6-тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар.
Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықты құқықтық реттеу. Заттық құқықтардың коллизиялық мәселелері, Қазақстан заңдылығындағы меншік құқығына қатысты коллизиялық нормалар. Меншікті жекешелендіру мен ұлттандыру. Шетел инвестицияларын құқықтық реттеу. Инвестициялардың түсінігі. Шетел инвестициялары үшін ұлттық режим мен ыңғайландыру режимінің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларына кепілдік.
Қазақстан Республикасы меншігінің құқықтық жағдайы мен шетелдердегі қазақстандық ұйымдар. Шетел мемлекеті мүлігінің иммунитеті.
7-тақырып. Сыртқы экономикалық мәмілелер.
Сыртқы экономикалық мәміле мен сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі. Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық мәселелері.
Сыртқы экономикалық мәмілені жасаудағы тарап еріктерінің дербестігінің түсінігі, мазмұны, мәні. Контрактіге отыру жерінің заңын қолдану. Әр түрлі мемлекеттерде мәмілеге отыру уақыты. Сыртқы экономикалық мәміленің нысаны. Мәміле нысанына қолданылатын құқық жөніндегі коллизиялық норма. Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының қатысуымен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің нысанына қатысты құқықты қолдану. Мәміле мазаұны мәселелері бойынша құқықты қолдану. Сыртқы экономикалық мәміле тараптарының құқықтары мен міндеттерін анықтауға бағытталған қолданатын құқықты таңдау. Сыртқы экономикалық мәміледе тиісті қолданылатын құқық жөнінде тараптардың келісімі болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдылығының күші.
Қаржыландырумен байланысты сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері. Халықаралық факторинг. Халақаралық мердігерлік шартының түсінігі. Халақаралық сатып алу-сату бойынша халықаралық конвенцяилар: жалпы сипаттама. 1980ж. Тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Вена конвенцияс. 1985ж. Тауарларды халықаралық сатып алу-сату шартына арналған құқықты қолдану туралы Гаага клнвенциясы. Халықаралық сатып алу-сатудағы ескірі мерзімі жөніндегі ЮНСИТРАЛ конвенциясы.
Халықаралық саудадағы үлгілік контрактілердің үлгілік тараптарын қолдану. Тауар жеткізілімінің жалпы шарттары. Халықаралық сауда әдет-ғұрыптары. Сауда терминдері мен оларды талқылау. 1990ж. ИНКОТЕРМС. Сауда терминдерінің мазмұны, түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |