Картография және Геоинформатика кафедрасы


ЖЖС кеңістік элементтеріне шолу



бет2/3
Дата12.12.2022
өлшемі49.24 Kb.
#467053
1   2   3
ЖЖС кеңістік элементтері және олардың эфемеридтері

ЖЖС кеңістік элементтеріне шолу
Жерсеріктік радионавигациялық жүйенің даму тарихы, ғарыштық геодезияның даму тарихына байланысты. Ол алғашқы жасанды Жер серігін (ЖЖС) ұшырған кезден басталды. Алғашқы кезеңі негізінен 1958-1970 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде ЖЖС-ні бақылау әдістері, сондай-ақ олардың орбиталарын есептеу мен талдау әдістері жасалды. ЖЖС-ті бақылаудың негізгі әдісі, арнайы құрастырылған фотокамера арқылы іске асырылатын фотографиялық әдіс болды. Бақылаудың өңделген әдісі негізінде ғарыштық триангуляцияның ғаламдық желілері, Жер моделі жасалып, Жердің гравитациялық өрісі зерттелді. Бұл пункт координаталарын анықтау әдісінің кемшіліктері: екі пунктте бір мезгілде синхронды бақылауды ұйымдастыру қиындығы бір-бірінен едәуір қашықтықта тіркелген екі пункттен, бір уақытта жер серігінің көрінуін қамтамасыз ететін жақсы ауа-райы жағдайларының қажеттілігі. 1970-1980 жылдары ЖЖС дамуының екінші кезеңі болды. Бұл кезеңдерде ЖЖС-ні бақылаудың жаңа әдістері жасалады, яғни оларға – лазерлі және радиотехникалық қашықтық өлшеуіш, жерсеріктік альтиметрия жатады.
Ғарыштық геодезияның есебін шешкен кездегі ЖЖС-ң бақылауы белгілеу, тіркеу және көлемдерді өлшеу үшін негізделген. ЖЖС-ң бақылау процесі арнайы техникалық жұмыстар арқылы жасалады.
ЖЖС-ң бақылау тәсілі қолданылатын бақылау түріне өлшенетін жұмыстар, физикалық құбылыстарға байланысты ажыратылады.
Ғарыштық геодезияда бақылау үшін (орнына анықтау үшін) ЖЖС-ні келесі бақылау әдістерін қолданады:
- фотографиялық;
- радиалды фазалық;
- лазерлік;
- Допплердің әдісін қолдану негізіндегі радиотехникалық.
Фотографиялық әдістің ғарышты аппараттардың қозғалыс параметрлерін анықтағанда дәлдігі тура бола бермейді.
Радиодальнометрлік фазалық және лазерлік әдістер КА радус-векторы анықтауға негізделген.


ЖЖС жүйелердің геодезиядағы маңызы
Координаталарды анықтаудың жерсеріктік технологияларының геодезиядағы маңызы. Геодезияда ЖРНЖ-ні пайдалану артықшылықтары:
 геодезиялық торап пункттері арасында тура көрінуді қамтамасыз етуге арналған сыртқы сигналдарды құрудың қажеттігі жоқ;
 базистік қабырғалардың ұзындығы мен геодезиялық тірек торап қабырғалары шексіз;
 ауа райы жағдайы мен уақытқа тәуелсіз;
 жерге жақын тұрақсыз атмосфералық қабатты өлшеу дәлдігіне әсердің болмауы;
 ара қашықтықты біржақты өлшеу әдісін пайдалану;
 қозғалыста координаталарды жоғарғы дәлдікпен анықтау мүмкіндігі;
 пландық және биіктік тораптарды құру мүмкіндігі;
 координаталарды анықтау бойынша жұмыстарды автоматтандырудың жоғарғы дәрежесі.
ЖЖС-ні геодезияда қолдану – геодезиялық мәселелерді шешудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, еңбек өнімділігі мен оның тиімділігін жоғарылатады да, өлшеу дәлдігі артады.
Жерсеріктік координаталық өлшеуді орындаған кезде жер серігі мен қабылдағыш арасындағы ара қашықтық басты анықталатын параметр болып есептеледі. Бірнеше жер серігіне дейінгі ара қашықтықты бір мезгілде анықтау, кеңістіктік. 32 сызықты қиылыстыру әдісі мен бақылау пунктінің координаталарын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл координаталар, өз кезегінде бір мезгілде жұмыс істейтін жерсеріктік қабылдағыштар орнатылған пункттер арасындағы координаталар айырымын, базистік сызық ұзындығын, азимуттық бағытты, сондай-ақ бірқатар басқа да көмекші параметрлерді анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, қабылдағышты жылжымалы объектіге орнату кезінде, осы объектінің қозғалу жылдамдығы мен бағыты анықталуы мүмкін. Шешілетін есептерге байланысты координаталарды анықтау әдістерін – абсолютті және салыстырмалы (дифференциалды) деп ажыратады. Бұл кездегі бірінші жағдайда қойылған есеп бір, жеке жұмыс істейтін жерсеріктік қабылдағышты пайдалану негізінде шешілуі мүмкін. Екінші жағдайда, дифференциалды өлшеуге тән анықталатын жерлерге белгіленген пункттерде орналастырылған екі немесе одан көп, бір мезгілде жұмыс істейтін қабылдағыштар пайдаланылуы мүмкін. Бұл екі әдістің басты ерекшеліктері – дәлдігі бойынша едәуір айырмашылығы бар координаттарды алу, абсолюттік әдіске тән жүйелік сипаттарының қателіктерін есепке алу күрделігімен түсіндіріледі. Мұндай тұжырымды дәлелдеу үшін, соңғы нәтижелерді есептеу кезінде қолданылатын негізгі қатынастарды талдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет