Калимуллина Карлыгаш Жанабаевна Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс) Кабдулин Жанболат Темирболатович Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы


-тақырып. Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау



бет9/11
Дата14.04.2024
өлшемі216.5 Kb.
#498669
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-тақырып. Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау.
Халықаралық тасымалдау түсінігі. Халықаралық тасымалдауды құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Халықаралық тасымалдау түрлері. Теміржол, көлік, әеу, теңіз арқылы тасымалдауды құқықтық қамтамысыз ету. Халықаралық көлік келісімдерінің (конвенциялардың) сипаттамасы.
Жүктерді халықаралық тасымалдаудың түсінігі, мазмұны, шартқа отыру ерекшеліктері, түрлері. Халықаралық аралас тасымалдау: түсінігі, ұйымдастыру, тараптар, мазмұны.
Жолаушыларды халықаралық тасымалдауды құқықтық реттеудіңң түсінігі, мазмұны, қайнар көзі.
Халықаралық тасымалдауды реттейтін Қазақстан Республикасының көлік заңдылығы. Қазақстан Республикасындағы рұқсат ету жүйесі.


9-тақырып. Халықаралық несие-есеп қатынастары.
Халықаралық есеп қатынастарының түсінігі. Есеп құқықтық қатынастарының мазмұны. Халықаралық есептеуді жүргізу ерекшеліктері. Қазақстан Республикасына валюталық операцияларды жүзеге асырудың түсінігі, қағидалары. Валюта операцияларының түрлері. Қазақстанның валюталық заңдылығы.
Халықаралық есептеудің нысандары. Есептерді аккредитив бойынша, инкассо тәртібімен, аванс нысанында жүзеге асыру. Банктік аударым (“халықаралық несие аударылымы”). Саудалық емес есептесулер. Халықаралық есептесудегі чек. Халықаралық есептесу кезінде чекті пайдалануды реттейтін құқықтық нормалардың унификациясы. 1931 ж. Чек туралы біртұтас заң жөніндегі Женева конвенциясының сипаттамасы, 1988ж. Халықаралық чек жөніндегі ЮНСИТРАЛ конвенциясы.
Халықаралық несие қатынастарының түсінігі. Несие қатынастарының түрлері. Вексель – есептесу мен несиені қамтамасыз етудің әдісі ретінде. 1930ж. Векселбдік құқықты унификациялау жөніндегі және 1930ж. аударма мен қарапайым вексель жөніндегі коллизиялық мәселелерді шешу жөніндегі Женева конвенцияларына сипаттама.


10-тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік.
Интеллектуалдық меншік түсінігі мен мазмұны. Интеллектуалдық меншік
құқығының негізі институттары.
Авторлық және сабақтас құқықтарды халықаралық-құқықтық қорғау. Қазақстандағы шетел тұлғаларының авторлық құқықтары. Қазақстан аумағындағы шетел азаматтарының авторлық құқықтары жөніндегі Қазақстан Республикасының ішкі заңдылығы. Шетелдегі отандық авторлардың туындыларын пайдалану мен қорғаудың ерекшеліктері. Авторлық құқық саласындағы халықаралық көпжақты шарттардың жалпы сипаттамасы.
Өнеркәсіптік меншікті халықаралық құқықтық қорғау. Өнеркәсіптік меншіктің түсінігі, объектілері. Өнеркәсіптік меншікке құқықтың түсінігі, ерекшеліктері. Қазақстандағы өнеркәсіптік меншікке шетел тұлғалаларының құқықтарын қорғау. Конвенциялық басымдылық туралы Ереже. Шетел тұлғаларының өнеркәсіптік меншік оюъектілерін пайдалануға патенттеудің, талапты беру мен рұқсат алудың проблемалары. Лизензия берудің шарттары мен тәртібі. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану туралы лицензиялық шарттардың түрлері.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер мазмұнының сипаттамасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет