Қорытынды
Зерттеу барысында мұғалімдерді кәсіби-шығығармашылық іс-әрекетке даярлауға айрықша мән беру керектігі, қазіргі заманғы мұғалімге өзінің кәсіби әлеуетін жан-жақты арттыру үшін үнемі жұмыс қажет екендігі нақтыланды. Сонымен қатар педагогтердің өз білім, біліктерін кеңейтуге мүдделілігін және кәсіби-шығармашылық құзыреттілік дағдыларын дамытуға ұмтылысы анықталды. Бұл ретте, әлі де пысықтауды талап ететін: білім беру үдерісіне қатысушылардың тиімді кәсіби-шығармашылық ұйымдастыру шарттары, жаңа технология құралдары арқылы оқушылармен оңтайлы кері байланыс орнату; педагогтердің заманауи білім беру ортасында жұмыс істеу кезіндегі іс-әрекеттерін түзету, мінез-құлқын сыни бағалау, педагогтердің оқыту тапсырмаларын әзірлеудегі дербестігі мен шығармашылық білігін қалыптастыру; оқушылармен топтық жұмыс және жобалық іс-әрекет ұйымдастыруда кәсібилік пен шығармашылық құзыреттілгін тиімді қолдану, коммуникацияларды және білім алушыларды тарту сияқты көптеген мәселелер бар екенін айтып өту керек. Зерттеу нәтижелері педагогикалық білім беру бағыты бойынша жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жобалау кезінде, мұғалімдерді кәсібишығармашылық іс-әрекетке даялау бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз бола алады[6].
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Аймауытов Ж. Психология. Қызылорда-Ташкент. 1926.
Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. М., 1980.
Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы, 2004.
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004.
Байжұманова Б.И. Оқушының психикалық даму ерекшеліктері. // Бастауыш мектеп. №12, 1998.
.
Достарыңызбен бөлісу: |