Катализатор туралы түсінік Катализатор


Қорытынды: Ферменттердің биологиялық маңыздысы



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата13.03.2023
өлшемі71.51 Kb.
#470697
1   2   3   4   5   6
stud.kz-73305

Қорытынды:
Ферменттердің биологиялық маңыздысы 
Ферменттер деп организмде жүретін алуан биохимиялық процестерге
катализаторлар ретінде әсер ететін белоктық табиғаты бар қосылыстарды
айтады. Фермент деген атау ғалымдарға көптеген жылдардан бері белгілі
болса да, оның табиғи қасиеті соңғы жылдары ғана анықтала бастады.
Ферменттер жай және күрделі белоктарға жатады. Күрделі белоктар
түрінде құрылған кейбір ферменттердің простетикалық топтарына
витаминдер кіреді. Мысалы: флавинді ферменттердің простетикалық тобына
рибофлабин, ал кейбір декарбоксилаза (СО бөліп шығару) және
декарбоксилдеуші (СО байланыстыру) дегидрогеназа құрамына тиамин
енеді.
Ферменттердің физика-химиялық қасиеттері белоктың табиғатымен
белгіленген. Ферменттер жартылай өткізгіш мембрана арқылы
диализденбейді, тұзбен тұндыруға бейім белок тәрізді түсті және тұнба
реакцияларын береді.
Ферменттерді тұзбен тұндыру, ацетонмен фракциялау және колонкалы
хроматография әдістерімен бөліп алғанда, олар катализдік қасиеттерін
жоғалтпайды. Кристалл күйінде бөлініп алынған ферменттер өте жоғары
активті болады. Организмде реакцияларды тездетуші ферменттер белок
табиғатына байланысты, бейорганикалық катализаторлардан бірқатар
маңызды айырмашылығы бар. Ферменттер температура әсеріне бейімделгіш
әрекеті қатаң түрде тұрақты, электролит және т.б. заттардың қатысында рН
ортасына байланысты активтігі күшті өзгереді.
Жоғарыда айтылғандай барлық ферменттер белоктар табиғатына
кіретін заттардың қатарына жатады. Соған орай оның ерекше мәні бар. Өмір-
белоктік денелердің тіршілігі деген ғылыми әрі дәл айтылған тұжырымға
мектеп қабырғасында жүріп-ақ сан рет қанғанбыз. Бірақ біздер ферменттің
белоктік қасиеттерінен мүлде хабарсыз едік. Дегенмен, жаңағы бір
ғылымның тұжырымының тамыры тым тереңде жатыр. Өмірде белок
қатынаспайтын процестер жоқ болғандықтан, ғылым фермент мәселесіне
айрықша мән беріп отыр. Ферменттер тірі организмде өтіп жататын
мыңдаған биохимиялық реацияларға қатынасатын болғандықтан кей-кейде
оны "өмір кілті " деп орынды атап жүр.
Ферменттердің қандай қасиеттері бар? Енді соған тоқталайық. Оның
бірінші қасиеті химиялық реакцияны өте шапшаңдатып, тездетіп жібереді.
Мұны қарапайым мысалмен былай түсіндіруге болады. Айталық, химиктер
кез келген реакцияны тездету үшін катализаторды қолданады. Катализатор
өте аз мөлшерде пайдаланылса, фермент болар-болмас қолданып-ақ
реакцияны өте тез жүргізуге жетеміз. Мысалы катализатор әсерінен кез
келген химиялық реакциялар бір секундтай уақыт аралығында өтсе, ал
ферментті қатыстырғанда, бір секундтың оннан бір бөлігіндей-ақ уақыт
кетеді екен. Реакция қаншалықты шапшаң жүрсе бізге қажетті заттардың көп
өндірілетініне ешқандай күмән жоқ. Фермент-катализатордың осынау


қасиеті тірі организмдердің өмір сүруінде де үлкен роль атқарады. Өйткені,
осыншалықты тездеткіш қосылыс болмаса адамның денесінде болып
жататын өте қажетті сан алуан реакция аз уақытта іске аса қоймас еді. 
Осыдан миллиард жыл бұрын біздің планетамызда алғашқы тіршілік
басталған сәттерде белгілі белоктар органикалық қосылыстар жасай бастаған
болу керек. Бірақ, сол белоктар, алғашқы ферменттер пайда болып, оларды
химиялық реакцияларға түсіріп, химиялық қосылыстар жасап, зат
алмастыратын жағдайға жеткізгенше тірі жәндікке айналған жоқ.
Ферменттердің тағы бір мынандай қызық қасиеті бар. Химиялық
реакциялар кейде керісінше де жүреді. Кез келген зат жойылса, оның
құрамындағы заттар бұрынғыдай бөлініп, қосылғанға дейінгі қалпына келеді.
Ал, ферменттер осының екеуіне де қатысып, екеуін де тездете алады.
Ферменттердің бұл қасиеті клеткалар мен тканьдердің ішінде болатын
өзгерістердің механизмін білуге мүмкіндік береді. Клеткалардың ішінде
ферменттер қалай болса солай жүрмейді, тұрақты орны болады. Сонымен
қатар қажетті уақытта әр жерге ауысып отырады. Оның осындай көшіп
жүретін қасиеті тірі организмдерде болатын химиялық айналыстардың
механизмін білуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет