжақты нормалар. Императивті, диспозитивті және альтернативті нормалар. Басты (негізгі) хәне субсидиарлық нормалар.
Қосудың негізгі нысандары.


4-тақырып. Халықаралық нормаларды қолдану: негізгі құқықтық мәселелер.
Халықаралық нормаларды қолдану сатылары.
Коллизиялық норманы қолдану: негізгі құқықтық сұрақтар. Қайтарымдылық. Материалды және формальды қайтарымдылық. Реторсия. Реторсия қағидасын қолданудың проблемалары. Заңи ұғымдардың квалификациясы. Кері қайтару және үшінші мемлекеттің құқығына сүйену. Заңды айналып өту.
Коллизиялық норма сілтеме жасаған құқықты қолдану: негізгі сұрақтар. Жариялы тәртіп жөніндегі келіспеушілік. Қазақстанның арбитраждық процесінде жариялы келіспеушілікті қолдану. Императивті норманы қолдану. Көп құқықтық жүйесі бар құқықты қолдану. Шетел құқық нормаларының мазмұнын белгілеу.


5-тақырып. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері.
Халықаралық жеке құқық субъектілері мен оларға қолданылатын құқықтық режим. Ұлттық режим мен ыңғайландырылуы басым режимі. Ұлттық режимнен ыңғайландыру режимін алып тастау. Халықаралық жеке құқықта жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы. Жеке тұлғалардың санаты. “Шетел азаматы” мен “азаматтығы жоқ тұлға” ұғымы.
Әр түрлі мемлекеттердегі шетел тұлғалары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі. Шетел тұлғалары әрекетқабілеттілігінің коллизиялық мәселелері. Шетел азаматтарының әрекетқабілеттілігін шектеу мен айыру. Хабар-ошарсыз кету және тұлғаны қайтыс болды деп жариялау.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтық жағдайы.
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайының негізі: “ұлты” және мәртебесі. Заңды тұлға ұлттылығын анықтаудың негізгі доктриналары.
Халықаралық заңды тұлға ұғымы. Трансұлттық бірлестіктер. Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
Шетел заңды тұлғаларымен шаруашылық қызмет жүргізудің құқықтық нысандары. Филиалдар мен өкілдіктер. Шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың шетелдегі құқықтық жағдайы.
Мемлекет құқықтық жағдайының ерекшеліктері. Мемлекет иммунитетінің түсінігі мен түрлері. Мемлекетпен жасалатын мәмілелердің құқықтық режимі. Мемлекет пен мемлекеттік заңды тұлғалардың бөлек меншік қағидасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет