«Иммунология» 18. Агглютинация реакциясы: реакция принципі, медицинада қолданылуы



бет1/6
Дата09.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#498100
  1   2   3   4   5   6
Иммунология 18-25


«Иммунология»
18. Агглютинация реакциясы: реакция принципі, медицинада қолданылуы
Агглютинациялық реакция АР (лат. agglutinatio- желімдеу) корпускулалык (бактериялар. эритроциттер, не басқа жасушалар, сонымен катар макромолекулалық агрегаттар) антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін карапайым реакция.
АР-дың бірнеше нұсқасы қолданылады: жайылма, болжамдау, жанама және т.б. Агглютинациялык реакцияның нәтижесі он болган кезде көрінетін тұнба пайда болады
АР-ды пайдаланудың мақсаттары:
аурудын кан сарсуындағы антиденені анықтау үшін. Мысалы, сарыпта (Райт, Хеддельсон реакциялары), іш сүзегінде (Видаль реакциясы) және тағы басқа жұқпалы ауру түрлерінде;
аурудан бөлініп шыгарылган қоздыргыштың түрін анықтауға;
эритроциттердін аллоантигеніне карсы моноклоналды антиденелерді қолдану аркылы қанның кай топқа жататынын анықтау үшін.
Ауруда антидене бар екенін анықтау үшін агглютинация реакциясының жайылған түрін кояды: сарысудын ортүрлі сұйылтуына диагностикум (физиологиялық ерітіндідегі өлтірілген микробтар) қосылады, термостатка +37°С-та бірнеше сагаттка койылганнан кейін ең жогаргы сұйылтуда пайда болган тұнбаны байкайды (сарсудың титрі). Агглютинацияның сипаты және шапшаңдығы антигенмен антидененің түріне байланысты. Мысал ретінде О-диагностикум мен (О-антиген) Н-диагностикумді (Н-антиген) келтіруге болады. О диагнос тикумымен агглютинация (өлтірілген микробтардың жасушасы) ұсақ дәнді тұнба ретінде болса, ал Н - диагностикумымен (талщықты антигендері бар) ірі дәнді, жапалақтаған түрде тұнба береді.
Жанама гемагглютинациялық реакция (ЖГАР). Реакцияның принципі антигенмен антидене кондырган эритроциттерді, не латексті колдануға негізделген. Олар сарысудағы антигендермен не антиденелермен өзара катынасканда бірімен бірі жабысып пробиркада ирекшетті көріністі тұнба түседі. Реакцияның нәтижесі теріс болған кезде «түйме» тәрізді тұнба болады. Әдетте бұл реакцияны эритроциттерге қондырган антигендер арқылы сарсудағы антденелерді анықтайды. Реакция керісінше вариант түрінде колданылуы мүмкін, ягни эритроциттерге қондырылган антиденелермен антигенді анықтайды, бірақ бұл вариант сирек қолданылады. Аталған вариант «керісінше гемагглютинациялық реакция» деп аталады (КГАР), КГАР-ды жұқпалы аурудың диагнозын қою үшін, адам ағзасынын гормондарга, дәріге сезімталдығын анықтау үшін тағы басқа жағдайларды дәлелдеуге колданады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет