Карагандинская государственная медицинская академия


Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі



бет2/3
Дата26.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454853
1   2   3
Адам эмбриологиясы

Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі.

Ұрықтану. Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының бірігуінің нәтижесінде бір жасушалы организмнің – зиготаның пайда болу үрдісі, ол жатыр түтікшесінің ампулярлық бөлігінде өтеді. Ұрықтану 3 кезеңнен тұрады: 1)гаметалардың дистанттық әрекеттесуі; 2)контакттық әрекеттесуі; 3) пронуклеустардың бірігуі, синкарионның түзілуі. Жыныстық қатынас кезінде бөлінген 3 мл-ге жуық шәует құрамындағы 3*108 сперматозоидтар қынап күмбезіне құйылады. Шәуеттің құрамындағы шырыш, фруктоза, С витамині, простогландиндер және түрлі ферменттер қынаптың қышқыл ортасының рH-ын 6-6,5-ке дейін өсіреді . Мұндай сілтілі орта сперматозоидтардың 24-72 сағат бойы өмір сүруіне және олардың ұрықтандыру қабілетінің 12-24 сағт бойы сақталуына қолайлы жағдай болып табылады. Әйтсе де, аталық жасушалардың біразы өліп, жатыр түтігінің ампуласына тек 200-400 спермийлер жетеді. Бірінші саты - дистанттық әрекеттесу – жыныс клеткаларының қосылу мүмкіндігін жоғарылататын бейспецификалық факторлардың реттік жиынтығынан тұрады. Мұнда басты рольді жыныс клеткалары бөлетін гамондар атқарады:жұмыртқа клеткасы – гиногамон (І,ІІ), спермий – андрогамон (І,ІІ). 7 сағат бойы өтетін капацитация кезінде аналық жныс жолдарының бөлінділері әсерінен спермий акросомасындағы рецептор – гликозилтрансфераза жалаңаштанады. Дистанттық әрекеттесуде хемотаксис құблысы, яғни гиногамон І-дің концентрациясы жатыр түтігінің ампуласында жоғары болғандықтан спермийлер осы бағытқа миграцияланады.

Екінші саты – контактты әрекеттесу кезінде овоцитке жеткен 200-400-ге жуық сперматозоидтар оны қоршап, қабығымен әрекеттеседі. Ол акросома және оның ферменті – спермализин арқылы жүзеге асады. Спермализиндер мөлдір зонаны ерітіп, сперматозоид перивителлиндік кеңістікке шығады да спермий ооплазмаға енеді.

Үшінші саты. Кортикальді реакция – астында орналасқан кортикальді гранулдардың мембраналары плазмалеммамен тұтасып, ішіндегі заттарын шығарады. Мөлдір қабықтан қалыптасқан ұрықтану қабығы овоцитті полиспермиядан қорғайды.

Бөлшектену. Зиготаның митоз жолымен жүйелі түрде бөлініп бластомерлердің түзілуі. Ұрықтың бөлшектенуі 1-тәуліктің соңынан басталып, 3-4 тәуліктер арасында өтеді. Адам зиготасының бөлшектенуі бір тәуліктің аяғында толық, тең емес, асинхронды түрде жүреді. Пайда болған бластомерлердің (30 сағат ішінде) саны екеу. Бұл бластомерлердің біреуі «күңгірт», ал екіншісі «ашық» түсті. «Ашық» түсті бластомерлер ұсақ, олар ұрықтың ортасында орналасқан «күңгірт» түсті бластомерлерді бір қабат болып сыртынан қоршайды. Олардан трофобласт дамиды. Ал ішкі «күңгірт» түсті бластомерлер эмбриобласты құрайды. Одан ұрық дамиды. 3-ші және 4-ші тәулікте 7-12 бластомерлер, ал 50-60 сағаттан соң морула түзіледі. Морула – жұмыр келген шар тәрізді, құрамында 105-107 бластомерлері бар ұрық.

Имплантация – ұрықтың жатырдың шырышты қабығына енуі. Имплантацияның екі сатысын ажыратады: адгезия және инвазия. Жетінші тәуліктен бастап трофобласт пен эмбриобласттың инплантацияға дайындығы жүреді. Трофобласт жасушаларында құрамында ферменттері бар лизосомалары көбейіп,жатырдың шырышты қабығын бұзады да, ұрық оның астындағы дәнекер тініне енеді. Сөйтіп, ұрық ара қанымен тікелей байланысады. Ұрықтың анасында қан толы шұңқырлар (лакуналар) түзіледі. Гаструляциясының бірінші сатысында ұрық түйіні – ұрық қалқанына айналады. Имплантация 40 сағатқа созылады. Имплантациямен қоса ұрық жапырақшаларының түзілуі жүреді. Бұл ұрықтық дамудың қауіпті кезеңінің бірі болып табылады. Трофобласт имплантацияның бірінші сатысында жатырдың шырышты қабығына бекініп, екі қабатты цитотрофобласт және симпластотрофобластқа түрленеді. Ал, екінші сатысында симпластотрофобласт протеолитикалық ферменттер бөліп, жатырдың кілеегйлі қабығының эпителиін оның астындағы дәнекер тінін бұзады да, трофобласттан шыққан бүрлері қан тамырлар қабырғасына өтеді. Осының арқасында ұрықтың айналасында ана қаны толы шұңқырлар пайда болады, мұны имплантациялық шұңқырлар дейді. Алғашқы екі аптада ұрық ана тінінен бөлінген қалдық өнімдермен қоректенсе ( гистиотрофты қоректену), ал кейін қоректік өнімді ана қанына алады (гематотрофты коректену). Ұрық ана қанынан қоректік заттармен қатар, одан тыныс алу процесіне керекті оттегін де алады. Мұнымен қоса, жатырдың шырышты қабығының қайта қалпына келуі тез арад жүзеге асады. Бұған дәнекер тінідегі гликогенге бай децидуальді жасушалардың қосар үлесі өте маңызды. Сонымен ұрықтың гистиотрофты қоректенуінің гематотрофтыға ауысуының арқасында эмбриогенездің келесі сатысы гаструляция мен ұрықжапырақшалары, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет