Картаны тану - географиялық карталардың элементін, құрылымын, карталардың даму тарихын және карталарды қолдану жолдарын қарастырады.
Картографиялық информатика – карталардың жіктелуін және баға беруін, сақтау мен таралуын қарастырады.
Математикалық картография – карталардағы географиялық объектілердің нақтылығын қарастырады.
Картометрия – географиялық карталардағы объектілердің ұзындығын, ауданын өлшеуін қарастырады.
Картографияны оқытуда ең негізгі болып табылатын саланың бірі топография. Топография – жер бетінің біршама шағын учаскілерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.
Картография гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысты Гуманитарлық ғылымдарға: экономика, тарих, жаратылыстану ғылымдарға: физикалық география, ландшафттану, осының ішінде салалық ғылымдарға: геология, климатология мен метеорология, топырақтану, ботаника, зоология және нақты ғылымдарға: математика, геодезия, кибернетика, статистика жатады.
Ғылыми практикада модельдендіру нақты объектіні оқып білуде және жасауда орын бастаушы ретінде түсіндіріліп келеді. Картографияда «модель» деген термин қолданады және өзінің ерекшеліктері бар. Модель жер бедерін, географиялық қабықты, жер қыртысын және атмосферада тіршілік ететін тірі организмдермен әлеуметтік құбылыстармен адамның іс-әрекетінен болатын құбылыстарды көрсетеді. Осы «Картографиялық модельдендіру» ұғымын орыс ғалымы географ, картограф К.А.Салищев қолданды. Ғалым К.А.Салищев карталардың ең негізгі 4 функциясын атап көрсетті. Олар: коммуникативті, оперативті, танымдық, болжамдық.
Коммуникативті – картаны қолдану кезінде ең негізгі хабарлар беру;
Оперативті- карта бойынша практикалық жұмыстарды орындау;
Танымдық - әртүрлі саладағы мамандар мен оқушылар өздерінің білімін дамыту үшін қолданады.
Болжамдық- картографиялық моделдеу кезінде бір құбылысты бағыт бере отырып дамыту.
Географиялық карталардың элементтеріне: математикалық негіздер (масштаб, тор, проекция), картографиялық бейнелеулер (шартты белгілер), қосалқы элементтердің сипаттамасы (график, диаграмма, статистикалық көрсеткіштер), жабдықтау (картаның аты және масштабы, картографиялық торда сызықтардың бейнеленуі) жатады.
Географиялық карталар территорияларына, маңызына, мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.
Территориясына қарай: материктік, мұхиттық жеке мемлекет
Маңызына қарай: оқулық карталар, ғылыми - анықтамалық, әскерлік, туристік және т.б.
Мазмұнына қарай: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.
Масштабына қарай: ірі масштаб, орта масштаб, ұсақ масштаб.
Бұл масштабтар жалпы географиялық және тематикалық карталарға тән. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды – топографиялық карталар, орта масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы карталар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |