Карта обеспеченности учебно-методической литературой по дисциплине



бет13/28
Дата25.04.2024
өлшемі2.23 Mb.
#499842
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Карта обеспеченности учебно-методической литературой

Лабораториялық жұмыс № 5


Бромбензол синтезі

Студент жұмыс барысында орын басу реакциясының бір түрімен танысады. Катализатордың қатысымен галогендеу.бірнеше изомерлерді бір-бірінен қайнау температурасы және сыну көрсеткіші арқылы органикалық заттарды анықтау әдістерін меңгереді. Бромбензолды катализатордың темір ұнтағының, болмаса (AlCl3; FeCl3) қатысуымен бензолды бромдау арқылы алады. Катализатордың ролі қандай? Монобромбензолмен қатар аз мөлшерде о- және п- дибромбензолдар алынады.


Реакция ерекшеліктері:
Жұмыс тартпа шкафта жасалады. Броммен жұмыс істегенде сақтық шараларды ұмытпау керек. Бөлгіш воронканы алдын-ала тексеру керек.
Реактивтер: Бензол - 6,6 г (7,5 мл); бром - 10,4 г (13,4 мл); темір ұнтағы - 0,3 г.
Жұмыс барысы:
0,3 темір ұнтағын түбі дөңес колбаға салып, 4 мл бензолды құйып, колбаны пробиркамен қосады. Бөлгіш воронкасынан 3,5 мл 3,4-дибром бензолдың қоспасы құйылады. Реакцияның жүруін бақылау үшін 1 мл қоспаны құйғаннан соң біраз күту қажет. Реакция басталғаннан кейін, реакцияның жылдамдығын бромның тамшысымен анықтайды. Реакцияның температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қосымша қосылыстардың (дибромбензолдардың) пайда болу мүмкіншілігі өседі. Реакция өте жылдам жүретін болса, колбаны суық сумен суыту қажет.
Бром мен бензолдың қоспасын колбаға түгелімен құйғаннан кейін кранды жауып, колбадағы қоспаны жарты сағат қыздырады ыстық суда (бром буының толық бөлінуіне дейін). Колбадағы қоспаны (бөлшектеу) бөлгіш воронкасына құйып, сусыздандырылған кальций хлоридімен кептіріледі. Құрғатылған затты Вюрц колбасына құйып, 154-160оС бөлінетін фракцияны жинап алады.
Шығымы - 4,5 г.


Лабораториялық жұмыс № 6


ВАКУУМДЫ АЙДАУ


Методикалық нұсқау

  1. Вакуумдағы су насосымен айдау приборын жинау.

  2. Жоғары температурада айдайтын сұйықтарды айдауды жүргізу,

  3. Таза заттарды бөліп алу және оларды идентификациялау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет