www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста мерзімін өткізген борышкерлердің қатарына клиенттің банк заемы шартының нөмірін көрсету арқылы немесе басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке хабарланады.
Банк заемы шарты Қорытынды шот-көшірмеге сәйкес Берешек болмаған кезде Клиенттің өтініші бойынша немесе Банктің қалауы бойынша бұзылуы мүмкін.
-
Банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптары
-
БЕ-нің мақсаты үшін пайдаланылатын терминдердің, анықтамалар мен қысқартулардың мынадай мағынасы бар:
-
Call Center – клиенттердің қоңырауларын қабылдайтын әрі өңдейтін, Банк қызметі мен өнімдері туралы хабарлайтын, Карталарды іске қосатын, оларға Тосқауыл қоятын және Клиентке қызмет көрсету үшін Банктің айқындайтын тағы басқа қызметтерді жүзеге асыратын Банктің бөлімшесі немесе қызмет;
-
Автотөлемақы – банктік қызмет көрсету қызметі, оған Банктің Клиентке үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтері үшін үшінші тұлғалардың берген шоттарын кейіннен қажетті ақша сомасын (Клиенттің қосымша нұсқауынсыз) акцептсіз немесе Клиенттің кез келген банк шоттарын, соның ішінде Кредиттің ақшасы, оң қалдық немесе салым есебінен тікелей дебеттеу тәртібімен жасаған төлемақысы кіреді;
-
Авторландыру – Картаны пайдаланып төлем жасауға Банктің берген рұқсаты. Авторландыруды алу рәсімі Төлем жүйесінің ішкі ережелеріне және/немесе Төлем жүйесінің қатысушыларының арасында жасалған шарттарға және/немесе Клиентпен жасалған шартқа сәйкес белгіленеді. Авторландыру автоматтандырылған режимде электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы (бұдан әрі – «автоматтандырылған режим») немесе телефон байланысын пайдалану арқылы дауыс шығаратын режимде (бұдан әрі – «дауыс шығаратын авторландыру») жүзеге асырылады;
-
Картаны іске қосу – Банк Картаны шығарған кезде Ұстаушының Банктің Төлем лимитінен немесе Банк ұсынатын кез келген тәсілмен қандай да бір басқа талаптардан тыс Авторландыруды беруден бас тартуын көздейтін Картаны пайдаланып шығыс операцияларын жүргізуге белгіленген техникалық шектеуді жою рәсімі;
-
Банк – “Кaspi Bank” акционерлік қоғамы;
-
Банктік қызмет көрсету – шартқа сәйкес Банктің көрсететін ақылы банктік қызметі;
-
Картаға тосқауыл қою – Картаны пайдаланып төлем жасауға және/немесе Операцияларды жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;
-
Валюталық жинақ шоты – Банктің БЕ-ге сәйкес Клиентке ашатын, бір шетел валютасындағы Клиенттің банктік жинақ шоты;
-
Валюталық шот –кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсатқа Банктің БЕ-ге сәйкес Клиентке ашатын бір шетел валютасындағы ағымдағы банктік шоты;
-
Қайтарылатын төлем – Банкке жазбаша шағым және т.с.с. беру арқылы Клиенттің Картаны пайдаланып жүргізген шығыс операциясына наразылығын білдіруі және Банктің Клиенттің шағымын дәлелді деп мойындауы салдарынан Картаға қызмет көрсету шотына аударылған ақша;
-
Сыйақы – кредит лимитінің есебінен алынған, Банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен заем сомасына пайыздық көрсеткішпен айқындалған ақшаны пайдаланғаны үшін ақы;
-
Грэйс-кезең – Сыйақы немесе Кредит берумен байланысты комиссиялар, немесе Банктің Тарифтері мен басқа да шарттарда көзделген өзге комиссиялар БЕ-ге сәйкес есептелмейтін және ұсталмайтын, немесе кейбір қызмет ақысын төлеуге жеңілдік берілетін, немесе негізгі борыш бойынша немесе Сыйақы бойынша мерзімі ұзартылатын, немесе БЕ-де көзделген шарттардың талаптарын басқалай жеке уақытша жақсартулар берілетін уақыт кезеңі. Грэйс-кезең бір немесе бірнеше адамдарға, Банктің анықтайтын уақыт аралығында бір немесе бірнеше Операцияға қатысты қолданылуы мүмкін. Грэйс-кезеңін беру талаптарын Банк тиісті ақпаратты www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы және/немесе SMS-хабар және/немесе жазбаша хабарлама жолдау арқылы хабарлайды;
-
Кешенді банктік қызмет көрсету шарты – Картаға қызмет көрсету шоты шартының, банктік қызмет көрсету шартының талаптары берілген, Клиентпен жасалатын шарт, сервис-пакет қызметін көрсету шарты, банктік қызмет көрсету шоты шарты, жинақтық шот және салым шарты, валюталық шот шарты және Банк ұсынатын басқа шарттар мен қызмет;
-
Қосымша карта – Клиенттің нұсқауымен, соның ішінде Call Center-ге хабарласу арқылы, интернет-банкингтің көмегімен, банкомат арқылы және Банктің көздеген өзге де тәсілдерімен шығарылған екінші және кейінгі карталар;
-
Кредит лимитінің қолжетімді қалдығы – Клиенттің кредит лимитінің пайдаланбаған бөлігінің мөлшері, ол кредит лимитінің мөлшері мен негізгі борыш бен Овердрафт мөлшерінің арасындағы айырмаға тең;
-
Берешек – негізгі борыш сомасын, Овердрафт сомасын, есептелген, бірақ төленбеген Сыйақыны, комиссияларды, айыппұлды, өсімпұлды, тұрақсыздық айыбын, БЕ-нің аясында Клиентпен жасалған шарттарда көзделген өзге де төлемдерді қосқанда, Клиенттің төлеуі тиіс ақшасы;
-
Заем алушы – Кредит берілген Клиент;
-
Жалақылық жоба – Клиенттің жұмыс берушіден жалақыны, сыйлықақыларды, әлеуметтік төлемдерді және басқа да ақшаны алуын қамтамасыз етумен байланысты Банкпен Картаны пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға/есепке жазуға байланысты тиісті қызмет көрсету бойынша келісім жасасқан заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің жұмыскері/қызметкері болып табылатын Клиентке көрсетілетін Банктің қызмет кешені;
-
Өтініш – Тарифтік жоспардың атауы мен талаптары және Клиенттің БЕ-де көзделген шарттарды жасасу туралы оферталар түріндегі Банкке жасаған ұсынысы берілген Банктің белгілеген нысаны бойынша жасалған құжат;
-
Капиталдандыру – Банктің қалауы бойынша, Банктің негізгі борышты шегергендегі мөлшерде Клиенттің өтініші бойынша, соның ішінде төлем мерзімін ұзартқан кезде берілетін, Есептесу кезеңі аяқталған күні есептелген Берешек мөлшерінде кредит лимитінің есебінен Клиентке ақша беруі;
-
Карта – Клиенттің Картаға қызмет көрсету шотындағы/Шоттардағы ақшасына электрондық терминалдар немесе басқа құрылғылар арқылы қолжетімділік беретін құрал, онда мұндай картаны ұстаушыға төлемдер жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюталар айырбастауға, Картаның төлемдік емес қосымшаларына қолжетімділік алуға және Банк анықтаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат берілген. Карта немесе оның нөмірі де Банктің немесе үшінші тұлғалардың Клиентті Банк пен үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларының (адалдық бағдарламаларының) аясында, соның ішінде банктік ақпараттық жүйеде және үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде сәйкестендіру құралы болып табылады;
-
Клиент – Банкке Өтінішпен, Өтініммен келген немесе БЕ-нің аясында шарттар жасасқан жеке тұлға;
-
Кіру коды – Клиент Call Center-ге телефон арқылы қоңырау соғып, қашықтан байланысу арналары бойынша Банкке қашықтан хабарласқан кезде, сондай-ақ БЕ-де көзделген өзге жағдайларда Клиентті сәйкестендіру мақсатында айтылатын Клиенттің ақпаратына кірудің жеке цифрлық коды және/немесе әріптік коды;
-
Кредит – Заем алушының барлық заем Операциялары бойынша мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық талаптарымен берілетін кредит желісінің есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарлар, жұмыстар мен қызмет сатып алуға алған ақшасы;
-
Кредит желісі – Клиентке кредит алу уақытын өзі анықтауға және заем Операцияларын жасауға, бірақ Банктің ішкі кредит саясаты ережесінде және БЕ-де кредит желісінің Ең көп сомасы шегінде, кредит лимитінің жаңартылатын немесе жаңартылмайтын негізінде, Банктің белгілейтін сомасы мен уақыты шегінде мүмкіндік беретін талаптарда Клиентке кредит беруге арналған Банктің міндеттемесі;
-
Кредит лимиті – Заем алушының біржолғы пайдалануында болатын кредит желісінің Ең көп мөлшері аясында Банктің анықтайтын әрбір нақты уақыт кезеңінде заем Операциялары бойынша негізгі борыш сомасының шекті мөлшері;
-
ДСЖК – цифрлық немесе әріптік-цифрлық код және/немесе ЖСН-коды түріндегі Клиентті динамикалық сәйкестендіру жүйесінің коды, ол қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентті сәйкестендіру үшін пайдаланылады;
-
Жеңілдік кезеңі – Банк анықтайтын Берешекті өтеудің жеңіл тәртібінің қолданылатын кезеңі. Банк жеңілдік кезеңін беру талаптарын тиісті ақпаратты Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жариялау арқылы хабарлайды;
-
Кредит желісінің ең көп сомасы – кредит желісі аясындағы кредит лимитінің шекті мөлшері, ол банк заемы шарты бойынша беріледі;
-
Ең ұзақ қаржыландыру кезеңі – реттік күнтізбелік айлардың сандық мәнімен анықталатын уақыт кезеңі, бұл кезеңде Берешек тек Банк белгілеген мөлшердегі Ең аз төлемді төлеу арқылы өтелуі тиіс;
-
Ең аз төлем – төлем жасау арқылы Берешекті өтеу әдісі, төлем мөлшері кредит лимитінің немесе Берешек сомасының пайызынан немесе Банк белгілеген өзге тәртіппен құралады, Берешек болған кезде Ең ұзақ қаржыландыру мерзімінде Банктің анықтайтын кредит желісінің мерзімі шегінде Клиенттің Берешекті өтеуі үшін төлем жасауы міндетті болады;
-
Мультивалюталық қызмет көрсету – банктің қызмет кешені, ол Клиенттің Шоттары бойынша қашықтан байланысу арналары арқылы аударыммен, валюта айырбастаумен байланысты Операцияларды жүргізу мүмкіндігін және Банктің анықтаған және Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жарияланған талаптарда басқа да әрекеттерді көздейді;
-
Дербес талаптар жиынтығы – Банктің БЕ-нің аясында қызмет көрсетуінің жеке жақсартулары, ол Банк анықтаған, талаптарды жақсартуға бағытталған, БЕ-нің аясында шарт жасалған сәтте анықталған грэйс-кезеңін және/немесе жеңілдік кезеңін, және/немесе промо-кезеңін беруді, және/немесе Операцияларды Артықшылықты блокқа қосуды, және/немесе қызмет көрсетудің басқа параметрлерін, атап айтқанда, кредит желісінің Ең көп сомасын көбейтуді, Кредиттің және/немесе кредит желісінің мерзімін көбейтуді білдіреді;
-
Телефон нөмірі – Клиенттің Клиент туралы Мәліметтерде хабарлаған Клиенттің ұялы немесе үйінің телефонының нөмірі;
-
Қамсыздандыру – кепіл, кепілдік, кепілдеме, соның ішінде заттай кепілдеме және Заем алушының банк заемы шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыру үшін Банкке берген міндеттемелерді орындаудың басқа да тәсілдері;
-
Қамсыздандыру жарнасы – Артықшылықты блокқа қосылған заем Операциялары бойынша Клиенттің банк заемы шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыру ретінде кепілге беретін ақшасы;
-
Овердрафт (немесе Лимиттен үстеме берешек) – Төлем лимиті мөлшерінен үстеме Операцияларды жүргізумен байланысты Клиенттің төлеуге тиіс ақшасы;
-
Операция – Шоттарда көрінуі тиіс кез келген операция (транзакция), соның ішінде заем Операцияларын (кредит лимитінің есебінен шығыс Операциялары) қосқанда, шығыс Операциялары, Картаны пайдаланып жасалған (тауар ақысын төлеу және қолма-қол ақша алу), қолма-қол жасалатын немесе қолма-қол жасалмайтын тәртіппен Шоттарға ақша салу; Қайтарылған төлемдер; Банктің Берешекті өтеуге ақшаны есептен шығаруы; есептелген төлемдерді Шоттардан есептен шығару, Өтінішке және БЕ-ге сәйкес комиссиялар мен Сыйақылар; Клиенттің Шоттарында көрсетілуі тиіс басқа да Операциялар;
-
Оңтайлы төлем – бір айдан тұратын Есептесу кезеңінің соңғы күні Берешекті толық өтеу үшін Клиенттің банк заемы шарты бойынша Банкке төлеуге тиіс міндетті төлем мөлшері;
-
Негізгі борыш – заем Операциялары бойынша жасалған, Клиенттің қайтармаған (өтемеген) сомасын, сондай-ақ капиталдандырылған сыйақы мен өзге де төлемдер сомасын білдіретін Клиенттің Берешегінің бір бөлігі;
-
Жаднама – шарттың бөлігі емес, БЕ-нің кейбір ережелері, Тарифтік жоспар берілген, Картаны пайдалану және Берешекті өтеу жөнінде қысқа нұсқаулық, соның ішінде талаптар мен тарифтер жөнінде түсініктер, Дербес талаптар жиынтығының атауы мен қысқаша мазмұнныың нұсқауы, соның ішінде мұндай Дербес талаптар жиынтығына сәйкес Клиентке берілетін кредит лимит(тері)нің мөлшер(лер)і, сондай-ақ Артықшылықты блок болған кезде, болжамды төлем кестесі кіреді;
-
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі, Ұстаушыға берілетін және Ұстаушыны сәйкестендіруге арналған құпия код;
-
Клиенттің таңдауымен жасалған төлем – мөлшерін Клиент өз бетінше анықтайтын және Банктің белгілеген Ең аз төлем мөлшерінен кем болмауы тиіс төлемді жасау арқылы, БЕ-де өзгеше көзделмесе, Берешекті өтеу әдісі;
-
Төлем жүйесі – төлем карталарын пайдалану технологиясының негізінде өзара қатынастар құратын және белгілі бір ережелер мен талаптармен өзара біріктірілген есептесуге қатысушылар мен олардың есептесу агенттерінің жүйесі. БЕ-нің аясында мыналар Төлем жүйесі болып табылады: MasterCard WorldWide халықаралық төлем жүйесі; Visa International халықаралық төлем жүйесі;
-
Төлем лимиті – ақша сомасы, оның шегінде Ұстаушының Картаны пайдаланып, шығыс Операцияларын жасауға құқығы бар. Оған теңгедегі Шоттардағы ақшаның оң қалдығы мен шоттарда әлі көрсетілмеген Операциялар сомасын шегеріп тастағанда кредит лимитінің Қолжетімді қалдықтары кіреді;
-
Оң қалдық – мерзімі өткізілген Берешегі болмаған кезде Клиенттің Картаға қызмет көрсету шотындағы меншікті ақша сомасы;
-
Артықшылықты блок – заем Операцияларының блогы, оны Клиент Банктің анықтаған артықшылықтары мен Банктің анықтаған және бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жарияланған банк заемы немесе банктің қызмет көрсету шартының қосымша талаптары (шектеулері) қолданылатын, Банк анықтаған Операциялар тобынан жасалған немесе жасалатын Операциялардың қатарынан таңдап алады;
-
Промо-кезең – банктің қызмет көрсету және/немесе сервис-пакет шарттарының қолданылу мерзіміне қарамастан, банктік қызмет көрсетудің кейбір қызметтері және/немесе сервис-пакеттері тегін негізде ұсынылатын уақыт кезеңі;
-
ССК – сауда және сервис кәсіпорны, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсеткені үшін қолма-қол жасалмайтын ақыны қабылдайтын азаматтық құқықтық қатынастарының кез келген субъектісі;
-
Картаны тосқауылдан шығару – Банктің Картаны пайдаланып Операцияларды жүргізуге бұрын белгіленген шектеулердің күшін жоюы;
-
Есептесу кезеңі – Картаны іске қосқан күннен басталатын Картаны пайдаланатын бір айға тең уақыт кезеңі. Алдыңғы Есептесу кезеңі аяқталған күн әрбір кейінгі Есептесу кезеңінің басталған күні болып табылады;
-
Ұсынылған төлем – кредит лимитінің не Берешек сомасының пайызында көрсетілетін төлемді жасау арқылы Берешекті өтеу әдісі, Берешек болған кезде бір жылдан аспайтын мерзімде немесе кредит желісінің мерзімінде Банктің анықтайтын басқа мерзімінде тең үлестермен Берешек сомасын өтеу үшін оны төлеу міндетті;
-
Жинақ шот – БЕ-ге сәйкес Банктің Клиентке салымды салуы үшін ашатын теңгедегі банктік шоты;
-
Клиент туралы мәліметтер – Клиенттің БЕ-нің аясында шарттар жасасу үшін Банкке беретін, ықтимал Клиент/Клиент туралы ақпарат, Клиенттің қол қойылған және Банкке берген Клиенттің растаулары, келісімдері мен кепілдіктері берілген құжаттар. Клиент туралы мәліметтерге мынадай құжаттар жатады: Банк пен Клиенттің шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы үшін Банкке қажетті Клиент туралы мәліметтер (ақпарат) берілген Клиенттің Сауалнамасы/Растаулары, кепілдіктері және келісімдері және Клиенттің өтінімдері, сондай-ақ кредит беру туралы өтініш;
-
Сервис-пакет – Банктің қалауымен сервис-пакет қызметін ұсыну шарттарын жасасу туралы офертаны акцепттеген жағдайда Банктің көрсететін қосымша тегін банктік қызметтерінің пакеті;
-
Картаның қолданылу мерзімі – Операциялар жасау үшін Картаны пайдалануға рұқсат берілетін уақыт кезеңі. Карта оның оң жағындағы цифрлық пішімде көрсетілген жылдың айының соңғы күніне дейін жарамды болады;
-
Шот – банктік шоттар, соның ішінде БЕ-ге сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттар үшін ашылатын Картаға қызмет көрсету шоты және/немесе банктік қызмет көрсету шоты және/немесе жинақ шоты және/немесе Валюталық шоттар (іске қосылған жағдайда) және/немесе Валюталық жинақ шоттары (іске қосылған жағдайда);
-
Шот-көшірме – сервис-пакет қызметін көрсету шарты аясында Есептесу кезеңінде Шотта көрсетілген Операциялар туралы ақпаратты, сондай-ақ БЕ-де көзделген басқа да ақпаратты Клиенттің назарына жеткізу мақсатында Банктің әзірлейтін және Клиентке жолдайтын ақпараттық үзінді көшірмесі;
-
Тарифтік жоспар – БЕ-ге сәйкес Клиентпен жасалатын шарттар бойынша Банктің кейбір тарифтері мен кейбір қызмет ұсыну талаптары кіретін, Өтініште келтірілген кредит лимитін беру талаптарының үлгілік түрінің шартты атауы;
-
Банк тарифтері – Банктің уәкілетті органы бекіткен және Банктің қызмет ақысын төлейтін күнгі қолданыстағы Банктің қызметімен байланысты оның қызметі үшін төлемақы мөлшерлемелері және;
-
Ағымдағы кредит лимиті – банк заемы шарты жасалғаннан кейін нақты күні заемшыға берілген кредит лимит(тер)і, олардың мөлшер(лер)і не жазбаша түрде, не қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің назарына жеткізіледі;
-
Терминал – электрондық-механикалық құрылғы, ол қолма-қол ақша беру (қабылдау), төлем жасау және ақша аудару бойынша операцияларды, шетел валютасын айырбастау операцияларын және басқа да банктік операцияларды, соның ішінде төлем карталарын, электрондық ақша пайдаланып операциялар жүргізуге, сондай-ақ тиісті оперциялардың өткізілгенін растайтын құжаттарды жасауға арналған;
-
Қашықтан байланысу арналары – Банктің анықтайтын талаптарында және тәртібімен пайдаланылатын, Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, интернет-банкинг, ұялы банкинг, SMS-хабар, телефон, факс, банкомат, POS-терминалдар, терминалдар, электрондық кабинет арқылы Клиент пен Банктің арасында ақпаратты беру құралдары;
-
Электрондық банктік қызмет – банктік шот(тар)ындағы ақша сомасы туралы, банктік шот(тар)ы бойынша, төлем жасаумен және ақша аударумен, банктік шот(тар)ын ашумен немесе жабумен және/немесе телекоммуникация желілері бойынша, спутник байланысы немесе басқа да байланыс түрлері арқылы жүргізілген операциялар туралы ақпарат алу үшін Клиенттің өзінің банктік шот(тар)ына кіруге рұқсат алуымен байланысты қызметтер. Электрондық банктік қызметтер ақпараттық-банктік және транзакциялық-банктік қызметтер болып бөлінеді;
-
Электрондық ақша – Банктің айналысқа шығарған электрондық ақшасы;
-
Электрондық кабинет – Клиенттің Банктің интернет-ресурсындағы дербес беті, оның көмегімен Банк пен Клиенттің арасында өзара әрекет ету және ақпаратпен өзара алмасу жүзеге асырылады және төлемдік нұсқаулардың Банктің анықтаған түрлері жүзеге асырылады. Электрондық кабинеттің жұмысының басталуын және оның жұмыс тәртібін Банк анықтап, қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің назарына жеткізеді.
-
Клиентке қызмет БЕ-де көзделген шарттарды жасасқаннан кейін БЕ-ге сәйкес көрсетіледі.
-
БЕ тек мұндай талап БЕ-нің аясында жасалған шарттарда тікелей көзделген жағдайда ғана Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарға қолданылады.
-
Банктің Кредит беру, Шот ашу үшін қажетті құжаттарды қабылдауы Банктің БЕ-нің аясында басқа шарттарды міндетті түрде жасасуына әкеліп соқтырмайды. Банк белгіленген тәртіппен шарттар жасалған сәтке дейін БЕ-де көзделген қызметті көрсетуге және міндеттемелерді өз мойнына алуға міндетті емес. Банктің БЕ-нің тиісті шарттарында көрсетілген әрекеттері шарттардың жасалғанының растамасы болып табылады.
-
Шарттар, БУ жасалған жағдайда, оның қосымшаларын қосқанда, өтініштер/Клиенттен түскен құжаттар/ақпарат, шарттар, сондай-ақ Банктің Клиентке жолдайтын құжаттары немесе Банктің Клиенттің оферталарын акцепттеу бойынша іс-әрекеттері АК-нің 152-бабына сәйкес ресімделген болып табылады, атап айтқанда, Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарды реттейтін мына шарттардың біреуі немесе бірнешеуі түрінде, сәйкесінше жазбаша түрде жасалған болып табылады: Картаға қызмет көрсету шоты шарты/банк заемы шарты/банктік қызмет көрсету шоты шарты/жинақ шот пен салым шарты/банктік қызмет көрсету шарты/сервис-пакет шарты. Банк банк заемы шартын және Картаға қызмет көрсету шоты шартын жасасу туралы оферталарды акцепттеген жағдайда, кредит лимиті бар төлем картасын беру туралы шарт осы шарттардың жиынтығы болып табылады.
-
Клиент Банктің қызметінің ақысын операцияларды жүргізген кезде, Банк Тарифтеріне сай қолма-қол жасалмайтын тәртіппен, қолма-қол ақшамен, Банктің Клиенттің шоттарына тікелей дебеттеу арқылы және/немесе операцияларды жүргізген кезде Банктің Клиенттің шотынан, немесе Клиенттің Банктегі немесе басқа банктердегі кез келген басқа шотынан акцептсіз тәртіппен алып қоюы арқылы төлейді.
-
БЕ-де көзделген шарттар БЕ-ге сәйкес анықталған күннен бастап, егер шарттардың талаптарында өзгесі тікелей берілмесе, жасалған, толық немесе бөлігімен күшіне енген болып саналады.
-
Банк Клиентке қызметтің БЕ-де келтірілгеннен басқа жаңа түрлерін көрсетуге көздеуге құқылы, мұндай жаңа қызметтерді көрсету талаптарын БЕ-ге қосымшалар түрінде баспа түрінде немесе Банктің сайтында жариялайды. Клиент Өтініш жолдағаннан кейін Банктің жаңа қызмет түрлерін көрсете бастаған жағдайда, мұндай қызмет түрлері Клиентке оның жазбаша, ауызша немесе басқаша келісімі бойынша Банктің мұндай жаңа қызмет түрін көрсету үшін белгілейтін тәсілімен көрсетілген тәртіп бойынша көрсетіледі.
-
Клиентке қызмет көрсету сапасын бақылау үшін, Клиент Call Center-ге, Банктің авторландыру қызметіне немесе Банктің басқа да бөлімшелеріне хабарласқан кезде, Банк онымен телефон арқылы жүргізілген келіссөздерін жазып алуға, сондай-ақ жазбаны мұндай хабарласу фактісін растау үшін пайдалануға құқылы.
-
Қашықтан байланысу арналарын пайдалануымен Клиент қажетті құпиялылық режимін қамтамасыз еткенін, барлық қажетті, соның ішінде зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалардан қорғану үшін техникалық және бағдарламалық ресурстары бар екенін растайды.
-
Хат жазысу, Операциялар жүргізу және мәмілелер жасасу және БЕ-ге сәйкес басқа да іс-әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланылуы мүмкін.
-
Жеке талаптарды Банк өз қалауымен анықтайды және олар Банктің анықтаған уақыт кезеңінде қолданылады, бірақ БЕ-ге сәйкес шартты жасасқан сәттен анықталған талаптармен салыстырғанда Клиенттің жағдайын нашарлататын талаптарды көздей алмайды. БЕ-мен салыстырғанда Кредит желісінің Ең көп сомасының неғұрлым жоғары мөлшерін, Кредиттің және/немесе кредит желісінің неғұрлым ұзақ мерзімін, банктік қызмет көрсету қызметінің неғұрлым жоғары құнын көздейтін жеке талаптар немесе шарттардың талаптарының БЕ-де көзделмеген басқалай өзгерісін Банк Клиенттің Өтінішінде тиісті оферта болған жағдайда ғана беруі немесе БЕ-нің аясында жасалатын шарттарда көзделуі мүмкін.
-
Банктің акцепттеген Клиенттің оферталарының талаптарын Клиенттің өзгертуіне жол берілмейді.
-
Клиенттің БЕ-де көзделген шарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Банктің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
-
БЕ-ге сәйкес Банктің Клиентке жолдайтын жазбаша хабарламалары, Клиенттің оферталарын акцепттеу тәсілдерін қосқанда, Шот-көшірмеде жазылуы мүмкін немесе Банк оларды жеке құжат түрінде немесе қашықтан байланысу арналарының көмегімен, соның ішінде Клиентке SMS-хабар жолдау арқылы жолдауы мүмкін. Әр түрлі оферталарды Банк бір хабарламада акцепттей алады.
-
БЕ-де көзделген шартты жасау туралы Клиенттің офертасын акцепттеген жағдайда, Клиентке акцепт туралы хабарды жолдаған күн мен Өтініштің тіркеу нөмірі банк заемы шартының жасалған күні және, сәйкесінше, банк заемы шартының нөмірі болып табылады.
-
Банктің алған дербес деректері тарап ретінде Клиент пайда алушы немесе мүдделі тұлға болып табылатын шарттарды жасасу және орындау үшін; клиенттің құқықтары мен міндеттерінің тиісінше іске асырылуын қамтамасыз ету үшін; мәліметтерді анықтау үшін, соның ішінде алаяқтық операцияларға жол бермеу мақсаты үшін; шарттарды орындаумен байланысты ақпаратты, үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларына (адалдық бағдарламаларына) қатысатын үшінші тұлғалардың мәліметтері мен ақпаратын Клиенттің назарына жеткізу үшін; сақтандыру, почталық ұйымдарға, байланыс ұйымдарына беру үшін; мерзімі өткізілген Берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық және басқа ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға беру үшін пайдаланылады және пайдаланылуы мүмкін.
-
Банктік қызмет көрсету шарты
-
Банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке БЕ-нің осы тармағында анықталған банктік қызметті көрсетеді, ал Клиент көрсетілген қызмет ақысын төлеуге міндетті. Шарт жиырма жыл мерзімге жасалады. Клиент банктік қызмет көрсету шарты бойынша көрсетілген қызметтің ақысын Шот-көшірмеде көрсетілген мөлшерде, банктік қызмет көрсету шарты бойынша төленетін ақы түрінде төлейді. Пошта арқылы Клиентке тиісті жазбаша хабарламаның жолдануы немесе Клиенттің өзіне берілуі немесе Телефон нөмірі бойынша SMS-хабардың жолдануы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою арқылы хабарламаның жолдануы банктік қызмет көрсету шартын жасасқаны туралы Клиенттің офертасын акцепттеуі болып табылады.
-
Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қойған жағдайда, банктік қызмет көрсету шарты мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде күшіне енеді:
-
Берешек болған кезде Клиент Оңтайлы төлемді төлемейді;
-
Клиенттің Шоттарында Оң қалдықтың туындауы.
-
Банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
-
Жеке қаржы менеджерінің қызметі;
-
Электрондық банктік қызмет;
-
Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру қызметі;
-
Клиенттің жинақ шотын ашу және жүргізу;
-
Мультивалюталық қызмет көрсету қызметі;
-
Алушымен шот ашылмай ақша аударымдары қызметі;
-
БЕ-де көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де қызмет түрлері.
-
Жеке қаржы менеджерінің қызмет көрсетуінің аясында Шоттар бойынша Операцияларды жүзеге асыруға, сыйақы мөлшерлемелеріне, Банктің стандартты қызмет түрлеріне байланысты сұрақтар және өзге де сұрақтар, соның ішінде БЕ-де көзделген шарттарды орындауға байланысты сұрақтар бойынша Банктің Call Center телефонына тәулік бойы қоңырау соғу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Егер грэйс-кезеңнің талаптарында өзгеше көзделмесе, жеке қаржы менеджері қызметінің ақысы абоненттік төлем түрінде төленеді, ол айына жүз сексен мың теңгені құрайды.
-
Клиентке электрондық банктік қызмет көрсету аясында Банктің
Достарыңызбен бөлісу: |