Каменка ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі90.41 Kb.
#12667
Каменка ауылдық округі әкімінің

2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті Каменка ауылдық округінің тұрғындары, шақырылғандар!

Округ әкімінің есептік кездесуін тұрғындарға ашуға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Тұрғылықты орындарда қызметін атқарушы басқарушыларының тұрғындарға есеп беруі туралы» Ұлан ауданында жыл сайын әкімдерге бекітілген жерлерде есептік кездесулер өтіп тұрады. Бұл жұмыс тұрғындардың мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық және саясаттық реформаларының жүргізуі туралы ақпараттандырылуының дамуы үшін бағытталған, сонымен қатар, БІЗ, Каменка ауылдық округінің тұрғындары мемлекеттің экономикалық дамуына өз үлесіміздің бір бөлігін қосып отырмыз.

Есептік кездесуімді ашпай тұрып, былтырғы 2012 жылдың есебінде қойылған сұрақтарға жауап бергім келеді.



  1. Бірінші сұрақ Заречная көшесіндегі су құбыр жүйесіндегі құбырды ауыстыру.

Қазіргі таңда аудан бюджетінен 5 млн. теңге мөлшерінде бөлінген ақша- қаражатына Заречная көшесінде 1 км ұзындықта су құбыр жүйесі ауыстырылды.

  1. Екінші сұрақ тұрғындарды транспортпен тасымалдау қызметін көрсету және отырғызылатын орындарды арттыру.

2010 жылы облыстық транспорт және адамдарды көлікпен тасымалдау басқармасы біздің маршрут бойынша 4 жылға тендерді ұтып алған болатын.

2014 жылы тұрғындарды тасымалдау бойынша жаңа тендер ұтылып, осыған байланысты транспорт түрі газельден пазға ауыстырылып, адамдар отыратын орын саны артатын болады.



  1. Каменка және Таврия жолының сапасының төмендігі.

2013 жылы жол жөндеуге ақша-қаражаты бөлінбеген.

2014 жылы Каменка және Таврия жолының жөнделуіне 100 млн. теңге бөлінеді.

Қазіргі уақытта Каменка ауылдық округінде 1002 адам тұруда, соның ішінде 165 – зейнеткер, 128 – оқушы, мектепке дейінгі жаста – 38, мұғалім саны – 39, мектеп тех. қызметкері – 31, 47 – студент, 18 – жеке кәсіпкер, өзін өзі қамтамасыз етушілер – 178, шаруа қожалық жұмысшылары – 285 адам.

Каменка ауылдық округінің басты бағыты шаруа қожалығын дамыту болып табылады, округте 1 ЖШС және 55 шаруа қожалығы жұмыс жасауда, осы шаруа қожалықтарымен егілген және алынған 2013 жылы 9316 – га бидай, жалпы жинақ- 41028 ц яғни 1 га 11 ц құрайды.

2362,6 га көп жылдық шөп бар. Шаруа қожалықтармен егістік дақылдарын өнімін арттыру және бағасын төмендету үшін жаңа техникалар алынуда: трактор, комбайн, культиватор, күнбағыс жинауға арналған техника және т.б.

Сонымен қатар асыл тұқымды дақылдар алынуда, жартылай азотты – фосфорлық локальдық тыңайтқыштар енгізілуде. Қоқыстанған егістік алқаптарын арамшөптерден тазарту мақсатында гербицидтармен өңделуде.


Шаруа қожалықтарының алдында 2013 жылы егістік өсіруде жаңа ылғал ұстап тұрушы техналогияға біртіндеп көшу тапсырмасы қойылған. Тапсырманы орындауда мемлекеттен субсидия бөлінуде.


2013 жылы біздің округтегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге өсімдік шаруашылығын арттыруға 14 млн. 843 мың. теңге және мал шаруашылығына 24 млн.886 мың 160 теңге субсидия бөлінді.

Округ бойынша өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы, жеке шаруашылық, шаруа қожалықтары дамуда. Округте мал өсіру көп салалы болып келеді.

Осы ретте «Қайрат» шаруа қожалығында сүтті мал шаруашылығының дамуымен қатар, «асыл тұқымды сүтті табын» атты статусты иеленді. «Қайрат» ш\қ базасында 400 басқа сүт-тауарлы фермасы ашылды, осыған 70 млн. теңге несие алынды.

«Құнжыра» шаруа қожалығы «асыл тұқымды етті шаруашылық» бағытында статусты иеленді, сонымен қатар қой мен жылқы шаруашылығы дамуда.

Округта 3 штаттық бірлікті құрайтын мал дәрігерлік пункт және ғимарат жеңіл автокөлік бар.

2014 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал шаруашылық есепке алу кітабы бойынша: Ірі қара мал – 1400, соның ішінде сиыр – 599, қой мен ешкі -1840, жылқы – 182, шошқа -185, құс – 4100 дана.

Шаруа қожалықтары кітабының мәліметтері бойынша: Ірі қара мал –1497 бас, соның ішінде сиыр- 483, қой -1572, жылқы -840 бас.

Мал шаруашылығының өнім көлемі бойынша округ ауданның жетекші орындарын иеленеді.

Округ бойынша 2013 жылы:

Өндірілген:

Ет 3628,9 ц бұл 2012 жылмен салыстырғанда 235,5 центнерге артық. Сүт 22942 ц бұл 2012 жылмен салыстырғанда 735 центнерге артық. Жұмыртқа 551 мың. дана бұл 2012 жылмен салыстырғанда 32 мың. данаға артық.

Округте 4 сүт қабылдаушы орын қамтамасыз етілген. «Восток-Молоко» және «Багратион Улан» ЖШС тұрғындарды жеке шаруашылығынан сүт сатуды толығымен қанағаттандыруда.

Округта 55 шаруа қожалық бар, оның ішінде 7 ірі. Ірі қара мал өнімін жақсарту үшін «Қайрат» шаруа қожалығында қолдан ұрықтандыру пункті ашылып жұмыс жасауда. Өзінің малдарын түгелдей қолдан ұрықтандырып, сонымен қатар тұрғындарға малдарын қолдан ұрықтандыруға қызмет көрсетеді. 2014 жылы Каменка ауылында тағы бір қолдан ұрықтандыру пункті жеке меншік секторында қызмет көрсетеді.

Каменка ауылында «Құнжыра» ш\қ және «Қайрат» ш\қ 1-ден мал сойылатын цех бар,Тройницкое ауылында мал сою цехін ашу жоспарда.

2013 жылы Каменка ауылында мал өліктерін тастайтын орын ашылды, Тройницкое ауылында тағы 1 ашу жоспарлануда.

Халықты тамақ өнімдерімен және бірінші қажетті тауарлармен қамтамасыз ету бойынша округ аймағында 8 сауда орын жұмыс жасауда, 2 кіші – нан пісіру орны, күніне 250-300 бөлке нан пісіреді. Әкімшілік мамандары жұмасына 2 рет дүкендерде азық-түлік өніміне бақылау жасайды.

Округ әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықпен жұмыс жасау болып табылады. 2013 жылы жазбаша түрде 3 өтініш жер бойынша қаралды, олар жоғары органдарға оң шешімін табу үшін жіберілді.

Барлық ауызша түскен өтініштер-27 округ әкімімен уақытында қаралып, жалпы кеңестің қатысуымен шаралар қабылданды.

Әкімшілік бекітілген қалыпты жағдай бойынша жұмыс жасайды. Барлық әлеуметтік төлемақылар түрлерін толтыруда көмек көрсетіледі, зейнетақы мен барлық құжаттар толығымен округ әкімі аппаратының мамандары арқылы аудандық орталыққа Қ. Қайсенов кентіне жеткізіледі.

Әскерге барушылардың құжаттарын толтыруда, медециналық тексеруден өткенде және әскери міндеттілердің құжаттарымен жұмыс жасалады.

Округ бойынша әскери міндеттілер 134, әскерге барушылар қатарында -28,

1- әскерде.

Жыл сайын жалғыз басты зейнеткерлерге құжаттарын толтырумен бір жолғы тұрмыстық көмек көрсетіледі. Жыл ағымында 28 іс – қағаз бойынша жұмыс жасалды.

Жыл бойында округтегі қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасауда- әйелдер және ақсақалдар кеңесі. Осы комиссия мүшелерімен көптеген маңызды мәселелер отырыстарда шешіледі.

Кедейлікті төмендету, тұрғындардың жағдайын жақсарту, азқамтылғандарға әлеуметтік қолдау көрсету және әлеуметтік төмен қатардағыларға қолдау көрсету Қазақстан Республикасының саясатының ең маңызды қойылған тапсырмаларының бірі.

Жыл бойы жаңа туған балаларға жәрдемақы және ай сайын балаларды күтуге 2013 жылы-7 жәрдемақы тағайындалған.

2013 жылы округ бойынша шаруа қожалықтар базасында ашылған 15 жұмыс орны нәтижесінде жұмыссыздық саны тіркелмеген.

Округ бойынша әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қызмет көрсету бойынша 2-әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Оның 1-уі Каменкада 2-сі Тройницкое ауылында. Олардың қызмет көрсетуінде 12 жалғыз басты зейнеткерлер бар.Осы саладағы тұрғындарға «Тимур командасы» Каменка және Тройницкое мектебінде құрылып, шаруа қожалықтарының басшысымен отын дайындау, көшелерді тазарту, бұрылыстарды қыс уақытында қардан тазалау, көктем мезгілінде күл-қоқыстан тазартуға көмек көрсетеді.

Аудандық бюджет атынан 2013 жылы зейнеткерлермен мүгедектерге округте 20 «Ұлан таңы» газетіне тегін жазылу ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығына «Дидар» - 5, «Рудный Алтай»- 5, «Казахстанская правда» 4, «Егемен Қазақстан» 4 газет ұйымдастырылды.

2013 жыл бойынша жергілікті бюджетке түскен және жиналған салық:

Мүліктік – 32350 теңге 100 %,

жер салығы – 94500 теңге 100 %.

Көлік салығы -519000 теңге 100 % бюджетке төленген.
Атап кететін жайт, округтегілер салық төлеуге түсіністікпен қарайды, уақтылы салық төлемдерін жинауда округ әкімінің мамандарының еңбегі аз емес.

«Екі айлық тұрғылықты орындарда санитарлық, көгалдандыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу» туралы Ұлан ауданы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында барлық округ тұрғындары қатысты. 2013 жылы жергілікті бюджеттен 80,0 мың теңге көгалдандыру және қалпына келтіру жұмыстарына бөлінді.

Асу-булақ орман шаруашылығынан 150 қайың және 150 қарағай әкелінді және ұйымдар мен округ тұрғындарына таратылды. Тұрғындардың қаражатынан 550 штакетник сатып алынып, орнатылды. Екі айлық жұмыс атқаруда округ мектептері белсенді жұмыс атқарды.

Шаруа қожалық басшылары С.В. Бельчуевский., А.Р.Усмаев., Д.Е.Алимбаевпен механикалық отрядтар құрылып, тұрмыстық қалдықпен қысқы жиналған тұрғындардың қоқыстарды шығаруда ұйымдастыру жұмыстарын атқарды.

Республикалық бюджеттен 900,0 мың. теңге Каменка ауылында Заречная және Садовая көшелерін жарықтандыруға бөлініп, игерілді. Қазіргі таңда 20 фонарь көшені жарықтандыруға орнатылды. Сонымен қатар шаруа қожалықтардың қаражаты есебінен Тройницкое ауылында Центральная көшесінде көшені жарықтандыруға 27 фонарь орнатылды. Каменка ауылында Заречная және Садовая көшелерінде су құбырын ауыстыруға 5 млн. теңге бөлінді.

Жыл басында ауылдық округі және жеке кәсіпкерлер арасында әлеуметтік өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылады. Көмек көрсету іс-шарасының жоба тізімі және қаржысы көрсетіліп, жоспары бекітіледі.

Жыл бойында мәдени – массалық мерекелер өткізілді, өткізуге шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер қатысты, ерекше атап кететіндер, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламалары және тұрғындардың да қатысуы бар.

«Наурыз» мейрамын өткізуде жеке кәсіпкерлердің қатысуымен, шаруа қожалығымен қой еті бөлініп, мерекелік дастархан жайылды.

Спорттық шара «Көкпар» ұлттық ойынымен басталып, Каменка Тройницкое, Привольное, Пролетарка, Гагарино және Жаңа-Қанай ауылының спортшылары қатысты. Барлық командалар ақшалай қаржымен марапатталды.

Сонымен қатар волейбол, армреслинг, гир көтеру, арқан тарту ойын түрлері өткізілді. Барлық спорттық ойын түрлері ақшалай және ауылдық округ әкімінің грамоталарымен марапатталды. Мерекеде ақшалай сыйлықтың демеушісі ретінде «Қайрат» және «Степное» шаруа қожалығы қатысты.

8 наурыз мерекесіне зейнеткер әйелдер, тыл жұмыскерлеріне «Голубой огонек» ұйымдастырылып өткізілді. Барлық әйелдер сыйлықтармен марапатталды.

«Қарттар күніне» дастархан жаю әдетке айналдырылды, ал зейнеткер әйелдер сыйлықтар алды. Демеушілері, шаруа қожалықтар және жеке кәсіпкерлер.

«Туған жерге тағзым» акциясын өткізу кезінде біздің округ бойынша Ұлан ауданы әкімімен және бизнес жүйедегі өкілдермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен білім, мәдениет және әлеуметтік жүйені дамытуда мемарандум бекітілді.

«Степное» шаруа қожалығының басшысы С.В. Бельчуевский Каменка ауылында су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмек көрсетті.


«Синельников» шаруа қожалығы Тройницкое ауылы Средняя көшесінде жарықтандыру орнатты.

«Алимбаев» шаруа қожалығымен Каменка көшелерінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары, Заречная, Садовая, Шоссейная көшелеріндегі көпірлер жөнделді, Пролетар бағытына қарай 6 км аумақта жол шұңқырларын жабу жұмыстары жүргізілді.

«Акрамова» шаруа қожалығы Тройницкое ауылындағы мәдениет үйін жөндеу шараларына демеушілік жасады.

«Қайрат» шаруа қожалығымен Каменка ауылында «Жеңіс» паркінің құрылысы жүргізілді.

2014 жыл жоспарында келесі мерекелер жоспарлануда:


  1. Каменка ауылында бұрынғы совхоз асханасын қайта қалпына келтіру;

  2. Жеңіс саябағын салу құрылысын аяқтау;

  3. Бұрынғы Каменка мектеп ғимаратында пима шығару зауытын ашу жоспарлануда;

  4. Каменка ауылында Абая және Студенческая көшелерін жарықтандыру;

  5. Каменка ауылының Центральная көшесінің су құбырын жөндеу;

  6. Тройницкое ауылында Верхняя және Нижняя көшелерін жарықтандыру;

Өзімнің сөзімді аяқтай келе Каменка ауылдық округінің әкімшілігі ұйымдастырушылар көмегімен, округ тұрғындарының қолдауымен біздің алдымызға қойылған барлық тапсырмаларды шешуге күш жігерімізді жұмсайтынымызды айтқым келеді.

Н.А. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан 2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2013 жылы жергілікті атқарушы органдарды күшейтуге нақты іс – шараны қолдануды айтты. Жергілікті билік органдарының өкілеттілігі қаржыдай және кадрлық ресурспен қаматамасыз етіледі. «Қоғам және азамат» мемлекеттік шешімдердің таралуына қабылдау үдерісіне қатысулары керек. Жергілікті өзін өзі басқару органдары арқылы тұрғындарға шынайы өздігінен жауапкершілікке жергілікті мақсатта сұрақтарды шешуге мүмкіндік беру керек. Бұл тұрғындар алдында қосымша жауапкершілікті арттырады. Ел басымыз өз жолдауында нақты 2050 жылға қарай әр бір қазақстандық ертеңгі күніне, болашағына сенімді болатындай саяси жүйені қалыптастыруымыз қажет. Әр бір азамат өз елінің иесі екендігін сезіну қажет, барлық оқиғаларға, елдің жеңісіне де, қиыншылықтарына да қатысуы керек, өмір сүруді жақсарту үшін ұмтылу мен әрдайым алаңдау және еңбекке деген ерекше көзқарас –қазақстандықтардың өзгермейтін қасиеті болуы тиіс. «Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілік»- қуатты мемлекеттің басты талабы өз әрекеті, шешімі және өз азаматтары үшін жауапкершілік алу қабілетінің болуы. Бұл ең алдымен Қазақстан Республикасының келешегі үшін жауапкершілік алуды анықтайтын жасампаздық әлеуеттің құнды құрамдас бөлігі.



Назар аударғандарыңызға рахмет!

Округәкімі М.Аменов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет